Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» романы, кейіпкерлер бейнесі

25 ақпан 2021, Бейсенбі
Қазақ әдебиеті 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романы, кейіпкерлер бейнесі
Сабақтың мақсаты:
білімділік: романдағы кейіпкерлер бейнесін ашу арқылы оқушыларға романның мазмұнын, идеясын, тақырыбын ұғындыру; «Ұлпан» романының қазақ прозасының ішіндегі ана бейнесін жасаудағы шоқтығы биік өнер туындысы екенін таныту.
дамытушылық оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, шығармашылыққа баулу, басты кейіпкерлер өмірде болғандығын, оның тарихи типтік образдарын өзара кеңесе отырып, жеке және топтық жүйеде талқылау жұмысына үйрету, оқушыларды проблемалық сұрақтарды шешуге баулып, логикалық ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін, әдеби тілін дамыту.
тәрбиелік асылдың сынығындай ардақты, киелі тарихи адамдардың бейнесін тани білуге баулу, Ұлпан ананың бойындағы жақсы қасиеттерді дәріптей отырып, үлгі ету, мейрімділікке, ананы сүюге, оқушыларды адамдық рухани қасиеттерді қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: диалогтік әдіс, сұрақ,,,, жауап, топтастыру, салыстыру, “Мозайка” әдісі, “Детальқос” әдісі, “Әдеби көкпар” ойыны, семантикалық карта, кубизм тәсілі, “Венн диаграммасы” т. б.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа сай әдеби кітаптар, рефераттар, плакаттар, слайдтар, сөзжұмбақтар, кубик, т. б.
Сабақтың түрі: шығармашылық - ізденіс сабағы
Сабақтың типі: жаңа білімді бекіту
Пәнаралық байланыс: тарих, география

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу, кезекші мәліметін тыңдау, сынып тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, назарларын сабаққа аудару.
2. Кіріспе: Өресі биік өнер иесі, әдебиетке 20 - жылдардың екінші жартысында келген жазушы Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтың қаламынан туған бірнеше шығармаларымен, мазмұнымен, тақырыбымен танысып келдік.
Ғ. Мүсірепов өз шығармашылығында аяулы, асыл, қасиетті аналар образын бейнелеуге ерекше назар аударған суреткер жазушы. Ғ. Мүсіреповтың шығармалары қандай тақырыптарға арналады?
Жауап: Отан, туған жер, өнідіріс, табиғат, махаббат, ерлік.
Ана, әйел тақырыбында: “Өлімді жеңген ана”, «Ер ана», Ақлима, «Ананың анасы», «Ұлпан», «Ананың арашасы».
«Ұлпан» романын қысқаша қайталау мақсатында «Деталь қос» ойынын жүргізу. (Ұлпан....)
“Мозайка” әдісі бойынша оқушыларға жасырынған суретті дұрыс құрастыру арқылы өз топтарын табу, топ ережесімен таныстыру. (“Есеней” және “Ұлпан” тобы) Бүгінгі сабақ тақырыбымен таныстырып, «Ұлпан» романындағы кейіпкерлерді талдап, кім екендерін танитынымызды ескертемін.
Қандай кейіпкерлерді білеміз? (Ұлпан, Есеней, Еменалы, Артықбай, түркпен Мүсіреп, аңшы Мүсіреп, Торсан, Шынар, Жәуке, Несібелі, Біжікен, т. б.)

II Үй тапсырмасын тексеру
“Ұлпан” романын оқу, сюжеттік жоспар құру.
Сюжеттік жоспар:
1. Қалың Керей - Уақтың билігін қолында ұстаған - Есеней мен Артықбай батырдың достығы, Есенейдің Артықбайдың үйіне келуі.
2. Ұлпанды құтқаруы.
3. Ұлпанды айттыруы.
4. Той қамы, Есенейдің билік құруы.
5. Ел қарызын өтеуі.
6. Орыс үйіне келуі, тіршілік бейнесі.
7. Есенейдің құлауы, Ұлпанның Ақнар атануы, айналасы он - он бес жылда Ұлпан дүйім елді билейтін ақылды ана болады.
8. Қорлыққа шыдай алмаған – Ұлпан.
9. Ұлпанның қарғысына ұшыраған - Торсан

