Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұрақты сөз тіркестері

22 қараша 2018, Бейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері
SMART мақсаты:
Сабақ барысында тұрақты сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрап жазуға, әңгіме құрауға жаттықтыру. Тұрақты тіркесті еркін тіркестен ажырата білуге, ауыз екі сөйлеуде тұрақты сөз тіркестерін қолдана білуді үйрету. Топтық жұмыс арқылы оқушы белсенділігін арттыру.
Әдіс - тәсілдер: диалог, әңгімелесу, топтық жұмыс, Венн диаграммасы, сыни ойлау.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, магнитті тақта, постерлер, қима қағаздар.

Сабақтың барысы:
І Қызығушылықты ояту.
Желмен жарысып желтоқсанның 7 - жұлдызы да жетті. Сәрсенбінің сәтіндегі ашық сабағымызға сәттілік тілеймін.
а) Топқа бөліну. Ортаға Ералы, Инабат, Әмина Ш, Ақботаны шақыру. Әркім өз топтарына команда жинайды.
1 - топ: «Бірлік»
2 - топ: «Ынтымақ»
3 - топ: «Достық»
4 - топ: «Татулық»
- Осы сөздерді естігенде ойларыңа қандай ассоциация келді?
- Неге мен топ аттарын осылай атадым?
(1. Егемендік. Тәуелсіздік - 25 жыл.
2. Синоним.
3. «Нұрлы жол» жұлдызды күн.)
Топ атына дыбыстық талдау жасату.
Ә) Топ ережесі:
1. Бірін - бірі тыңдау
2. Уақытты тиімді пайдалану
3. Кезекпен сөйлеу
4. Тыныштық сақтау
5. Белсенді қатысу
Бір оқушыға топ ережесін оқыту.

Б) Мотивация.
«Маша мен Аю» мультфильмінен үзінді.
- Маша неге ойнай алмады?
- Енді қалай ойнап кетті?
- Сонымен қандай қорытынды жасауға болады?
- Не үшін бұл видеоны көрсеттім?
- Бүгінгі сабаққа қандай мақсат қойып отырсыңдар?
- Яғни, бүгінгі ашық сабаққа қандай мақсат қойып отырсыңдар?
- Жақсы, балалар! Бүгінгі сабақтың мақсатын өздерің шығардыңдар.

Үй тапсырмасын тексеру. 8мин
Кеше сабақ болмауына байланысты қашықтықтан оқыту арқылы үй тапсырмасын бергем. Үйге не берілді?
23 - жаттығу. 91 бет.
Берілген тұрақты сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрап жаз.
Қас пен көздің арасында - тез. Тайға таңба басқандай - анық. Мойны жар бермеді – жалқау.
Тұрақты тіркес екенін қалай дәлелдейміз?
1) Ол бірнеше сөздің тіркесуі (3 сөздің ) арқылы 1 ғана мағынаны береді.
2) Ойды көркем, әсерлі жеткізеді.
3) Басқа сөзбен ауыстыруға болмайды.

ІІ Мағынаны тану
Тақырыпты жариялау. Акварель бояу арқылы. «Тұрақты сөз тіркестері» 2 сағаты. « Фразелогизм» деп те айтады.
1 - тапсырма: Еркін сөз тіркесі мен тұрақты сөз тіркесінің өзара ұқсастығы мен айырмашылығын табу. Венн диаграммасы.
Еркін тіркес
Тұрақты тіркес
Тұрақты сөз тіркестері жүктеу
5 211
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Тұрақты сөз тіркестері ұғымын енгізіп, оның мағынасын тереңдете отырып түсіндіру. Тілдің дамуына, қызметіне, тиімді қолдануына назар аудару. Тұрақты тіркестен алған білімдерін саралай отырып, оқу жетістіктерін бағалау.
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Мәтін ішінен тұрақты тіркестерді анықтай алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер туралы түсінік беру және оларды сөз аралығында қолдана білуге үйрету. Тұрақты сөз тіркесін сөйлеу, жазу дағдысына енгізе отырып, оқушылардың тіл байлығын, ақыл – ойын, сана – сезімін дамыту. Оқушылардың дағды - машықтарын, таным
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №125 С. Сапарбеков атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Асанова Жаннат Шымырбекқызы
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Павлодар облысы, Ақсу қаласы, №7 орта мектеп Айнура Жармуханбетова
Тұрақты сөз тіркесі
Тұрақты сөз тіркесі
Жамбыл обылысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кемпрекова Жанар Жансериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×