Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сайын Мұратбеков «Қылау» әңгімесі, Сатай мен Рабиға бейнесі

06 сәуір 2018, Жұма
Сабақтың аты: Қазақ әдебиеті 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сайын Мұратбеков «Қылау» әңгімесі, Сатай мен Рабиға бейнесі
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға көркем шығарманы оқыту арқылы әңгіменің мазмұнын ашу, кейіпкерлер бейнесін жан - жақты аша білу.
ә) дамытушылық: оқушылардың өзіндік пікірін қалыптастыру, жазбаша тіл байлығын дамыту.
б) тәрбиелік: кейіпкерлердің әрекеті арқылы адамгершілікке, шынайы достыққа және мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: талдау, салыстыру, іздендіру, шығармашылық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, портрет, бағалау дөңгелекшелері.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, география, тарих.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Сыныпты түгендеу, сынып журналына тіркеу.
- Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ. "Ұшқыр ойдан - ұтымды жауап" /үй тапсырмасын тексеру кезеңі/
1. Сайын Мұратбеков қай жылы дүниеге келген?
2. Жазушының туған жері?
3. Жазушының басқа қандай әңгіме, повестері бар?
4. "Қылау" әңгімесінің негізгі тақырыбы?
5. Жазушы шығармаларында қай жылдардағы оқиғалар суреттеледі?
6. Қылау дегеніміз не?

ІІІ. Әңгіменің композициялық құрылымы.
Оқиғаның басталуы
Ұйқы құшағындағы Сатай.
Оқиғаның байланысы
Әке тапсырмасы.
Оқиғаның дамуы
Сатайдың Рәбиғамен кездесуі
Шиеленісі
Балалар арасындағы әңгіме.
Шарықтау шегі
Сатайдың қорқынышы
Шешімі
Рәбиғаның сыйлығы.

Сөздікпен жұмыс:
Қылау – қыста сілбіреп жауатын ұлпа, майда қар.
Шәугім – су қайнататын темір ыдыс.
Ішік – қазақтың ұлттық киімдерінің бірі, оны әр түрлі аң терілерінен тігеді, сырты матамен тысталады.
Зират – дүниеден өткен адамдардың жатқан жері.

Сайын Мұратбеков «Қылау» әңгімесі, Сатай мен Рабиға бейнесі. жүктеу
2 286
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сайын Мұратбеков «Қылау» әңгімесі
Сайын Мұратбеков «Қылау» әңгімесі
Көрнекті жазушы С. Мұратбеков туралы түсініп оқуға, көркем шығарманы оқыту арқылы әңгіменің мазмұнын ашу, кейіпкерлер бейнесін жан - жақты аша білу.
С. Мұратбеков «Қылау»
С. Мұратбеков «Қылау»
Павлодар қаласы, №19 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Каденова Ж.Ж.
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесін талдау
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесін талдау
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы, №14 жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сундетбаева Оразгул Ибрайымовна
Әдебиеттен қысқа мерзімді жоспар (6 сынып)
Әдебиеттен қысқа мерзімді жоспар (6 сынып)
Астана қаласы, № 8 орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Тоқтамысова Арай Тоқтамысовна
Сайын Мұратбеков «Жусан исі» әңгімесі
Сайын Мұратбеков «Жусан исі» әңгімесі
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қаракемер мектеп - балабақшасы тәрбиешісі: Әбдібаева Ырысгүл
С. Мұратбековтің “Қылау ” әңгімесіндегі Сатай мен Рабиға бейнесі
С. Мұратбековтің “Қылау ” әңгімесіндегі Сатай мен Рабиға бейнесі
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Сарыарқа ауылы, «Сарыарқа жалпы білім беретін орта мектеп»КММ Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Тулебаева Асемкул Жумадиллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×