Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қаратпа сөздер. Қыстырма сөздер

22 ақпан 2018, Бейсенбі
Қазақ тілі 8 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Қаратпа сөздер. Қыстырма сөздер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқшау сөздер, олардың түрлерін түсіндіре отырып, қаратпа және қыстырма сөздерді сөйлемнен ажыратуға үйрету;
Дамытушылық: Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіріп, шешендік өнерге баулу;
Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, тіл дамыту, іздендіру
Сабақтың көрнекілігі: плакат, кеспе қағаздар, қосымша материалдар, слайд, бағалау жетондары
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Қаратпа сөздер. Сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қаратпа сөздерді қолданады. Менің ойлаған ойымның үстінен түстің, Ботагөз. Осындағы қаратпа сөз – Ботагөз. Сөздің Ботагөзге арналғанын білдіреді.
Кейде қаратпа сөз жансыз заттар да болып келеді, бұл, көбінесе көркем әдебиетте кездеседі. Мысалы, Жамбылдың өлеңге, далаға қаратып айтқаны.
Қаратпа сөз сөйлемнің басында, ортасында, соңында келе береді. Қаратпа сөз сөйлем мүшелерінен үтір арқылы ажыратылады.

Қыстырма сөздер. Өзі қатысқан сөздерге қыстырмалар сөйлеушінің көзқарасын – күмәндылықты, сенетіндікті, өкінішті, ренішті, сондай - ақ, ойдың кімнің тарапынан екендігін – білдіру үшін қолданылады.
Мысалы: Бәсе, солай болады деп айтып едім ғой. Ол, меніңше, тапсырманы орындамай келмейді. Бірінші сөйлемде бәсе сөзі сөйлеушінің ризалығын, екінші сөйлемде меніңше болжамды мағынаны білдіреді.
Қыстырма ретінде жұмсалатын сөздер: әрине, сөз жоқ, шынында, мүмкін, сірә, сонымен, сөйтіп, біріншіден, т. б.
Сөз тіркестері де, кейде жеке сөйлем де қыстырма болады. Мысалы: Аяз қарығандықтан болу керек, барлығының бет терілері қатпарланып, қопсып түсіп жүреді.
Қыстырма сөздер де сөйлемнің басында, ортасында, аяғында келе береді. Олар басқа сөйлем мүшелерінен үтірмен ажыратылады.

Жаттығумен жұмыс: Қаратпа, қыстырма сөздерге өздерің білетін ақын, жазушы шығармаларынан үзінді келтіріңдер.

Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге синтаксистік, морфологиялық талдау жүргізеді.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1. Оқшау сөздер дегеніміз не?
2. Оқшау сөздер нешеге бөлінеді?
3. Оқшау сөздерге қандай тыныс белгілері қойылады?
4. Қаратпа сөз дегеніміз не?
5. Қыстырма сөздерге мысал келтір

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: Оқшау сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлемдер жазып келу.
3 107
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оқшау сөздер
Оқшау сөздер
Оқшау сөздің түрлері қаратпа, қыстырма, одағай сөздер туралы жан - жақты мағлұмат беру, жай сөйлемдерге оқшау сөздерді қосып қолдана білуге үйрету, сөйлемдегі сөздерді сатылай кешенді технологиясы арқылы талдай білуге машықтандыру;
Жай сөйлемнің түрлері (күнделікті сабақ жоспарлары)
Жай сөйлемнің түрлері (күнделікті сабақ жоспарлары)
Жай сөйлемнің құрылысы және көлемі әрқашан бір сипатта бола бермейді. Далба тауында атақты Бұқар жырау күмбезі бой көтерді.(Ә. Кекіл.) деген сөйлемде тұрлаулы мүшелері (күмбезі бой көтерді) түгел қатысып тұр.
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері (күнделікті сабақ жоспарлары)
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері (күнделікті сабақ жоспарлары)
Бірыңғай мүшелер жалғаусыз да, жалғаулықтар арқылы да (мен, да, және, әрі, я, не, немесе) байланысады. мысалы: Арба да, дөңгелектер де, адамдар да қызғылт шаңның ішінде. Жалғаулық шылаулар қайталанбай бір – ақ рет келсе, арасына үтір қойылмайды.
Бұйрықты сөйлем (күнделікті сабақ жоспары)
Бұйрықты сөйлем (күнделікті сабақ жоспары)
Біреуге бұйыру не бірдеңені талап ету мақсатымен айтылатын сөйлемдерді бұйрықты сөйлем дейміз. Бұйрықты сөйлемдер бұйыруды, іске қосуды, кеңес беруді, жалынуды, тілек - өтінішті білдіреді.
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Оқшау сөздерді қайталау
Оқшау сөздерді қайталау
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Шаховское селосы, Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Рияпова Толқын Алпысбайқызы Бұл сабақ 8-сыныпта оқшау сөздерді толық талдап шығуға арналаған. Оқшау сөздерді сөйлем ішінде оңай тауып алуға, қандай
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×