Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ана тілім - асыл ойдың бұлағы

22 қараша 2018, Бейсенбі
Тақырып: Ана тілім - асыл ойдың бұлағы

(Сахнаға Ахмет Байтұрсынов баяу музыкамен шығып, өлең оқиды)
Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар,
Құлағын біреу салмас, біреу салар.
Теп - тегіс көпке ұнау оңай емес,
Кейіне жарамаса, кейіне жарар.
Қайсысы ықыласын салып тыңдап,
Жаратпай қайсыбірі теріс қарар.
Дүниеде сүйгенім бар, күйгенім бар,
Солардан аз да болса белгі қалар.

1 - жүргізуші:
Қайырлы күн, Ахметтей ұлт ұстазының жолын жалғастырушы ізгі жандар!
Бұл мереке - Тіл мерекесі!
Бұл мереке - Ел мерекесі!

2 - жүргізуші:
Бүгінгі тұтас буынның төл басы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан ұлыларымыз салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, педагог, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың дүниеге келгеніне 146 жыл. Осыған орай, Қазақстан халықтарының Тілдер мерекесі 5 - қыркүйек болып жарияланды.

1 - жүргізуші:
Тіл мәртебесін ұлт мүддесінде биік қойған, Ахмет ардақтаған ана тілімізге арналған « Ана тілім - асыл ойдың бұлағы» атты әдеи - сазды кешімізге ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

2 - жүргізуші:
Ұйықтасам, ана тілде күбірледім,
Оянсам, сөйлеп кеттім, кідірмедім.
Анамның ақ сүтімен сіңген тілім,
Бітпейді менің одан бұрын демім.

1 - жүргізуші:
Мәңгі өлмес мейлі заулап көшер заман,
Жиреншедей дария шешен бабам.
Қазыбек. Төле, Әйтеке ердің құнын,
Екі ауыз сөзбен шешкен көсем бабам

1 - жүргізуші:
«XX ғасырға шейін түріктің тілін аздырмай асыл қалпында алып келген, тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиісті» деп, халқымыздың санасын жаңғыртып, мерейін тасытқан ақын арманы орындалып, бүгінде асыл тіліміз Тәуелсіз Елдің төрінен орын алды.

2 - жүргізуші:
Ата арманын әлдилеп жүрген бүгінгі ұрпақ өкілдері алдарыңызда әннен шашу шашпақ.
Қарсы алыңыздар!
( Жырым менің - ана тілім) квартет

1 - жүргізуші:
«Тіл білімі ереже жаттату түрде үйретілмей, сөздің тұлға, мағына, қисын жағын тану түрде үйрету керек» - дейді Ахмет Байтұрсынұлы

2 - жүргізуші: Ендеше, ұлты басқа болса да, бір шаңырақ астында, бір тіл біріктірген шәкірттеріміз де бүгінгі мерекеге өз үлестерін қоспақшы. Қарсы алайық!
Поплавская Полина
Рау Милана
Андреева Валентина

2 - жүргізуші:
«Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек» деген абыз Ахмет ұрпақ болашағына да үлкен үмітпен қарап, мысалдарды тәржімалап, жаза түсті.

1 - жүргізуші: Солардың бірегейі «Қасқыр мен қозы» мысалы. Сахнаға алып шығатын ----------- класс оқушылары:-----------
1 - жүргізуші:
«Қазақтың отаншылдық жігеріне толы халық музыкасының ешкімге, ештеңеге ұқсамайтын ерекше тартымдылығы сондай, қазақ әнін тыңдағанда күллі дала көз алдыңнан өткендей болады»------------------ Р. Роллан

2 - жүргізуші: ендеше, ана тілімізде шырқалар тартымды әннің куәгері болуға сіздерді де шақырамыз
Ән: Мен - Қазақ! Бейбітов Думан
1 - жүргізуші:
Айналайын, сөз танитын ер ме едің?
Сөз танысаң, Қонағым боп төрлегін.
Асаудың да асауы бар деуші еді,
Сөзден асқан асауды мен көрмедім - деген Қадыр Мырзаәлі де қара сөздің қайнарынан қанып ішкен ақындардың жалғасы емес пе еді?!

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы,
Новый орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Құндыз Жұбаева Естерекқызы
Ана тілім - асыл ойдың бұлағы жүктеу
2 458
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тіл мерекесі
Тіл мерекесі
Қазақ тілім өз тілім, ана тілім Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені Болашағым, бақытым дара тілім.
Тілім - тірегім, соғып тұрған жүрегім 22 қыркүйек – тілдер мерекесіне арналған іс - шара.
Тілім - тірегім, соғып тұрған жүрегім 22 қыркүйек – тілдер мерекесіне арналған іс - шара.
22 қыркүйек - Қазақстан Халықтарының Тілдер күні деп жарияланды. Содан бері 22 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі.
Ана тілім - асыл мұрам
Ана тілім - асыл мұрам
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Алибекова Гульнара Сахиевна
Тіл - біздің тірегіміз!
Тіл - біздің тірегіміз!
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Ахмет Байтұрсынұлы аудармалары - тәлім - тәрбие мектебі
Ахмет Байтұрсынұлы аудармалары - тәлім - тәрбие мектебі
Атырау облысы, Атырау қаласы, №35 мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Құбиева Нұргүл Паңгерейқызы "Үздік тәрбие сағаты" номинациясы бойынша
Ахмет Байтұрсыновтың тағылымы
Ахмет Байтұрсыновтың тағылымы
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылының №41 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Алибекова Баян Байкеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×