Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Асан қайғы «Бұл заманда не ғаріп?» өлеңі

25 қараша 2018, Жексенбі
Мұғалім: Тулемисова Т. К.
Қазақ әдебиеті 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Асан қайғы «Бұл заманда не ғаріп?» өлеңі.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға Асан қайғының өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, оқытып білімдерін тереңдету.
2. Дамытушылық: Сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту, өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз бетімен ізденуге баулу, ой қорытуға дағдыландыру, көркем әдеби тілде сөйлеу дағдысын жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Мәтінмен жұмыс жүргізу барысында оқушылардың рухани байлығын ізделендіріп, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік, ішкі рухани тазалыққа үйрету.
Сабақтың түрі:
- Жаңа оқу материалын беру сабағы
- Білім, білік, дағдыны қалыптастыру сабағы
- Білімдерін жалпылау және жүйелеу, қайталау сабағы
- Білімдерін бағалау, тексеру және бағыттау сабағы
- Білім, білік, дағдыны қолдану, аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері:
Сабақтың жабдығы: видео, слайд, интерактив. тақта, электрондық оқулық
Сыныппен жұмыс түрі: даралап, топпен, ұжымдық

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды түгендеу;
2. Сабаққа дайындықтарын бақылау;
3. Топқа бөлу.(Ақындар шығармашылығы бойынша)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Ежелгі дәуір әдебиетін қорытындылау.
Сұрақтар арқылы:
1. Ежелгі дәуір әдебиетіне қай кезеңдер жатады?
2. Ежелгі дәуір әдебиетіне жататын ескерткіштер.
3. Х - ХІІ ғ. жататын ойшыл, ғалымдар. Сол кездегі қандай қисса, дастандарды білеміз?
4. Күлтегін батырдың ерлік бейнесін қалай көреміз?
5. Қорқыт ата мәңгілік өмірді қайдан тапты?

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі
Жыраулар поэзиясы халықтың басынан өткен тарихи оқиғаларды, оның арман - мұратын, кешірген ауыртпашылықтарымен ғана бағалы емес, елдің саяси - әлеуметтік тіршілігін, ой – санасын, дүниетанымын көркем бейнелі тілмен бере білумен де бағалы.
Жыраулар көтерген негізгі тақырыптар қандай? Туған ел, оған деген сүйіспеншілік, елдің бірлігі.
XV - XVII ғасырдағы жыраулар Асанқайғы, Қазтуған жырау, Доспамбет жырау, Шалкиіз жырау, Жиембет жырау, Ақтамберді жырау, Үмбетей жырау, Шал ақын, т. б.
Асан – өз заманының асқан ақылгөйі. Одан қалған «таза мінсіз асыл сөз» аз болмаса керек, бірақ олардың бәрі біздің заманымызға жетпеген. Асан атына «қайғы» деген сөз қосылуы да көп нәрсені аңғартады. Мұнан біз оның Желмаяға мініп, еліне шұрайлы, жайлы қоныс, шүйгін жер іздеумен өмір кешкен халық қамқоры екенін танимыз. Асан ел тыныштығын армандаған.
Мал баққан көшпелі елге керегі – бейбіт тіршілік, бірақ ол кезде жаугершілік, басшылық, соғыс, құнарлы, соғыс, құнарлы жер үшін ұрыс - қақтығыс жиі болып тұрған.

«Бұл заманда не ғаріп?» өлеңі.
1. Өлеңді мәнерлеп оқимыз.
2. Ғаріп сөзі нені білдіреді?
3. Енді балалар әдебиет теориясына тоқталып осы өлеңнің мән - мағынасын ашып тұрған суретті сөздерге тоқталайық.
4. Суретті сөзге не жатады?
5. Тапсырма: 1 топ - синоним сөздерді табады.
2топ - метафора сөздерді табады.
3 топ - эпитет сөздерді табады.

ІҮ. Қорытындылау.
Асан қайғы жырлаған өлең тақырыбы не деп ойлайсыңдар?
(Оқушылар өз ойларын ортаға салады)

Асан Қайғының "жерұйықты" іздеуі Асан Қайғы Желмаяға мініп, жиһан кезіп «Жерұйық» дейтін ну орманды, көкорай шалғынды, сулы жер, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған қоныс іздейді.
Асан Қайғы Маңғыстауға үш барып, үш қайтыпты:«Түбінде мал баққан шаруаға Маңғыстаудан жақсы жер болмас» депті.
Жетісуды көргенде: «Мынау Жетісуің ағашының әр бұтағы жеміс екен, шаруаға жақсы қоныс» депті.
Осы күнгі Мерке десең жердегі Аспараны көргенде: «Ей, Аспара, көршіңмен тату бол, шөбіңе суың жетер» деп жүріп кетіпті.
Баянауыл тауын к ө р г е н д е: «Баянға жаймай, қой семірмес» деп Асан қазіргі Баянауылды өзіне жайлау етіпті.
Асан қайғы Бұл заманда не ғаріп? өлеңі жүктеу
7 476
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Асан қайғы «Еділ бол да, Жайық бол», «Бұл заманда не ғаріп?»
Асан қайғы «Еділ бол да, Жайық бол», «Бұл заманда не ғаріп?»
Оқушыларға жаңа сабақ туралы толық мағлұмат беру, қазақ халқына жеррұйық іздеген Асан қайғы туралы мәлімет беру, өз ойларын еркін айтуға, өмірмен байланыстыра білуге үйрету, сөздік қорларын молайтып, ой - өрістерін дамыту, өзіндік пікір
Асан қайғы - дала данышпаны
Асан қайғы - дала данышпаны
Табиғат – бүкіл әлем. Адам табиғатта өмір сүреді, онымен тұрақты қатынаста болады. Адам, оның денесі мен рухани өмірі табиғатпен тікелей байланысты. Одан шығатын қорытынды - адам табиғатының бір бөлігі.
Асан Қайғы "Бұл заманда не ғаріп?", "Есті көрсең кем деме"
Асан Қайғы "Бұл заманда не ғаріп?", "Есті көрсең кем деме"
Топтық жұмыс арқылы ұлы жыраудың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, ұлы жырау өмір сүрген кезеңдегі тарихи - әлеуметтік жағдайды ашу.
Сенің ойының
Сенің ойының
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Восточный жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Зейден Достияр
Ақтамберді жырау
Ақтамберді жырау
Астана қаласы, №36 орта мектебінің қазақ тілі әдебиеті пәні мұғалімі Тұрсынхан Г. Т
Асан қайғы
Асан қайғы
Асан қайғы (XV ғасыр) Асан өз заманының асқан ақылгөйі. Жыраудың өзі айтқандай, онан қалған «таза мінсіз асыл сөз» аз болмаса керек, бірақ олардың бәрі біздің заманымызға жетпеген. Оның қазір қолда бар өлеңдерінен замана жайын әріден толғаған ірі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×