Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


М. Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» атты жыры желісімен жасалған мектептің жоғарғы сынып оқушыларына арналған сахналық қойылым

30 қазан 2018, Сейсенбі
М. Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» атты жыры желісімен жасалған мектептің жоғарғы сынып оқушыларына арналған сахналық қойылым.

1 - КӨРІНІС.
Сахна. Музыка ойналады. Сахнаға автор шығады.
Қадалған көз таларлық.
Жігер отын жанар ғып.
Эверестке шыққандардың тізімі,
Саусақпенен санарлық.
Махабатта шың сияқты,
Күн жақындап қасына,
Бұлт қонатын басына
Қыран тектес жандар ғана,
Шыға алатын басына.
Бірде Е. Евтушенканың үйінде шет елдік достарыммен болған бас қосуда мен осы оқиғаны әңгімеледім. Кенет итальян мүсіншісі орнынан атып тұрды да:»Мұнда сүйгеніне қосыла алмаған Естай ақынның сағынышы мен зары ғана емес, бүкіл бір ұлттың махабатқа деген мінез і мен ерлігі жатыр екен. Осы Естай мен Қорланды туған халықтың денсаулығы үшін тост көтеруді ұсынамын»,- деді. Сол сәтте төбем көкке екі - ақ елі жетпей тұрды.
2 - көрініс
Осы кезде есіктен Ана кіреді.
Автор: Кіріңіз, кіріңіз! Апа, төрлетіңіз.
- Амансың ба, балам! Мен саған бір жұмыспен келіп отырмын.
- Келген шаруаңызды айта отырыңыз, апа.
Ана: Жалғыз қызым бар еді, Айнам, тірлігімнің шынары.
Еркелеттім, өмірімді желкен еттім жолына.
Тек сол гүлдеп толыссын деп, тек сол кисін, сол ішсін деп.
Ештеңені аяғам жоқ, бәрін бердім, қолына.
Қызым сұлу бой түзеді, ой түзеді жайдары.
Ой түзеді, көз жауын ап қызғалдақтай майдағы,
- Алды болды, құрбысының бірге өскен, үмітіме бақ пен қайғы қалай қатар мінгескен.
Бекер, бекер жіберіппін еркіне, ерте түсіп қалды - ау сірә, албырт сезім өртіне.
Бақытты едім, бақытты едім мен қандай, қашан қызым жолыққанша, ғашықтықтың дертіне.
Күзетшімін бұл күн есік торыған, туар айым тумай қалды оңынан.
3 жыл болды, бұйрабас бір әртістің, сорлы қызым, жүгіріп жүр соңынан.
Ал ол иттің (бұл қорлыққа қарашы).
Бар әйелі баласы. Үйленуге қайдан келсін шамасы.
Автор:
Апатай - ау,
Онда неге итереміз ғашықтарды қақпанға?
Көңіліңнің, күні жоқтардан, табанының бүрі жоқтардан
Жұрт онсызда зардап шегіп жатқанда.
Ана:
Қызым соны білмейдіме, біледі?
Біле тұра селт етпейді жүрегі. Небір жайсаң жігіттерді төрндей, мазаұ етіп кетпеді ме елемей.
Бұл не деген, көлден табар бақытты, шөлден іздеп, жаңылысқан шөрегей.
Деп сенсем де, бақыт алда, жол алда, адасқандай кейіптемін боранда.
Ана:
Ал ол үшін бұйрабас сол әртістен, артық жан жоқ ғаламда, тек соны ойлап беріледі арманға.
Тек соны ойлап жылайды үйде қалғанда, сосын қайта жымияды, менен асқан бақытты адам жоқ деп жалғанда.
Дауа барма, дауа барма, талғамға.
Автор:
Апатай - ау!
Қызым батты күнәға, деп қамығып жылама.
Жанарыңды қасіретке бұлама
Мүмкін жолы, сәтсіз шығар, бірақ сүю бақыты.
Кез келнеге тартылмайтын сыбаға.
Апатай - ау, сеніміңді жасытпа, ғашықтықты жеңе білу мықтылық.
Нағыз бақыт,- жақында емес, қашықта

Ана:
Жақын тартып сырласымдай бұрынғы, кешір қалқам, саған айттым сырымды.
Сен ерекше силы жансың қызыма, сыйлайтыны жатқа оқиды, жырыңды.
Өзіңе аян, қыз көңілі гүл нәзік, жеңе алмаспыз, өр мінезбен ұрда жық.
Өтінемін сол бақытсыз сорлыға, қол ұшын бер, ой саларлық, жыр жазып.
Ана шығып кетеді.
Автор:
Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды, жазады.
Адам азса ғашықтықтың жоқтығынан азады.
Ғашық жыры - тіршіліктің көкейкесті өлеңі.
Ешбір геометриямен өлшенбейтін көлемі,
Бұл сезімнің ұшан - теңіз, адамзатқа берері.
Ғашық болу келсе кімнің қолынан, әлем соған сенеді.
Құлай сүю, ерлікпен тең себебі!
Сөзін жалғастырады (музыка ақырын ойналады)

Астана қаласы,
№25 орта мектебінің ән - күй және музыка пәні мұғалімі
Исмаганбетова Молдир Изатуллаевна
М. Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» атты жыры желісімен жасалған мектептің жоғарғы сынып оқушыларына арналған сахналық қойылым. жүктеу
2 305
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отбасы құндылықтары. 4- тоқсан. 4-сабақ
Отбасы құндылықтары. 4- тоқсан. 4-сабақ
Бөлім Автор дүниетанымы. Оқу мақсаты 5А\И2 Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау. Оқушы мақсаты Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтайды.
Сахналық қойылым. "Үш тілділік"
Сахналық қойылым. "Үш тілділік"
Сатира. Сахналық қойылым "Үш тілділікке көшу " Бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдеріне
Шалқан ертегісі
Шалқан ертегісі
«Шалқан» ертегісіне сахналық қойылым көрсету. Ертегіні сахналау арқылы ой - қиялын дамыту. «Шалқан» ертегісін көрсете отырып, балаларға бір отбасының татулығын, бірліктерін көрсету.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған портфолиосының мұқаба суреттер
Бастауыш сынып оқушыларына арналған портфолиосының мұқаба суреттер
Бастауыш сынып оқушыларына арналған портфолиосының мұқаба суреттері
Бастауыш сынып оқушыларына арналған портфолиосының мұқаба суреттері
Бастауыш сынып оқушыларына арналған портфолиосының мұқаба суреттері
Бастауыш сынып оқушыларына арналған портфолиосының мұқаба суреттері
Гүл туралы аңыз
Гүл туралы аңыз
Сапина Замарад Койшигалиевна Биология пәні мұғалімі Тихонов негізгі жалпы білім беретін мектебі Бөрлі ауданы, БҰО
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×