«Ұлпан» романы 3 бөлімнен, 24 тараудан тұрады. «Ұлпан» романында негізгі қосалқы, үлкенді кішілі тоқсанға жуық кейіпкер бар. Шығарманың оқиғасы XIX ғасырда қазақ даласында болған тарихи шындықтарға негізделген. Романның Ұлпан, Есеней, Мүсіреп, тәрізді кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Романның атына лайық, оның ең басты кейіпкері - Ұлпан. Ұлпан - романтикалық характер. Ұлпандай тарихи адам өмірінің тарихи шындығын жазушы асқан дәлдікпен суреттеп, өз ортасынан оқшау шыққан адам екенін көрсетіп, қаһармандық қасиеттерімен әрлейді. Батырдың ерке қызы шаңырақтың берекесі, үйдің киесі болып, жоқты бар, азды көп етіп отырады. Он саусағынан өнер тамған Несібелі ананың ұяда берген тәрбиесінің арқасында Ұлпанға тек Есеней ғана емес, бүкіл ел қызығып, сүйсінген. «Ұлпан» романын жазудан бұрын жазушы 1941 жылы Қызылжардан Қожабай көлінің маңындағы Лебяжі теміржол станциясына алып келеді. Осы станция Сибан зиратының маңынан өткен екен. Сол кезде зират аралап жүріп Исахмет молдаға кездеседі… Қазірде бұл “Ұлпан” станциясы деп аталады екен. 1974 жылы роман дүниеге келеді. Романда 100 жылдық тұрмыс суреттеледі.
Негізгі оқиға желісі: Ұлпанның ақылдылығы арқасында бүкіл Сибан елінің ел қатарына қосылуы. Ұлпанның ерен еңбегі, ақылды жомарттығының арқасында ел анасы атанып, дүниеден бақытсыз болып өтуі.

III Жаңа сабақ
А) Жаңа сабақты өрбітуге кубизм тәсілін қолданамын. Оқушының көзқарасы мен өз пікірін қорғау шеберлігі есепке алынады.
1. Суреттеңіз: романға сатылай кешенді талдау жаса
(Шығарманы сатылай кешенді талдау:
Шығарманың аты: «Ұлпан» романы
Шығарманың авторы. Ғ. Мүсірепов
Шығарманың тақырыбы: ХІХ ғасырда қазақ даласында болған тарихи шындықтар суреттеледі.
Идеясы: қазақ әйелдерінің бойындағы парасаттылық пен көрегендікті, мейірімділік пен шыдамдылықты, жарына, еліне деген сүйіспеншілікті, ұрпақ тәрбиесін бекем ұстанған асыл аналарды дәріптеген.
Жанры: проза (роман)

2. Салыстырыңыз: 20 - жылдарда жазылған ана, әйел бейнесі көрінетін шығармалар мен «Ұлпан» романын салыстырыңыз. (М. Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Ұлжан ана мен Ұлпан бейнелерінің ерекшеліктері мен ортақ қасиетін анықтау.

Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» романы, кейіпкерлер бейнесі. жүктеу
103 454
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғ. Мүсіреповтың «Боранды түнде» әңгімесі
Ғ. Мүсіреповтың «Боранды түнде» әңгімесі
Шығарманың мазмұнын меңгереді, өз пікірін қорғайды, салт - дәстүрдің мәнін түсінеді, пікір алысады, талдайды, кейіпкерлер бейнесін жинақтайды;
Ғ. Мүсіреповтың «Боранды түнде» әңгімесі
Ғ. Мүсіреповтың «Боранды түнде» әңгімесі
Шығарманың мазмұнын меңгереді, жоспар құрады, тақырыбын ұғынады, кейіпкерлер бейнесін ашады, өз пікірін қорғайды, салт - дәстүрдің мәнін түсінеді, пікір алысады, талдайды, кейіпкерлер бейнесін жинақтайды, қорытынды жасайды;
Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романынан үзінді
Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романынан үзінді
Ғ. Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылық жолы туралы түсінік беру. «Ұлпан» повесінің тақырыбы мен идеясын түсіндіру
Қысқа мерзімді жоспарлар
Қысқа мерзімді жоспарлар
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы, Ж.Досмұхамедов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп - балабақша кешенінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тулегулова Әсем Махамбетқызы
Ел анасы – Ұлпан
Ел анасы – Ұлпан
Ғабит Мүсіреповің “Ұлпан”шығармасы арқылы ұлт анасының бейнесін ашу.
Ғабит Мүсірепов шығармашылығындағы ана, әйел тақырыбы. «Ұлпан» романындағы Ұлпан образы
Ғабит Мүсірепов шығармашылығындағы ана, әйел тақырыбы. «Ұлпан» романындағы Ұлпан образы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің психологі Сейітова Гүлзада Пернебекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×