Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Себеп - салдар салалас сөйлемді оқыту

14 қаңтар 2018, Жексенбі
Себеп - салдар салалас сөйлемді оқыту
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға жаңа сабақты өтуде халықтық кәсіпті танытатын мысалдар, ойын түрлері арқылы меңгерту.
2. Дамытушылық: оқушыларды түрлі әдістері пайдалана отырып, арлылыққа, тез ойлауға және жүйелі сөйлей білуге баулу.
3. Тәрбиелік: өз ұлттың дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: кесте, суретті кәртішке

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеп, сабаққа бейімдеу.
Жаңа сабақ.
Себеп - салдар салаласта бір жай сөйлем екіншісінде айтылған ойдың болу себебін білдірсе, екіншісі білдіретін ой оның салдары яғни нәтижесі, қорытындысы болып табылады. Сөйтіп салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің бірі себеп мәнді де, екіншісі салдар мәнді болады. Бірде себеп мәнді жай сөйлем бұрын тұрып, салдар мәнді жай сөйлем кейін тұрса, енді бірде керісінше салдар мәнді жай сөйлем бұрын тұрып, себеп мәнді жай сөйлем кейін тұрады.
Себеп - салдар салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір - бірімен жалғаулық шылаулар арқылы да, (себебі, сондықтан, сол себепті, өйткені, неге десеңіз) жалғаулықсыз, іргелес тұрып та байланысады. Мысалы:
салдар себеп
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қырдың суы секілді тез суалар. (Абай)
Жазуда олардың айырмашылығы тыныс белгісінен байқалады, егер біріншісі себеп мәнді жай сөйлем, екіншісі салдар мәнді жай сөйлем болса, олардың арасына үтір қойылады, ал себеп мәнді жай сөйлем кейін келіп, салдар мәнді жай сөйлем бұрын тұрса, бірінші жай сөйлемнен кейін қос нүкте қойылады.
Оқушыларға түсінікті болу үшін, өзім ойдан кесте жасадым, өйткені көру арқылы оқушы есте тез сақтайды.

Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін салалас құрмаластың түрін себеп - салдар салалас деп атаймыз.
Енді оқушылардың жаңа сабақты қалай меңгергендігін байкау үшін «Кім тапқыр?» ойыны бойынша екі оқушы шығады.
себеп салдар
Оттың жалыны әзір көрінбейді, жаңа тұтанды.

салдар себеп
Жаны шығып кете жаздады, өйткені оның қолына түскен ыдыс сау қайтқан емес.
Бұл сөйлемдерді жазып болған соң, себеп - салдар салаластың жасалу жолдарын түсіндіріп шыққан оқушы тапқыр атанады. Оқушыларға жаттығу жұмысын меңгертуде «Кім бұрын жазады?» деген ойын арқылы себеп - салдар салаласқа сөйлем құрастырамыз.
Сергіту сәті. «Күлдіргі жұмбақтар» мен «ой жұмбағы».
қ. с.
Мұрынына төніп тұр, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың. (Иіс). (Бұл жұмбақ салалас құрмалас сөйлемнің қай түрі?).
Көкек өз ұясында жұмыртқа басып отырып, не туралы ойлайды?
сал.
Көкектер өздері ұя салмайды, сондықтан жұмыртқаларын басқа құстың ұясына салады деп жұмбақтың шешуін тақтаға жаздырып, себеп - салдар салаластың сондықтан деген салдар мәндес жалғаулық шылау арқылы жасалып тұрғандығын түсіндіреміз.
Төрт қайың қатар өсіп тұр. Әрбір қайыңда төрт - төрттен үлкен бұтақ бар. Әрбір үлкен бұтақта төрт - төрттен алма бар. Барлық алма саны қанша?
себ.
Бірде алма жоқ, өйткені қайында алма өспейді.
Бұл жұмбақтың шешуінде де себеп салдардың салаластың өйткені деген жалғаулық шылау арқылы салдар мәнді жай сөйлем бұрын орналасып, себеп мәндісі кейін орналасқанын анықтады. Оқушыларды үш топқа бөліп “Бәйге” ойынын ойнаттым. Қағазға жапсырылған үш тұлпардың бейнесінің астына ілінген кәртішкеге жазылған сұрақтарды үш оқушы алып, жауап береді. Кімнің жауабы толық, тиянақты болса, сол оқушы бас бәйгеге ие болады.

№ 1.
Себеп - салдар мәнді салалас құрмаластарды табыңыз.
а) Сіз менің жалақымды беріңіз, өйтпесе біз қоштасамыз.
ә) Алдарыңдағы жаяуға жетіп қалған екен, Олжабек сөзін аяқтамай тоқтады.
б) Біресе жүк батқан түйе бақырады, біресе енесінен адасқан бота боздайды.
в) Жоғары қарай өсе алмады, сонда да бұтақтары көп,

Себеп-салдар салалас сөйлемді оқыту. жүктеу
4 843
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Салалас құрмалас сөйлем
Салалас құрмалас сөйлем
Салалас сөйлем және оның түрлері жөнінде білімдерін тереңдете отырып, практикада салалас түрлерін құрмалас сөйлемнің басқа түрлерінен ажырата білуге жаттықтыру.
Себеп - салдар құрмалас (жаттығу орындау)
Себеп - салдар құрмалас (жаттығу орындау)
Себеп - салдар салаластың құрмаласу жүйесін, тыныс белгілерін, жасалу жолдарын теория - практикалық тұрғыда игерту; Ойларын жүйелі айту дағдысын жетілдіре отырып, тілдік талдауларыды жетік, дағдылы түрде талдау машықтарын тереңдету.
Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем
Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем
Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем Өзіндік оқу арқылы салалас құрмалас сөйлемдердің, ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары туралы түсінік қалыптастыруы тиіс, тілдік талдау жасауға үйренеді.
Отбасы
Отбасы
Отбасы мүшелерінің мінездері туралы сипаттайтын ережесімен таныстыру және себеп - салдар салалас құрмалас сөйлемдерді дұрыс құрастыра алуларына үйрету
Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем
Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылы №31 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебі Омарова Айгүл Байдуллақызы
Себеп бағыныңқы сабақтас
Себеп бағыныңқы сабақтас
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмағалиева Нүргүл Қайыржанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×