Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әнуар Жапаров «Қазына көтерген бала» (Қ.Сәтбаев туралы)

01 қаңтар 2015, Бейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Әнуар Жапаров «Қазына көтерген бала» (Қ. Сәтбаев туралы)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Қаныш Сәтбаев туралы әңгімемен танысу.
Сабақтың міндеттері:
Оқушыларға Әнуар Жапаровтың «Қазына көтерген бала» атты әңгімесі бойынша қазақтың аса көрнекті геолог – ғалымы әрі қоғам қайраткері туралы оқып, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу.
Байланыстырып сөйлеуге, ойын тұжырымдай білу қасиетін дамыту.
Қиындықтан қорықпайтын, елін қорғайтын, іздемпаз азамат болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Оқушыларды Қаныш Сәтбаев туралы әңгімемен танысты.
Әдіс - тәсілдер: «Ашық – жабық сұрақтар», «Миға шабуыл», «Сәйкестендіру»,«Галереяға саяхат», «Даналық ағашы» оқыта үйрету ойыны, «Постер» қорғау «Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі
Ресурстар: 4 – сынып әдебиет оқулығы, компьютерлік тұсаукесер, видео үзік, интерактивті тақта, фломастер, стикерлер, топқа бөліну парақшалар, смайлик, плакат.
Дерек көздер: «Қазақстан» телеарнасы, Қаныш Сәтпаев өмірінен үзінді.

Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс – әрекеті, оқушының іс – әрекеті
I. Кіріспе бөлімі
1. Ұйымдастыру: 2 мин Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Амандасу
Мұғалімнің әрекеті:
Күндей жадырап,
Айдай арайлап.
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастайық.
Оқушылардың әрекеті
Шаттық шеңбері
Балалар шаттық шеңберін құрып, бір - бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
Қайырла таң Жер – Ана,
Қайырла таң, көк аспан.
Қайырла таң, достар,
Қайырла таң Апайлар!
2. 2 мин 1 - модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Топқа бөлу. Қима қағаздарды құрастыру арқылы мақал шығарып алады. Сол бойынша 3 - топқа бөлінеді.
3. 2 мин Сыныптың білім деңгейін анықтау. Сабақтың ережесін шығару. Сабақтың бағалау критерийлерімен таныстыру.

II. «Миға шабуыл» 5 мин Үй тапсырмасын сұрау: 1 - модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.(Диалог арқылы оқыту)
Сұрақ – жауап.
1. Мұғалім картадан қандай елдерді көрсетті?
2. «Сибирь» деген кезде Тұрар неге елең ете қалды? Сахалин аралын неге сұрады деп ойлайсың?
3. Әңгіме соңында жазушы қоңырау сылдыры неге ұқсап кетті деп жазады?
4. Тұрар бейнесін көз алдыңа елестетіп, сипаттап айтып бере аласың ба?
5. Тұрардың фамилиясы неліктен Қырғызбаев болып өзгергенін білесің бе?

III. Өткенді пысықтау:
«Сәйкестендіру» Парақшамен жұмыс топпен орындау 2 – модуль Сыни тұрғыдан ойлау
Портрет – көркем шығармада кездесетін адамның сыртқы түрін, кескін - келбетін, жүріс - тұрысын суреттеуді...... дейді.
Монолог – кейіпкерлердің ішкі сезімін білдіру үшін өзімен - өзі сөйлескен сөзін айтады
Мінездеу дегеніміз адамның сыртқы келбеті, жүріс - тұрысымен бірге ішкі жан - дүниесін, мінезін, жақсы - жаман қылықтарын суреттеу
Лирика – көркем әдебиет жанрының бірі. Басты ерекшелігі – адамның көңіл күйін, сезімін, ішкі сырын сөзбен бейнелеп көрсетеді.

Әдеби ертегі – кейбір ертегінің шығарушы авторы белгілі болғандықтан, оны..... деп атайды
Автор көзқарасы – шығармада суреттеліп отырған кейіпкерге, оқиғаға, өмір құбылысына автордың беретін бағасы, оның өз ойы мен пікірі.
Оқиғаның шиеленісуі дегеніміз адамдар арасындағы қарым - қатынастың, қимыл - әрекеттің, яғни тартыстың қиындауы.
Айтыс – халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Айтыс дегеніміз екі ақынның арасындағы сөз жарысы. Айтыстың бірнеше түрі болады
Теңеу – екі нәрсенің ортақ сипатын, белгілерін табу, ұқсату

IV Жаңа сабақ
1«Қызығушылықты ояту» «Кім тапқыр?» Ойын шарты бойынша көрсетілген бағыт бойынша екі әріп тастай отырып, оқу сол кезде бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады.

2. Сабақтың мақсатын анықтау: 10 мин.
Сабақтың тақырыбын хабарлау. Күннің жадын жазу.
Жазушы Әнуар Жапаровтың « Қазына көтерген бала» әңгімесін оқып, ғалымның өзіне тән бір ерекшелігімен танысасыңдар.
Мұғалімнің ақпарат беруі:
Қаныш Сәтбаев – 1899 - 1964 жылы) Баян ауыл ауданы, Павлодар облысы қазақ және Кеңес Одағының геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, Ол Жезқазған, Қарағанды, Алтай жер аймақтарын зерттеп, көптеген кен орындарын ашқан. Маңғыстау, Мұғалжар, Торғай өңірлерінің табиғи байлықтарын анықтады.

Маңғыстау облысы,
Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы
Бастауыш сынып мұғалімі
Қосымбаева Гүлшат Жанекешқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
48 269
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Экология және біз
Экология және біз
Ойлау қабілетін, жалпы дүниетанымын, ғылыми көзқарасын дамыта отырып, өз елінің қамын ойлайтын, табиғат байлығын көзінің қарашығындай қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу.
Қаныш Сәтбаев
Қаныш Сәтбаев
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899 - 1964) - аса көрнекті ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тұңғыш президенті, академик, қоғам қайраткері. Ол 1899 жылы Павлодар облысында туған.
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Табиғатты аялай білуге, ел байлығын үнемдеп пайдалануға тәрбиелеу. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру
Қазына көтерген бала
Қазына көтерген бала
М. Мирманов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің III деңгейлі сертификатталған «Бастауыш сынып мұғалімі» Балешова Шынар
Қаныш Сәтбаев
Қаныш Сәтбаев
Ақтау қаласындағы № 10 орта мектептің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Хасанова Нұргүл Қаламғалиқызы
Қаныш Сәтбаев
Қаныш Сәтбаев
  Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері. Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалушы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×