Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әуесқойлық

08 қаңтар 2018, Дүйсенбі
Деңгейі: _____ базалық
Сабақтың түрі: аралас
Cабақтың лексикалық тақырыбы: Әуесқойлық
Сабақтың мақсаты:
1. Тыңдалым, оқылым, жазылым, сөйлесім жаттығулары арқылы тіл үйренушілердің сөздік қоры мен тіл байлығын арттыру;
2. Жаңа сөздерді меңгерту арқылы ой - пікірін толық жеткізуге дағдыландыру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
3. Тілді үйренуге қызығушылықтарын, мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру.
Көрнекі құралдары: слайдтар, сандар, парақшалар, жұмыс дәптері, кәдесый, кувейткалар.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер, жұмыс түрлері: түсіндіру, ой қозғау, сұрақ - жауап, суретпен жұмыс, ойындар, оқылым, тыңдалым, жазылым, сөйлесім.

Cабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқытушының кіріспе сөзі.
Қайырлы күн құрметті конференцияға қатысушылар!
Менің сабағым базалық деңгейге арналған.
Сабақтың тақырыбы «Әуесқойлық» деп аталады.
І. Психологиялық жағдаят. Танысу.
- Ең бірінші өзімді таныстырғым келіп тұр.
- Менің атым Анар Қалымжанқызы.
- Ал, енді сіздермен танысайық, алдарыңызда мынадай кувейткалар тұр. Осы кувейткаларға өздеріңіздің аттарыңызды жазыңыз және аттарыңыздың басталатын әрпіне бір сын есім жазыңыз. Ол сын есім сөздердің бір жақсы қасиеттеріңізді білдіретін сөз болсын. Мысалы: Мен ақкөңіл Анармын.
- Тамаша, барлықтарыңызбен таныс болдық. Сабағымызды әр қарай жалғастырайық.

ІІ. Жаңа сөздермен танысу
- Сіздерге «Артығын тап» ойынын ұсынғым келеді. Жұмыс дәптерлеріңізді ашыңыздар. Тапсырма бойынша төрт сөз берілген, соның ішіндегі артығының астын сызыңыздар.

«Артығын тап» ойыны
1. Бор, тақта, компьютер, жапсырма
2. Терезе, әуестік, үстел, есік
3. Жинастыру, қайшы, қағаз, желім
4. Орман, тоғай, дала, топтама
5. Мектеп, ғимарат, төсбелгі, мекеме.
6. Кітап, дәптер, жинақ, өшіргіш.
7. Сәнқой, көңілшек, еріншек, әуесқой.
8. Мақтан ету, сұрақ қою, жауап беру, жазу.

Қанекей, қайсы артық? Бірінші артық сөз қандай? Келесі.... Ал, енді осы сөздерді қалай түсінеміз? (Жапсырма - наклейка, келесі, әуестік – увлечение, хобби; жинастыру – собирать; топтама – коллекция; төсбелгі - значок, жинақ - коллекция, әуесқой – увлеченный, мақтан ету - гордиться)

Өте жақсы, бәрің, дұрыс айттыңыздар. Бұл сөздер бүгінгі біздің сабағымыздың жаңа сөздері.
Осы сөздерді бекіту мақсатында. Келесі тапсырманы орындаймыз.

Берілген сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтырыңыздар.
1. Азамат «Өсімдік әлемі» тақырыбы бойынша маркаларды... жүр. (жинастырып)
2. Ол біраз уақыт... жинаумен.... (жапсырма, әуестенді)
3. Сәуленің... қанша... бар? (топтамасында, төсбелгі )
4. Айгүл өз топтамасын.... (мақтан етеді)
5. Бүгін сабақта «Менің...» тақырыбына шығарма жаздық. (әуесқойлығым)
6. Күләштің... жүзден астам төсбелгі бар. (жинағында)

ІІІ. Оқылым.
Әуесқойлық – «увлечение, хобби» деп те айтамыз. Бұл сөз 18 ғасырда неміс тілінде «ағаш ойыншық» деген мағынаны білдірген. Белгілі композитор Вольфганг Моцарт 3 жасынан музыкамен әуестенген, 4 жасында пьесалар жазып, музыкалық концерттер қойған. Швеция королі ГуставV кесте тігумен әуестенген. Арнольд Шварценеггер Hammer машинасының ойыншықтарын жинаған. Дания ханшайымы Маргарет сурет салуды жақсы көрген. Орыс патшасы Петр І күміс ақша жинаумен әуестенген.

а) Мәтінді тізбектеп оқу
ә) «Суреттер сөйлейді» тапсырмасы. Сіздер берілген суреттерді мәтін бойынша тиісті сөйлемдермен сәйкестендіресіздер.

