Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Салалас құрмалас сөйлем

02 маусым 2018, Сенбі
Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлем.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Салалас сөйлем және оның түрлері жөнінде білімдерін тереңдете отырып, практикада салалас түрлерін құрмалас сөйлемнің басқа түрлерінен ажырата білуге жаттықтыру.
Дамытушылық: Түрлі тапсырмаларды орындау негізінде оқушының жеке тұлғалық қабілетін ашу;
Тәрбиелілік: Ана тілін сүюге, қадірлеуге; адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: қайталау сабағы.
Типі: білік пен дағдыны қалыптастыру.
Көрнекіліктер: слайд, үлестірмелік карточкалар, мәтіндер.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткен материалдарға шолу жасау арқылы бүгінгі сабақты бастау;
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Адамның ойы мен пікірі сан қилы болады. Адам өз ойын жеткізу үшін құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін қолданады екен.
Бүгінгі сабағымыз – құрмалас сөйлемнің түрі – салалас құрмалас сөйлемді қайталау сабағы. Оқушылар 2 топқа бөлініп, сабақ барысында түрлі тапсырмалар орындайды

І. Қызығушылықты ояту.
І - тапсырма.
Сызбаны сөйлет.

ІІ тапсырма
І топ ІІ топ
Ыңғайлас салалас Түсіндірмелі салалас
Қарсылықты салалас Талғаулы салалас
Себеп - салдар салалас Кезектес салалас
(Анықтамалары, мағыналық түрлерін нақты мысалдармен айту.)

ІІІ тапсырма. Лекция.( Мұғалім лекцияны оқиды, оқушылар керек тұстарын жазып не есте сақтап, лекция аяқталған соң, айтып береді.)

Салалас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер сан жағынан тек екеу емес, одан да көп болуы мүмкін. Олардың арасындағы мағыналық қарым – қатынас бірыңғай болмай, әр алуан болып келеді. Мысалы: Жуырда білім сайысы болуға тиісті: не «білімділер» тобы женеді, не «алғырлар» тобы озады. Бұл сөйлем құрамында үш сөйлем бар: біріншісі соңғыларымен түсіндірмелі қатынаста, екінші мен үшінші сөйлемдер талғау мәнді қатынаста, екінші мен үшінші сөйлемдер талғау мәнді қатынаста.
Ыңғайлас салалас шылаулардың қатысуына қарай екіге бөлінетіні белгілі. Және жалғаулығы келгенде, әрі шылаулы қайталанбай бір - ақ рет келгенде жай сөйлемдер арасына үтір қойылмайды.
Себеп - салдар салаластағы жай сөйлемдердің орындарын ауыстырып айта беруге болады. Жалғаулықты себеп салдар салаласта жай сөйлемдердің қайсысы бұрын тұрғаның тыныс белгілері арқылы айырамыз. Егер себеп мәнді бұрын тұрса, үтір қойылады. Керсінше салдар мәнді сөйлем себеп мәнді ден бұрын айтылса, арасына қос нүкте қойылады.
Жалғаулықсыз қарсылықты салалас сөйлемнің баяндауыштары көбінесе антоним сөздерден және болымды, болымсыз формадағы сөздерден жасалады.
Түсіндірмелі салалас жалғаулықты шылаусыз, іргелес байланысады. Бірінші жай сөйлемінің баяндауышы сонша, сондай, соншалық деген сөздер болса, олардан кейін сызықша қойылады

ІҮ тапсырма Мәтінмен жұмыс.
(Мәтінде қанша сөйлем бар, жай сөйлем қанша, оның қай түрі, құрмалас сөйлем қанша, сөйлемдер салалас па, сабақтас па, әлде аралас па ажыратады. 1 сөйлемге синтаксистік талдау.)
І топ
Қателіктің арты өкініш.

Ғабит ауруханадан ұзақ уақыт емделіп, бүгін шыққан болатын.
Ол айналаның осындай әсем екендігін жаңа байқағандай. Әсем табиғат, сәулетті үйлер, өз шаруасымен жан - жаққа бара жатқан адамдарды жаңа көргендей таңдана қарады. Ол есірткінің әлегінен өмірден қаншалықты оқшау қалғанын, тіпті отбасынан, достарынан тым қашықтап кеткенін жаңа ғана түсініп, енді бәрі басқаша болатынына нық сеніммен, өз - өзіне уәде берді.
Ол адамның болашағы өз қолында екенін, өмірде кездесетін қиындықты шешуге болатынын және кез келген жағдайда кінәні адам өзінен іздеу қажет екенін алғаш рет түсініп, өзінің өткен өмірін ой елегінен өткізді.

ІІ топ
Сұлулық.
Адам жаны әрқашан сұлулыққа құштар, ол әдемілікті аңсайды. Адам жұлдызды аспанды тамашалайды, музыканың сазына елтиді, бидің ырғағына тербеледі, қолөнер туындыларының кереметтілігіне тамсанады. Нәтижесінде айналасын, мекендейтін тұрағын әдемілеп, сәндейді, өзінің сырт келбетіне көңіл бөледі, әрбір ісі мен әрекетін сұлуландыруға ұмтылады...
Адам сұлулықты табиғат арқылы, өнер арқылы сезіне отырып, өз өмірін сұлуландыру өз қолында екендігіне шүбә келтірмейді.

Ү тапсырма.
Семантикалық карта.
І топ

Салалас құрмалас сөйлем. жүктеу
3 137
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Салалас құрмалас сөйлемнен өткенді қайталау
Салалас құрмалас сөйлемнен өткенді қайталау
Салалас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары туралы ұғым беру. Өтілген материалдарды қайталай отырып, оқушылардың алған білімдерін жүйелеу, бекіту, алған білімдерін еске түсіру.
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салаластың жасалу жолы туралы жаңа білім беру, кезектес салаластың құрамына енген жай сөйлемдердегі іс - әрекеттің кезектесіп келетіндігін, тек жалғаулық шылаулар арқылы байланысатындығын меңгерту; ә) дамытушылық: оқушылардың білім - білік,
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлемнің өзіне тән белгілері Салалас құрмалас сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемді ажырата білу. Сабақтас құрмалас сөйлемнің компоненттерінің орналасу тәртібін білу.
Талғаулы салалас
Талғаулы салалас
Оқушылардың салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері туралы білімдерін нығайту, талғаулы салалас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын ұғындыру, өзге салалас сөйлемдерден ажырата білуге дағдыландыру. Білім - білік дағдыны қалыптастыру.
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін салалас құрмаластың түрін кезектес салалас құрмалас дейміз.
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тусупова Торғын Бекенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×