Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғабиден Мұстафиннің шығармалары

01 наурыз 2019, Жұма
Қазақ әдебиеті 11 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ғабиден Мұстафиннің шығармалары
Сабақтың мақсаты:
а) жазушының өмірінен мәлімет бере отырып ерлікке, адамгершілікке баулу;
ә) логикалық ойлау қабілеттерін, өмірге деген көзқарастарын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау. Мәнерлеп оқу, көркем мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
б) туған жердің табиғатын сүйе білетін, оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру т. б.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар
Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау.
Үйге берілген Ғабиден Мұстафиннің шығармаларын, өмірбаянын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
Ғ. Мұстафиннің дүниеге келген шақтағы қазақ даласының жай - күйі туралы айтып көр.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.
1939жылы «Өмір мен өлім» атты тұңғыш романын жазады. 1939 - 1948 жылдары «Әдебиет майданында (қазіргі «Жұлдыз») қызмет етеді. 1942 жылы «Айқап» пьесасын, «Тұтқын», «Құлаған құз», «Керуен» әңгімелерін жазады. 1945 жылы «Шығанақ», 1948 жылы «Миллионер» шығармалары жарияланды. 1952 жылы жазылған «Қарағанды», «Дауылдан кейін» (1960), «Көз көрген» романдары – оқырман қауымның ықыласына бөленген шығармалар. Жазушының «Шығанақ романы 1945 жылы жарық көрді. Шығарма адам мен табиғат арасындағы үйлесімді жаңа қырынан көрсетті. Адамзаттың қажетін тек табиғаттан алуға үйренген қам - қарекетінің екінші жағын ашуды мақсат еткен. Бұл шығанақ бейнесімен ашылған.
«Миллионер романы (1948) «Шығанақ» романында суыртпақтап басталған ұжымдық еңбек жемісін кең көлемде ашты. Жазушы соғыстан кейінгі күйзелген елдің болашағын жарқын да, шат тұрмыс, бай - бақуатты қалыпта көрсетеді.
«Қарағанды» романы (1952) – Қазақстандағы өндірістің дамуын, жұмысшы табының туып, қалыптасқанын көрсетететін шығарма. Жұмысша тақырыбы, әрі Қарағанды өңіріндегі өндіріс жазушы өміріне таныс. «Дауылдан кейін»(1959), «Көз көрген» (1963).
Ғ. Мұстафин шығармалары – қазақ даласының, қазақ халқының тарихы. Өсу, даму, өркендеуінің шежіресі. Сондай - ақ, жазушы шығармалары – жақсылыққа сенген, бақытты келер күннен күткен халық үмітінің көрінісі іспеттес.

Кітаппен жұмыс: Кітаптан шығармаларын оқып, құрылысына қарай талдайды.
Білімді бекіту:
1. Ғ. Мұстафиннің өскен ортасы, жетілген жері жөнінде не білесің?
2. Ғ. Мұстафин сондағы Ш. Берсиев бейнесі несімен қызықтырады?
3. Жазушының «Миллионер» туындысы бүгін қандай мәселелерді қозғайды?
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Ғабиден Мұстафиннің бір романын оқып келуге беремін.
Ғабиден Мұстафиннің шығармалары жүктеу
7 097
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Майлықожа Сұлтанқожаұлы (күнделікті сабақ жоспары)
Майлықожа Сұлтанқожаұлы (күнделікті сабақ жоспары)
Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармалары тағлымдық шығарма екенін түсіндіру; оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіре отырып, шешендік өнерге баулу
Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»
Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»
Жазушы Қабдеш Жұмаділовтің "Қаздар қайтып барады", "Сарыжайлау", "Шарайна", "Сәйгүліктер" тәрізді әңгіме, хикаят жинақтары, "Көкейкесті", "Бақыт жолында", "Атамекен", "Соңғы көш" романдары жарық көрді. Жазушы "Тағдыр" романы үшін мемлекеттік
ХІХ ғасыр әдебиеті (күнделікті сабақ жоспары)
ХІХ ғасыр әдебиеті (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақ әдебиетінің аса бір сүбелі кезеңі ХІХ ғасыр – ХХ ғасыр бас екені анық. Бұл қазақ елінің бостандыққа ұмтылған, өзін - өзі іздеген, өткен күндерін аңсай еске алып, бүгінінен түңіліп, бірақ болашағына үмітпен қараған шағы еді.
А. Пушкин «Ескерткіш» (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
А. Пушкин «Ескерткіш» (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Әлем әдебиеті туралы түсінік беру, А. Пушкиннің шығармаларын қазақ тілінде сөйлеткен ақын - жазушыларымыз туралы мағлұмат беру;
Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» күнделікті сабақ жоспары
Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» күнделікті сабақ жоспары
Жамбыл Жабаевтың шығармаларынан мәлімет бере отырып, «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.
Ғабиден Мұстафин тіліндегі мақал-мәтелдік қолданыстар  мен нақыл сөздер
Ғабиден Мұстафин тіліндегі мақал-мәтелдік қолданыстар мен нақыл сөздер
БҚО, Ақсай қаласы жалпы орта білім беретін №5 мектебінің оқушысы: Карязина Кристина жетекші: Дарисова Айнагуль қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×