Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


С. Мұратбековтің “Қылау ” әңгімесіндегі Сатай мен Рабиға бейнесі

24 наурыз 2014, Дүйсенбі
Сабақтың тақырыбы: С. Мұратбековтің “Қылау ” әңгімесіндегі Сатай мен Рабиға бейнесі
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Әңгіме мазмұнына талдау жасай отырып, Сатай мен Рабиға бейнесін ашу.
ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
б) тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: талдау, суреттеу, салыстыру, сұрақ - жауап, топпен жұмыс, Венн диаграммасы, бекіту тест, СТО технологиясының элементтері.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиет, бейнелі суреттер, слайд, бүктемелер.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Кезекші мәлімдемесі
3. Журнал бойынша түгелдеу
4. Жаңа сабаққа дайындық
ә) Үй тапсырмасын сұрау.
1. С. Мұратбековтің өмірі, шығармашылығы жайлы сұраймын.
2. С. Мұратбеков кім?
3. С. Мұратбековтің қандай шығармаларын білесіңдер?
4. «Қылау» әңгімесі не жайлы жазылған?
5. Басты кейіпкерлері кімдер?

Жаңа сабақты түсіндіру.
«Қылау» әңгімесіндегі Сатай мен Рабиға бейнесін ашу
Жоспар:
1. «Кемедегінің жаны бір».
2. Қасқырды көргендегі қарбалас.
3. Білген сайын келеді, біле бергім...(Тест)

«Достық – теңдік, өзара ұғынысу және құрмет тұту»
Аристотель
“Қылау” әңгімесінде балалардың мінез - құлқы мен іс - әрекеттеріндегі адамдық, сезімталдық, бауырмалдылық қасиеттер суреттеледі.
Сайын шығармаларының басты тақырыбы – адамгершілік, жан дүниесінің сұлулығы”.
Сағат Әшімбаев

*ҚЫЛАУ - себелеп, ұшқындап түсетін жұқалаң ұлпа қар.
*ҚЫЛАУ – ауадағы су буынан немесе салқын тұман тамшыларынан түрлі заттар бетіне, ағаш бұтақтарына қататын мұз қабығы.

І. Қызығушылықты ояту.
Сыныпты екі топқа бөлу.
1 - топ. «Бірлік»
2 - топ. «Достық»
Топтық тапсырмалармен таныстыру.
Сұрақ – жауап.
1 - топ тапсырмасы:
1. Таң азанғы әке даусы Сатайдың құлағына неліктен жағымсыз естілді?
2. Әке ақылы Сатайды неге ызаландырды, сендер де ересектердің ақыл сөзін солай қабылдайсыңдар ма?
3. Өлім мен өмір туралы Сатайдың ойлауына не түрткі болды, ол ненің белгісі деуге болады?
4. Қылау деген не, оны қалай түсінесің?
5. Сатайдың балаң мінезін, аңғырттығын, үстірт түсінігін мәтіннен мысал келтіре отырып ( сабақ, мектеп ережесі, мұғалім туралы ) дәлелдеңдер.
2 - топ тапсырмасы:
1. Сатайдың сезімталдығы мен жайдарылығы, қайырымдылығы оның қандай әрекеттерімен байқалады?
2. Рабиғамен келе жатып қасқырды көргенде Сатайдың айғайға басуы, оның батырлығы ма, мақтаны ма, не деуге болады?
3. Орынсыз мақтауды сүймейтіндігіне Сатайдың қай әрекеті дәлел?
4. Сатай Рабиғаға деген алғашқы балаң сезімін қалай білдіреді, оның үлгілі жағы неде?
5. Сатай жолдан қандай сезіммен оралды, ойларыңды мәтіннен мысал келтіре отырып дәлелдеңдер.

ІІ. Мағынаны ажырату.
1 - топ.
Венн диаграммасы. Рабиға мен Жанардың бейнесін салыстыр.
Рабиға Сыпайы қыз, білімді, ақкөңіл, мінезі ашық, көпшіл
Ортақ - Досқа адал, адамгершілікті жоғары қояды, қарапайым, ақылды, әдемі қыздар
Жанар - Әдепті, мейірімді, турашыл

Сабақтың қорытындысы:
1. Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.
2 - топ. Қожа мен Сатайдың бейнесін салыстыру.
Қожа - арам пиғылы жоқ, ашық, ақкөңіл, бұзық
Ортақ - арам пиғылы жоқ, адал, батыл, жалқау балалар
Сатай - мейірімді, батыл, ашық жарқын, мақтаншақ

Сатай мен Рабиғаға мінездеме бер.
1 - топ:
САТАЙ – жалқау, жанашыр, қорқынышын, арам, пиғылы жоқ, жеңе біледі, адал, мейірімді, ақкөңіл, батыл, мақтаншақ
2 - топ:
РАБИҒА – өнерлі қыз, қарапайым, өзіндік ойымен бөліседі, досқа адал, көпшіл, ақкөңіл, үздік оқушы

Кітаппен жұмыс
1 - топ.
1. Пейзаж дегеніміз не?
2. Мәтіннен пейзажды тапқызу.
2 - топ.
1. Диалог деген не?
2. Рабиға мен Сатай арасындағы диалогты тауып, оқы.

