Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құрмалас сөйлем

25 наурыз 2018, Жексенбі
Құрмалас сөйлем
Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді.

Салалас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысады.
● Жасалу жолдары
Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара екі жолмен байланысады:
1. Мағыналарының жақындығына қарай іргелес тұрып, интонация арқылы байланысады.
● Мысал: Биыл қыс суық болды, бірақ қар аз жауды. Ол кітаптарын жоғалтып алған еді, сондықтан оның бүгін мазасы болмады.

Сабақтас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, екінші сөйлемге бағына байланысады.
Бағыныңқы, басыңқы
● Жасалу жолдары
Бағыныңқысының баяндауышының негізгі жасалу жолдары:
Шартты рай - са, - се
Көсемше - а, - е, - й,- ып, - іп, - п;
- ғалы, - гелі, - қалы, - келі
Есімше - ған, - ген, - қан, - кен, - дықтан, - діктен, - мен, - ша, - ше, - да, - де
Болымсыз етістік - ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе;
- й, - йынша, - йінше, - стан, - стен.
● Мысал: Биыл қыс суық болғанмен, қар аз жауды.
Кітаптарын жоғалтып алғандықтан, оның бүгін мазасы болмады.

Аралас құрмалас сөйлем
Кемінде үш сөйлемнен құралып, бір - бірімен салаласа да, сабақтаса да байланысады.
● Жасалу жолдары
Құрамындағы үш жай сөйлемнің біреуінің баяндауышы тиянақсыз болады да, қалған екеуінің баяндауыштары тиянақты болып келеді.
● Мысал: Ол үйге келсе, Омар жоқ екен, сондықтан кері қайтуға тура келді.

Құрмалас сөйлем. жүктеу
54 035
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтас құрмалас жайлы мәлімет беру. Сабақтас құрмалас сөйлемдегі бағыныңқы мен басыңқысын ажырата білу және жаттығулардан таба алу. Сабақтас құрмаластың жасалу жолдарының ерекшелігін анықтау.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері. Шартты бағыныңқылы сабақтас
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері. Шартты бағыныңқылы сабақтас
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері және жасалу жолдары ұғымын меңгерту. Оқушылардың бұрыннан бар білімін жаңа біліммен байланыстыра алуына қажетті логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру, грамматикалық сауаттылықты дамыту.
Сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтас құрмаластың құрамындағы бірінші сөйлемнің баяндауышы тиянаақсыз тұлғада келетіндіктен, ол өз бетімен жеке сөйлем бола алмай, келесі жай сөйлемге бағына байланысады.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері. Шартты бағыныңқылы сабақтас
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері. Шартты бағыныңқылы сабақтас
Атырау қаласы, №32 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бернияшова Мөлдір Жұмабайқызы
Аралас құрмалас сөйлем
Аралас құрмалас сөйлем
Қызылорда қаласы. № 267 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күнтуарова Ақмарал Амангельдықызы
Сабақтас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары
Ақтөбе қаласындағы №34 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Туребаева Гүлмира Құспанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×