Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қаныш Сәтбаев

12 сәуір 2019, Жұма
Сабақтың тақырыбы: Қаныш Сәтбаев
Сабақтың мақсаты: көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев жайлы мағлұмат беру. Шылауларын қайталау. Одағай туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: оқушыларға Қаныш Сәтбаев жайлы мәлімет бере отырып, оқушылардың байланыстырып сөйлеуін, әдеби тілін қалыптастырады, сөздік қорын молайтады.
Дамытушылық: ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытып, ой - өрісін кеңейтеді, шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді.
Тәрбиелік: пәнге деген қызығушылықтарын арттырады, ғалымның өнегесі мен еңбектері арқылы оқушыларды білімді, дарынды, өнегелі болуға тәрбиелейді, отансүйгіштік сезімдерін арттырады. Мемлекеттік тілге деген құрмет сезімдерін қалыптастырады.
Сабақтың түрі: жана сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойландыру, салыстыру (Венн диаграммасы), іздендіру, пікір алмасу, топтастыру, синквейн, компьютерлік әдіс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, парақшалар.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет, тарих, жаратылыстану, математика.

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеп, сабақтың мақсатын айту.
- Сәлеметсіздер ме, балалар?
Шеңберге тұрайық, бір бірімен амандасайық.
- Балалар, бүгінгі сабаққа қонақтар келіп отыр. «Қонақ аз отырып, көп сынайды»- деген қазақтың мақалы бар. Бүгінгі сабақта білімімізді көрсетейік.

ІІ. Үй жұмысын тексеру
Сөздерді сөйлету (слайд бойынша) Бұл кім туралы?
Тест орындау, бір - бірін тексеру (слайд бойынша)

II. Жаңа сабақ:
Ой қозғау: Тағы қандай қазақтың белгілі ғалымдарын білесіңдер?
Эпиграфы: «Жері байдың – елі бай»
Балалар, бүгінгі сабақтың эпиграфын «Жері байдың - елі бай» деп тегін алып отырған жоқпын. Өздерің білесіңдер, жердің бізге берері мол, ал осы байлықты алу үшін көп тер төгу керек. Осындай өз елі, оның болашағы үшін аянбай еңбек еткен, өз өмірін ғылымға арнаған адамдардың бірі - Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қаныш Сәтбаев»
Сабақтың мақсатын шығару: Алдарымызға қандай мақсат қоямыз?(қазақша сөйлейміз, жаңа сөздермен танысамыз, Қаныш Сәтбаев туралы жаңа мәлімет аламыз, грамматикалық тапсырмаларды орындаймыз)
Осы тақырыпқа байланысты озық тапсырма бойынша дайындаған оқушыларды тыңдайық.
(оқушылар өз жобаларын интерактивті тақтада қорғайды)
Сұрақ жауап: Қ. С. кім? Ол қай жерде туған?

Мәтінмен жұмыс жасау:
1. Оқып, бейтаныс сөздерді белгілеу, сөздікке жазғызу
2. Сауалдама толықтыру
3. Жоспар бойынша мәтінді әңгімелету

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1899 - 1964
Қаныш Сәтбаев - аса көрнекті ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тұңғыш президенті, академик, қоғам қайраткері.
Ол 1899 жылы Павлодар облысында туған. Қаныштың әкесі ауылда би болған. Қаныш бала кезінен алғыр, зерек болған. Оның алғаш сауатын ауыл молдасы ашқан болатын. Кейін Қаныш Павлодар қаласындағы екі кластық орыс - қазақ мектебін, Семейдің семинариясын, Томскідегі Технология институтын бітірген.
Сәтбаев Қазақстандық металлогения мектебінің негізін салушы. Ғалым бүкіл өмірін геология зерттеуге және туған өлкесінің минералдық шикізат базасын жасауға арнады. Ол Жезқазған мыс кенді ауданын ашты. Екібастұз көмірін ашты, сол жерлерде үлкен зауыттар ашылды. Ол Ұлытаудан Әмір Темірдің жазу жазып қалдырған тасын тапқан. Қазір бұл тас Эрмитажда орналасқан.
Қаныш Сәтбаев дарынды адам еді. Ол – 640 - тан астам ғылыми еңбектің авторы. «Жезқазған руда кеніші» деген ғылыми еңбегі үшін Қ. И. Сәтбаев Ленин орденімен марапатталды.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев тек қана геология саласында ғана емес, оның әдебиетке де қатысы бар екенін білдіңдер. Оған дәлел оның жазған «Ер Едіге», «Обаған», «Қазақстанның ұлт театры туралы», «Том қаласындағы ұлттар кеші», т. б. шығармалары дәлел. «Алгебра оқулығына» қосқан 220 терминдері арқылы да оның нағыз сөз атасы болғандығын түсінеміз.
Ұлы ғалым 1964 жылы қаңтар айында көз жұмды.

Сөздік:
негізін салушы - основоположник
мыс - медь
көмір - уголь
марапатталу – быть награжденным
шикізат - сырье
көз жұму (қайтыс болу) – закрыть глаза, т. е. умереть
Қаныш Сәтбаев жүктеу
20 363
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қажымұқан Н. Есенов
Қажымұқан Н. Есенов
Мәтіннің мазмұнын ашу, автордың берген ойын, идеясын түсіндіру.
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Табиғатты аялай білуге, ел байлығын үнемдеп пайдалануға тәрбиелеу. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру
Қазына көтерген бала
Қазына көтерген бала
М. Мирманов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің III деңгейлі сертификатталған «Бастауыш сынып мұғалімі» Балешова Шынар
Қаныш Сәтбаев
Қаныш Сәтбаев
Ақтау қаласындағы № 10 орта мектептің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Хасанова Нұргүл Қаламғалиқызы
Әнуар Жапаров «Қазына көтерген бала» (Қ.Сәтбаев туралы)
Әнуар Жапаров «Қазына көтерген бала» (Қ.Сәтбаев туралы)
Әнуар Жапаровтың «Қазына көтерген бала» атты әңгімесі бойынша қазақтың аса көрнекті геолог – ғалымы әрі қоғам қайраткері туралы оқып, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу.
Қаныш Сәтбаев
Қаныш Сәтбаев
  Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері. Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалушы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×