ІV. Грамматикалық тақырып: Шығыс септігінің жалғаулары мен астам демеулігі
Сан есімге шығыс септігінің - нан - нен; - дан - ден;- тан - тен жалғаулары жалғанып бұл сөзге астам демеулігі қосылу арқылы мөлшерінен артық деген мағынаны білдіреді.
Мысалы: Жинақта он+нан астам жапсырма бар.

V. Жазылым
Тапсырма: Берілген сандарды шығыс септігінің жалғауы мен астам демеулігін қосу арқылы сөзбен жазыңыз.
1. КАЗТЕСТ жүйесі бойынша тест тапсыруға 100 мемлекеттік қызметкер қатысты. 2. Сәбира дүкеннен 50 төсбелгі сатып алды. 3. Топтамаға 220 жапсырма жиналды. 4. Гүлнәр өз топтамасындағы қызыл қызғалдақ гүлінің 90 түрі бар екенін мақтан етеді. 5. Жинаққа 60 түрлі - түсті асыл тасты бұйымдардың көшірмесі жасалды.
1. 100 –
2. 50 –
3. 220 –
4. 90 –
5. 60 –
Сергіту сәті: “Қате шыққан факс ”ойыны
Шарты: 3 - 4 адамнан тұратын 3 команда ортаға шығады. Әр команданың соңында тұрған адам жазылған дайын парақшадағы сөзді таңдайды. Сол адам алдыңғы тұрған адамның арқасына сөзді суреттейді (суретін салады) екінші адам өз алдындағы адамның арқасына түсінгені бойынша суретін салады, ал соңғы тыңдаушы не салынғанын айтуға тиіс. (Үй, гүл)

VІ. Тыңдалым. Бейнефильм
«Сіріңкеден макет жасайтын боксшы»

- Тыңдалым бойынша викторина сұрақ - жауап.
- Қолымда 5 кәдесый бар. Бұл заттарда Бурабай өңірінің суреттері бейнеленген.
- Осы заттарды кім алғысы келеді? Затты өздеріңізге алу үшін, сіздер тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап берулеріңіз керек.

1) Спортшы Бограт Григорян спорттың қай түрімен айналысады? (бокс)
2) Спортшы немен әуестенеді?(сіріңкеден макет жасаумен)
3) Шіркеу жасауға қанша уақыт кетті? (1 жыл)
4) Қазір шебердің қанша туындысы бар. (20 жуық)
5) Мәтін ішінде тақырыпқа сай қандай сөз кездеседі? (хобби)
6) Макеттің биіктігі неше сантиметр? (1 метр 40 см)

VIІ. Сабақты қорытындылау. Сөйлесім. Берілген сұраққа жауап алу арқылы сөйлесімді жүзеге асыру
Сіздер бос уақыттарыңызда немен айналысасыздар, немен әуестенесіздер?
Тыңдаушылар өздері немен әуестенетіні туралы әңгімелейді.
Үйге тапсырма: жаңа сөздерді жаттау, олармен сөйлемдер құру.

Ақмола облысы, Бурабай ауданы,
Тілдерді оқыту орталығының
Маширова Анар Қалымжанқызы
3 350
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көктем. Етістіктен өткенді қайталау
Көктем. Етістіктен өткенді қайталау
Оқушыларға лексикалық тақырып бойынша толық түсінік беру, жаңа сөздермен таныстырып, етістіктерді қайталап, жаттығу арқылы бекіту, лексикалық бірліктерді меңгерту, сабақты бекіту барысында алған білімдерін одан әрі жетілдіру, білімдерін бағалау
Мемлекеттік тіл – баға жетпес рухани байлық
Мемлекеттік тіл – баға жетпес рухани байлық
Қазақстанның болашағы қазақ тілінде жатыр. Қазақ тілі әлі бірте - бірте мемлекеттік қызметте, экономика мен өмірдің барлық саласында басымдық танытатын болады.
Менің сүйікті тағамым
Менің сүйікті тағамым
Тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктерді жүйелі меңгерту негізінде оқушыларды тілдесім әрекетіне жетелеу.
Бассейнде
Бассейнде
Модуль бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, оқушыларды тілдесім әрекетіне жетелеу.
Қазақстанның астанасы
Қазақстанның астанасы
Оқушыларға коммуникативтік бағытта берілген тапсырмаларды меңгерту, бір - бірімен қарым-қатынас дағдысы мен білігін қалыптастыру.
Cyber School in Australia
Cyber School in Australia
Петропавл қаласы Қалалық классикалық гимназияның ағылшын тілі мұғалімі Жанабергенова Х. И
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×