Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жыл мезгілдері

05 ақпан 2012, Жексенбі
Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері
Мақсаты: 1. Білімділігі: Жыл мезгілдері туралы жалпы түсінік беріп, оларды бір - бірінен ажырата білу және екітілділік принциптерді қолдана отырып, жаңа тақырыпты кеңінен таныту;
2. Тәрбиелігі: Қоршаған ортаны қорғай білуге, тілді құрметтеуге, сауатты әрі көркем жазуға тәрбиелеу;
3. Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, жүйрік ойлау қабілеттерін дамыту;

Көрнекілігі: Интерактивті тақта
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Қазір қай ай?
2. Аптаның қай күні?
3. Қай мезгіл?
4. Қыркүйек қай жыл мезгіліне жатады? Күз.
5. Тағы басқа қандай жыл мезгілдері бар? Қыс, жаз, көктем, күз.

ІІІ. Жаңа сабақ
Ендеше, сабағымыз жыл мезгілдеріне байланысты болмақ.
Осыған байланысты мынадай аңыз бар екен.
Ерте – ерте ертеде атақты Жыл атасының Қыс, Күз атты екі ұлы және Көктем, Жаз атты екі қызы болыпты.
Балалары өсіп, ер жеткен соң оларды жиып алып Жыл атасы былай депті:
Балаларым, сендер үлкен азамат болдыңдар, ақылдарың толды. Енді барып халыққа қызмет етіңдер.
Төрт мезгілді үш – үштен бөліп алып, кезекпен ұш айдан өз міндеттеріңді атқарыңдар депті. Бірақ бір ескертерім; Әрқашан халық үшін, адам үшін жұмыс істейтіндеріңді ұмытпаңдар, - деді. Осыдан бастап, үш айдан тұратын төрт жыл мезгілі пайда болыпты.
Осы жыл мезгілдеріне арнап көптеген ақындар өлең шығарған. Солардың бірі Абай атамыз. Абай Құнанбаев туралы бұрын естігендерің бар ма? Ол кім? Ұлы ақын, аудармашы, біздің жерлесіміз.

Интерактивті тақтамен жұмыс.
Тақтада Абайдың жыл мезгілдеріне арнаған өлеңдері.(слайд)
Оқушылар өлеңдерді оқып, қай жыл мезгіліне арналғанын анықтайды.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды
Үсті – басы ақ қырау түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Жаздыкүн шілде болғанда,
көкорай шалғын бәйшешек
ұзарып өсіп толғанда.

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Суретпен жұмыс.
Тақтада жыл мезгілдеріне байланысты суреттер. Суреттерге қарап оқушылар әңгіме құрайды.
Мәтінмен жұмыс
Сөздікпен жұмыс
Мәтіннен синоним, антоним сөздерді табу. Дәптерлеріне жазғызу.
Қар жауады
Аяз болады
Көктеу – тігу, шығу: вышивать, зеленеть

Бір жылда он екі ай, төрт мезгіл бар. Әр мезгіл үш айдан тұрады. Олар қыс, көктем, жаз, күз. Қыста қар жауып, аяз болады. Бірақ жаздың өз қызығы бар. Адамдар шана, шаңғы тебеді, жаңа жыл мерекесін тойлайды.
Көктемде қар еріп, күн жылынады. Ағаштар бүршік жарып, жер беті көктей бастайды. Жыл басы Наурызды қарсы аламыз. Жазда күн ыстық болады. Біз жазғы демалысқа шығамыз. Суға шомыламыз. Серуенге шығып, жеміс – жидек тереміз.

Әр мезгіл -------------- каждое время года
Аяз --------------------- мороз
Өз қызығы ------------ веселье
Шаңғы ----------------- лыжи
Тойлайды ------------- празднует
Бүршік жарып -------- набухают почки

Сабақты бекіту
«Қай түсті таңдайсың» ойыны
Үйге тапсырма
1. Мәтінді мазмұндау
2. Сөздерді жаттау
Оқушыларды бағалау
20 047
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ертегі. Жыл мезгілдері туралы
Ертегі. Жыл мезгілдері туралы
Ерте, ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде Ақ жайықтың жағасында еліне елеулі, халқына қалаулы, бір домалақ ана өмір сүріпті. Сол анадан тараған төрт қыз бар екен
Табиғат ерекшеліктері (жыл мезгілдері)
Табиғат ерекшеліктері (жыл мезгілдері)
Жыл мезгілдері туралы түсінік беру, оларды ажырата алуды үйрету Ойлау, есте сақатау қабілеттерін дамыту
Алтын күз
Алтын күз
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт - Шевченко қаласы, МКҚК «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі Раушан Сисенбаева
Тіл дамыту
Тіл дамыту
ШҚО, Аягөз ауданы, Қосағаш ауылы, «Ш. Уалиханов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Мукатаева Айнаш Ораловна
Көктем сәні
Көктем сәні
Жалпы мақсаты • Оқушыларға ертегі мазмұнын айту арқылы, көктем сәні, көктем белгілерін анықтату. • Ертегіні оқи отырып, ой - өрісін, тілін, сөздік қорларын дамыту. • Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, табиғатты сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Алтын күз
Алтын күз
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы Шаховское орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Жанмұқанова Сәбмра Жасұланқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×