Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәкен Сейфуллин көшесінің мерекесі

09 ақпан 2012, Бейсенбі
Тақырыбы: Сәкен Сейфуллин көшесінің мерекесі.

Мақсаты: Сәкен Сейфуллиннің ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы сыршыл да шыншыл ақын өмірі мен шығармашылығына рухани ықпал ету. Мемлекеттік тілді қастерлеуге, оқушыларды білімге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
1. Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Қазақстан халқы тілдерінің ХІІІ қалалық фестивалінің аясында ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғаларының бірі, ақын - жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері – Сәкен Сейфуллин көшесінің мерекесіне хош келдіңіздер!
2. Жүргізуші:
Құрметті қауым! Астана қаласы N3 мектеп - гимназиясының оқушылары мен ұстаздарының мерекесіне хош келдіңіздер! Бүгінгі мереке Қазақстан халқы тілдерінің ХІІІ қалалық фестивальі және егеменді еліміздің Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен тұспа - тұс келіп тұр.
1. Жүргізуші:
Арманшыл, балғын түлектің,
Бойына қанша гүл ектің?!
Шәкіртің үшін аянбай,
Жылуын бердің жүректің!
Қазақ биі орындалады.
2 Жүргізуші:
Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, мемлекеттік тілді дамыту.
1 Жүргізуші:
«Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ.» Тәуелсіз, егемен елдің басты белгілерінің бірі – тіл. Тіл халықпен өмір сүріп дамиды, себебі, әр ұлттың тілі – оның бақыты, тірегі.
«Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, маңыздысы бола береді.» Нұрсұлтан Назарбаев.

2. Тіл туралы өлең - тақпақтар оқу.
1. оқушы:
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім!
Туған тілім - анам тілі - өз тілім!
Туған тілім – далам тілі - өз тілім!
Туған тілім - адам тілі - өз тілім!
2. оқушы:
Қай халықтың тілі болсын - өзіне тән қымбатты да қимас қазынасы. Сол себепті, біздің ана тіліміз - алтындай асылымыз, мөлдір маржанымыз, ғажайып гауһарымыз.
3. оқушы:
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде», - деген болатын. Мемлекеттік тілді үйрену, білу, да - мыту - баршамыздың міндетіміз және әркімге де парыз болып сана - лады.»
4. оқушы:
Қазақ тілі борандатқан дауыл күй!
Қазақ тілі - өлең, жыр мен ән мен күй!
Байқасаңдар қазақ тілі осындай
Аққан судай, ескен желдей табиғи!
5. оқушы:
Сегодняшний Казахстан - многоязычная, политическая страна, в которой проживают народы, говорящие на языках разных групп. Еще Максим Горький говорил: «Надо воспитывать в себе вкус к хорошему языку, как воспитывают вкус к гравюрам, к хорошей музыке.»
6. оқушы:
Kazakhstan multinational independent equipment Tztre are 126 nationalities in it alse thore
3. Are Tv and radio programmes, publications of newshifhers and magazines in different languages.

7оқушы:
Тілдің бәрі қымбат маған,
Әр ұлт тіл сырын сақтаған
Бәрінен де сен артықсың,
Қазақ тілім, жыр баптаған!
Тілім барда мақтанамын
Әнімді айтып шаттанамын,
Сол тілімнің құдіреті,
Таптатпаған жатқа бағын!

8оқушы:
Қазақ халқының мақал - мәтелінде поэзиядағы ырғақ, үйлесім, үндестік, ой өткірлігі бар.
- Тілі бардың - елі бай.
- Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.
- Өнер алды - қызыл тіл.
- Шебердің қолы ортақ - шешеннің ойы ортақ.

Астана қаласы,
№ 3 мектеп-гимназиясының қазақ тілі пәні мұғалімі
Сыздықова Сәуле Серікқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 707
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәкен Сейфуллин
Сәкен Сейфуллин
Сәкен Сейфуллин - қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақ КСР - інің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған.
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин (Сәдуақас) (1894 - 1938) Қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, қоғам қайраткері.
Сәкен Сейфуллин “Сыр сандық” өлеңі
Сәкен Сейфуллин “Сыр сандық” өлеңі
Сәкен Сейфуллин жырының ішкі сезімін сезіп, сым кернесін шертетін сырын дәлелдеп, талдауға, өз ойын еркін жеткізуі тиіс.
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
Бастауыш сынып мұғалімі Жолшибекова Индира Тұрғанбекқызы
Сәкен Сейфуллинге 129 жыл «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» әдеби кеш
Сәкен Сейфуллинге 129 жыл «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» әдеби кеш
Кештің мақсаты: Жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси - қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ» (слайд)
Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ» (слайд)
Батыс Қазақстан облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы Құлсары гуманитарлық - техникалық колледжі Бастауыш білім беру бөлімінің ІІІ (11) студенті: Батыр Нұрайым
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×