Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жамбыл Жабаев

04 қараша 2018, Жексенбі
Ашық сабақ.
Қазақ әдебиеті.
Тақырыбы: Жамбыл Жабаев
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Ақынның өмірін, өлеңдерінің өзіндік табиғатын саралай отырып, өзге жазушылардан өзгешелігіне көңіл бөлу.
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша еркін, шешен сөйлеуге үйрету.
б) тәрбиелік: Ойын еркін айтуға, отаншылдыққа тәрбиелеу, ой қорытуға дағдыландыру.

Сабақтың өтілу әдісі:
Модульдық оқыту
Сабақтың көрнекілігі:
Ілияс Жансүгіров, Ж. Жабаевтың, С. Аронұлының, К. Әзірбаевтың, суреттері, тірек - сызбалар, плакат, сөзжұмбақ, компьютер, интерактив тақта.
Пәнаралық байланыс: өзбек тілі, саз өнері, география.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастырушы кезең: Сәлемдесу.
Оқушыларды сабаққа қатысуы, күнделік және конспект дәптерлерін тексеру. Нәтижелерін топ журналына жазу. (1 - 2 мин)

ІІ. Өткен сабақты қайталау: Сұрақ – жауап. Үш оқушы компьютерде тест сұрақтарын орындайды, қалған оқушыларға ауызекі сұрақтар қойылады. (10 - 15 мин)
Сұрақтар.
а) І. Жансүгіров кім?
ә) Ол қашан және қай жерде дүниеге келген?
б) Ақын алғашқы тәлімін қай жерде алды?
в) Оның шығармашылығы жайлы не білесіз?
г) Қандай тақырыптарда өлеңдер жазған?
ғ) Жансүгіров қандай поэмалар жазған?

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау: Оқушылар жауаптары тыңдалып болғаннан кейін өткен сабақты пысықтау үшін бейне материал компьютер арқылы көрсетіледі. (2 - 3 мин)

IV. Жаңа сабақты өткен сабақпен баулау: Міне өткен сабағымызда сіздермен қазақ халқының көрнекті ақындарының бірі І. Жансүгіров жайлы мәлімет алдық. Ал енді біздің негізгі мақсатымыз отан тілін жетік меңгеру, қазақ тілінде өзіміздің ой – пікірлерімізді еркін айта білу. Ол үшін біз қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін, әдет - ғұрыптарын жақсы білуіміз қажет. Сондай екен бүгінгі сіздермен өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы қазақ халқының ұлы ақындарынан бірі, айтыс өнерінің алыбы Жамбыл Жабаев туралы сөз қозғаймыз. (1 - 2 мин)

V. Жаңа сабақ:
Демек, сабағымыз Жамбыл Жабаев жайлы екен. Алдыңғы сабақта ақын жайлы оқушыларға үйде реферат жазып келу тапсырылған. Алдымен оқушылар өздерінің Жамбыл аталары жайлы жазып келген рефераттарын кезекпен қысқа - қысқа айтып қорғайды. (17 - 20 мин)

1 - оқушы: Жамбыл Жабаев қазіргі Жамбыл облысы Шу өзенінің бойындағы Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы ақпан айында туылған.
2 - оқушы: Жамбылдың әкесі Жапа (Жабай), анасы Ұлдан баласының атын өздерінің көшіп - қонып жүрген Жамбыл тауының атымен атаған.
3 - оқушы: Жамбыл он төрт жасынан бастап өлең айтып, он бес жасында атақты Сүйінбай ақыннан бата алған. Ол Жетісу жеріне әншілігімен, ақындығымен әйгілі болған. Бұрымға, кейінірек Сараға ғашық болады.
4 оқушы: Ол бай мен кедейге, патшаға қарсы, Отан сүйгіштікке, Ұлы отан соғысы жылдарында елін, жерін жаудан қорғауға арнап, т. б. тақырыптарда өлеңдер жазған.
5 - оқушы: Жамбыл бірнеше дастандар жазған.
1. Өтеген батыр.
2. Сұраншы батыр.
3. Көрұғлы.
4. Бақ, дәулет, ақыл.
6 - оқушы: Ол Кененнің ұстазы. Екеуі 1902 ж. қырғыз елінің би - манабы Шабденге ас беріп жатқанда танысады.
7 - оқушы: Жамбылдың баласы Алғадай Ұлы Отан соғысында қаза табады. Жамбыл қатты күйініп жатып қалады. Сонда Сәбит Мұқанов: - Жакең, бір тыңдаса Кененді тыңдайды.- деп Қордайдан Кененді алдырған.

