Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ахмет Байтұрсынұлы аудармалары - тәлім - тәрбие мектебі

28 мам 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бәйге
Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы аудармалары - тәлім - тәрбие мектебі
Мақсаты: Оқушылардың көркем әдебиет оқуға деген қызығушылығын арттыру, Ахмет Байтұрсынұлының аудармаларын ата - аналарымен бірлесе оқу арқылы тәрбиелік мәнін түсіндіру, өмірмен байланыстыру.
Көрнекілігі: тақырыпқа дайындалған слайдтар жиынтығы, оқушылардың шығарған газеттері.
Күй «Балбырауын»

Жүргізуші: Биылғы жыл – халқымыздың қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеушісі, дарынды ақын – аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 140 жыл.
Ел боламыз десек, Ахмет Байтұрсынұлы қалдырған рухани мұраны толық игеріп, ол шыққан ұлттық идея биігінен көрінуіміз керек. Ахмет Байтұрсынұлы мысалдарының тәрбиелік мәнін, өмірмен байланысын, бүгінгі әдебиет төріндегі орнын көрсету мақсатында өткізгелі отырған «Ахмет Байтұрсынұлының аудармалары – тәлім – тәрбие мектебі» тақырыбындағы оқу күніне қош келдіңіздер.

Адамдық диқаншысы қырға шықтым,
Көл жоқ, көгалы жоқ – қорға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көтеруге құл халықтың, - деген Ахмет Байтұрсынұлы қалай да халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын Абай тапқан соқпақ орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсұнады. Иван Андреевич Крылов туындарын аударып, «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Петербургте бастырып шығарды. Бұл жинақ «Замандастарыма» деген кіріспемен басталады. Онда Ахмет аударманың мән – мақсаты, дәуір дүбіріне ілесу ниеті, қиындық жағдайларда орындағаны туралы айтады. Мысалдарда әр түрлі аңдар әр түрлі адамдар кейпінен хабар беріп, ишара тұжырым жасалады. Кісілердің мінезі, өмір ағысы тағдыр сабағы, заман қабағына қатысты көптеген жайттарды әсіресе патша отаршыларының зорлық – зомбылығы, жуандардың, байлардың тепкісі, елдің азып – тозуына байланыста сарындарды Ахмет Байтұрсынұлы жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді. Кейде ашық, дәл айтылатын ойларда бар.

Бүгінгі оқу күніне қатысып отырған оқушылар ата - аналарымен бірігіп, алдын - ала берілген мысалдардың мазмұнын, тәрбиелік мәнін айтып, өмірмен байланыстыруы керек.

Шараға қатысушылар:
Сұлтан - әжесімен «Егіннің бастары», «Өгіз бен бақа»
Банура - анасымен «Қарға мен түлкі», «Аққу, шортан һәм шаян»
3. 1 - топ оқушылары – Әсел Мәдиқызымен «Қартайған арыстан», «Кісі мен аю»
4. Айшабибі - Нұржан Қабылжанұлымен «Есек пен үкі»
5. Айтхан - анасымен «Қасқыр мен тырна»

6. 2 - топ оқушылары - Ардақ Бектемісқызымен «Қайырымды түлкі», «Шал мен жұмыскер»
7. Қайырхан - анасымен «Балықшы мен балық»

Жүргізуші:
Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар,
Құлағын біреу салмас, біреу салар.
Теп - тегіс көпке ұнау оңай емес,
Кейіне жарамаса, кейін жарар.
Қайсысы ықыласын салып тыңдап,
Жаратпай қайсыбірі теріс қарар.
Дүниеде сүйгенім бар, күйгенім бар,
Солардан аз да болса белгі қалар.

Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Бүгінгі шара Ахмет Байтұрсынұлының артында қалған мол мұрасына зор құрметпен қарап, бағалай білген әдебиет білгірлеріне рухани азық, көңілдеріне қуаныш сыйлады деген сенімдеміз. Қатысқан ата - аналарға, ұстаздарға, оқушыларға ризашылығымызды білдіріп, бүгінгі оқу күнінен естелік сыйлықтарын табыс етеміз.

Жүргізуші:
Қазақ қоғамына рухани тәрбие беруде рөлі өлшеусіз және бүгінгі күні де осы қуатынан айрылмаған аудармаларын ата - аналармен бірлесе оқу арқылы өмірімізге азық болар болашақта есте сақтай жүрер тәлім - тәрбиелік мәні зор шара болды деген ойдамыз,
Осымен «Ахмет Байтұрсынұлы аудармалары - тәлім - тәрбие мектебі» тақырыбындағы шарамыз аяқталды. Назарларыңызға көп-көп рақмет!
19 033
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ахмет Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары»
Ахмет Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары»
Ахмет Байтұрсынұлының өмірімен, шығармашылығымен танысады. Мысалдардың мазмұнымен танысады, талдау жасайды, тәрбиелік мәнін анықтайды.
Ахмет Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі. Ұлтының ұлы ұстазы
Ахмет Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі. Ұлтының ұлы ұстазы
Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс - әрекеті арқылы образын ашу кейіпкерлер портреті мен іс - әрекеті арқылы образын ашу;
Ахмет мұрасы - рухани қазына
Ахмет мұрасы - рухани қазына
Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын таныта, мысал өлеңінің мәнін ашу арқылы диалогтық, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Ахмет Байтұрсынов «Екі шыбын»
Ахмет Байтұрсынов «Екі шыбын»
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық аудан Жаңабұлақ ОЖББМ – ің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Нұрғалиева Марзия Мубаракқызы
Ахмет Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары»
Ахмет Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары»
Құбиева Нұргүл Паңгерейқызы Атырау қаласы, №35 мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң
Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң
Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Ақтоғай станциясы «Ақтоғай жалпы білім беретін орта мектеп» КММ Кітапхана меңгерушісі: Садыкова Гүлбаршын Әбділқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×