ІІІ. Ой - толғаныс.
Адамгершілік – асыл қасиет.
IV. Мақал – мәтелдер.
(Бүгінгі сабаққа байланысты мақал - мәтел айту)
1. Оқи берсең көзің ашылады,
Отыра берсең жалқаулық басынады.
2. Өнерлі өрге жүзеді,
Өнерсіз шөлге жүзеді.
3. Ақылды қыз білімге жүгірер,
Ақылсыз қыз сөзге ілігер.
4. Киім суықтан сақтайды,
Әдептілік ұяттан сақтайды.
5. Атаға қарап ұл өсер.
6. Кітап - білім бұлағы.
«Cуреттер сөйлейді» стратегиясы.
Оқушылар әңгіме бойынша салған суреттерін қорғайды
V. Бекіту тест сұрақтары:
1 - топ сұрақтары
1. С. Мұратбековтің “Қылау” әңгімесінде Cатай Рабиғадан қандай кітап алды?
А) Қазақ әдебиеті Ә) Геометрия Б) алгебра В) «Қан мен тер»
2. C. Мұратбековтің алғаш әңгімесі қай жылы жарияланды?
А) 1952Ә) 1973 Б) 1954В) 1964
3. С. Мұратбековтің шығармаларын ата.
А)“Балықшы әні”,“Туған жер” Ә)“Қос шалқар”,“Оянған өлке”
Б)“Ауыл оты”,“Дос іздеп жүрмін” В)“Әпке”,“Дермене”
2 - топ сұрақтары
1.- Әне, қасқырды қара!- деп айғайлап жіберді. Кімнің сөзі?
А) Садақ Ә) Сатай Б) Есікбай В) Аян
2. С. Мұратбеков Мәскеудегі М. Горький атындағы институтты қашан бітірді?
А) 1973Ә) 1971 Б) 1982 В) 1961
3. Сатай Рабиға кетуге ыңғайланғанда қандай сұрақ қойды?
А) Сен жақсы оқисың ба? Ә) Сен өлімнен қорқасың ба?
Б) Қасқырды көргенде қорықтың ба? В) Сен қай мектепте оқисың?

VI.«Жүректен жүрекке» топ мүшелерінің бір – біріне тілек айтуы.
VIІ. Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма: Шығарманы оқып, мазмұнын әңгімелеп келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
30 533
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Балықшылар әңгімесіндегі табиғат апатымен арпалыс (Қан мен тер трилогиясынан үзінді)
Балықшылар әңгімесіндегі табиғат апатымен арпалыс (Қан мен тер трилогиясынан үзінді)
Ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой - пікірін қалыптастыру.
Сайын Мұратбеков «Қылау» әңгімесі
Сайын Мұратбеков «Қылау» әңгімесі
Көрнекті жазушы С. Мұратбеков туралы түсініп оқуға, көркем шығарманы оқыту арқылы әңгіменің мазмұнын ашу, кейіпкерлер бейнесін жан - жақты аша білу.
Сайын Мұратбеков «Қылау» әңгімесі, Сатай мен Рабиға бейнесі
Сайын Мұратбеков «Қылау» әңгімесі, Сатай мен Рабиға бейнесі
Сайын Мұратбеков «Қылау» әңгімесі, Сатай мен Рабиға бейнесі Оқушыларға көркем шығарманы оқыту арқылы әңгіменің мазмұнын ашу, кейіпкерлер бейнесін жан - жақты аша білу.
Әбдіжәміл Нұрпейісов «Балықшылар»
Әбдіжәміл Нұрпейісов «Балықшылар»
Ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой - пікірін қалыптастыру.
Әдебиеттен қысқа мерзімді жоспар (6 сынып)
Әдебиеттен қысқа мерзімді жоспар (6 сынып)
Астана қаласы, № 8 орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Тоқтамысова Арай Тоқтамысовна
Сайын Мұратбеков «Жусан исі» әңгімесі
Сайын Мұратбеков «Жусан исі» әңгімесі
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қаракемер мектеп - балабақшасы тәрбиешісі: Әбдібаева Ырысгүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×