8 - оқушы: Кенен сонда:
Ау, Жәке, көпті көрген батырымсың.
Қайғырып Алғадайға жатырмысың.
Пендеге бұл жалғанда өлім рас,
Тағдырдың сөгесін бе қылған ісін, – дегенде,
– Кененім келген екен ғой, - деп басын көтерген.
9 - оқушы:
Алғадай майданға аттанғаннан кейін бір жетіден соң әйелі Жәмеш ұл туады. Атын атасы Қуаныш деп қояды. Ол немересін өзіне жұбаныш еткен.
Өте жақсы құрметті оқушылар. Ал, енді Жамбыл атамыз жайлы бір көрініс тамашаласақ.
Компьютер арқылы
Оқушыларды 3 топқа бөлемін. Ұжымға ат қою мақсатында сұрақ қоямын.
1. Жамбылдың ұстазы кім? - Сүйінбай Аронұлы.
2. Шәкірті кім? - Кенен Әзірбаев.
"Сиқырлы сандықшамызда" сол үш есім жасырылған. Оны әр ұжым басшылары келіп алады.
І топ – «Жамбыл» тобы.
ІІ топ – «Кенен» тобы.
ІІІ топ – «Сүйінбай».
Әр топтың басшылары тапсырмаларын алып, оны өз топтарымен бірге, белгілі уақыт аралығында орындайды. Осы уақытта әр топтан бір оқушыдан шығып компьютерде тест жұмыстарын орындайды. «Жамбыл» тобы «Зымыран» сұрақтарға жауап беру. «Кенен» тобы сөзжұмбақ шешу. «Сүйінбай» тобы тест тапсырмаларын орындау. «Зымыран» сұрақтары түскен топ бірінші жауап береді.
8 сұрақ, әр сұраққа 1 ұпай беріледі.

Зымыран сұрақтары:
1. Жамбылдың әкесінің есімі кім?
2. Жамбыл айтыстарының ерекшелігі неде?
3. Жамбылдың бір өлеңін жатқа айт.
4. "Маса" кімнің жинағы?
5. Жамбылдың соңғы жазған өлеңі.
6. 1936 жылы Жамбыл қай жерге барған?
7. "Құлагер" кімнің өлеңі?
8. Жамбылдың айтыстары ішінде ең көрнектісі қайсы?

ТЕСТ тапсырмалары.
1. Жамбыл қай жылы қайтыс болды?
А) 1945 ж. С) 1947ж.
В) 1948ж. D) 1944ж. Е) 1946ж.

2. Ж. Жабаевтың шығармасын табыңыз.
А) «Өмір мектебі» С) «Өсиет»
В) «Менің қысқаша өмірбаяным» D) «Өмір, қымбатсың маған»
Е) «Менің мектебім»

3. Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім» өлеңі қай жылы жазылды?
А) 1945ж. С) 1941ж.
В) 1942ж. D) 1943 ж Е) 1947ж.

4. Жамбыл Құлмамбет ақынмен қай жылы айтысып, жеңіске жеткен?
А) 1884ж. С) 1885ж.
В) 1881ж. D) 1887ж. Е) 1890ж.
Жамбыл Жабаев. жүктеу
8 999
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
І. Жансүгіров (1894 - 1938) (күнделікті сабақ жоспары)
І. Жансүгіров (1894 - 1938) (күнделікті сабақ жоспары)
Ілияс Жансүгіров қызметі, өмірі, шығармаларының тақырыбы мен негізгі ойы туралы өз беттерімен және топпен білім алуға үйрету;
Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» күнделікті сабақ жоспары
Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» күнделікті сабақ жоспары
Жамбыл Жабаевтың шығармаларынан мәлімет бере отырып, «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.
Жамбыл Жабаев «Менің өмірім», «Аттандыру»
Жамбыл Жабаев «Менің өмірім», «Аттандыру»
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлмұратова Салтанат Қанайқызы
Ілияс Жансүгіров «Домбыра», «Күйге»
Ілияс Жансүгіров «Домбыра», «Күйге»
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қарашоқат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахет Гүлден Ермекбайқызы
Жамбыл Жабаев
Жамбыл Жабаев
Атырау қаласы, № 6 орта мектептің қазақ тіл әдебиет пәні мұғалімі Әбуова Орынша Сақтағанқызы
Жыр алыбы - Жамбыл
Жыр алыбы - Жамбыл
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі. Музыка пәнінің мұғалімі Серібаева Баян Төлепбергенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×