Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бұйрықты сөйлем (күнделікті сабақ жоспары)

26 қыркүйек 2016, Дүйсенбі
Қазақ тілі пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар, 8 сынып
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 8 сынып.
Тақырыптар:
6. Бұйрықты сөйлем
7. Сөйлем мүшелері
8. Тұрлаулы мүшелер
9. Бастауыш
10. Баяндауыш


Сабақтың тақырыбы: Бұйрықты сөйлем
Сабақтың мақсаты:
а) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Сөйлеу тілін жетілдіре отырып, шешендік өнерге баулу.
ә) Оқушылардың ойын кеңейтіп, тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мен мақал - мәтелдер, нақыл сөздер үйрену.
б) Оқушылардың бойына әдептілік, инабаттылық, қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, тіл дамыту
Сабақтың көрнекілігі: плакат, деңгейлік тапсырмалар т. б
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
1. Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
2. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
3. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
4. Лепті сөйлем дегеніміз не?

б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Біреуге бұйыру не бірдеңені талап ету мақсатымен айтылатын сөйлемдерді бұйрықты сөйлем дейміз. Бұйрықты сөйлемдер бұйыруды, іске қосуды, кеңес беруді, жалынуды, тілек - өтінішті білдіреді. Бұйрық мәнін беретін - дауыс ырғағы және баяндауыш тұлғалары. Мысалы: Үйден шықпаңдар! Отты байқап отырсын.

Кітаппен жұмыс: 28 - жаттығу. Мәтіннен бұйрықты сөйлемдерді тауып, жасалу жолдарына талдау жасаңдар

Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге синтаксистік, морфологиялық талдау жүргізеді.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: Үйге «Менің борышым» атты тақырыпта шағын шығарма жазып келуге беремін.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
4 115
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Омоним сөздердің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы
Омоним сөздердің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы
Оқушылардың шығармашылықты жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін арттыру Оқушылардың ойын кеңейтіп, тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал - мәтелдер, нақыл сөздер үйрету.
Қаратпа сөздер. Қыстырма сөздер
Қаратпа сөздер. Қыстырма сөздер
Оқшау сөздер, олардың түрлерін түсіндіре отырып, қаратпа және қыстырма сөздерді сөйлемнен ажыратуға үйрету; Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіріп, шешендік өнерге
Жай сөйлемнің түрлері (күнделікті сабақ жоспарлары)
Жай сөйлемнің түрлері (күнделікті сабақ жоспарлары)
Жай сөйлемнің құрылысы және көлемі әрқашан бір сипатта бола бермейді. Далба тауында атақты Бұқар жырау күмбезі бой көтерді.(Ә. Кекіл.) деген сөйлемде тұрлаулы мүшелері (күмбезі бой көтерді) түгел қатысып тұр.
Бұйрық рай (күнделікті сабақ жоспары)
Бұйрық рай (күнделікті сабақ жоспары)
Бұйрық рай іс - әрекеттің тыңдаушыға я бөгде біреуге қаратылып, бұйыра, талап, тілек етіле айту мағынасын білдіреді. Мысалы: Тыңда, дала, Жамбылды! Бір жаққа қаратылып, қимылдың іс - әрекеттің орындалуын талап ету мағынасын білдіретін етістіктің рай
Сын есімнің түрленуі. Күнделікті сабақ жоспары
Сын есімнің түрленуі. Күнделікті сабақ жоспары
Өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету, өз ойын еркін жеткізуге баулу, жылдам жауап беруге дағдыландыру, тіл, сөйлеу тілдерін жетілдіру, сөйлеу машықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу, ойлау қабілеттерін, сөздік
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×