Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөздердің байланысу түрлері. Қиысу

21 қаңтар 2013, Дүйсенбі
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Полатова Айнұр Мүслімбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу түрлері. Қиысу
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: сөздердің байланысу түрлерін таныту, жасалуы мен ерекшеліктері жайлы білім беру:
2. Тәрбиелік: оқушылардың белсенділігін арттыру, бірін - бірі сыйлауға, отаншылдыққа тәрбиелеу;
3. Дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін жетілдіру, алған білімді қолдана және талдай білуге үйрету.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: жаңа білім қалыптастыру
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, жаттығулармен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтадағы сызба, кесте, оқулық
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II. Өтілген материалды тексеру, қорытындылау.
Сөздердің байланысу тәсілдерін еске түсіру.
а) Синтаксис деген не?
ә) Сөздердің грамматикалық байланысын түсіндір.
б) Сөйлемдегі сөздер мен сөз тіркестері бір-бірімен қандай байланысу тәсілдері арқылы жасалады?
«Сәйкестік тесті» арқылы тақырыпты меңгергенін тексеру
Ізгілік кілті -------------------Шылау арқылы
Көпір арқылы өту ----Интонация арқылы
Абай - ақын ----------Орын тәртібі арқылы
Жастық шақ -----------------Жалғау арқылы

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Сызба кесте арқылы сөздердің байланысу түрлерін түсіндіру.
Сөйлемдегі сөздер әр түрлі ыңғайда байланысады. Олай болса сөйлемдегі, сөз тіркесіндегі сөздерді тек байланысу тәсілдеріне қарай емес, байланысу түрлеріне қарай да топтастыруға болады. Мысалы, Біз Ғаниды өзінің үйінен таптық деген сөйлемді сөздерді байланысу тәсілі тұрғысынан қарасақ, бәрі де қосымшалар арқылы байланысып тұрғанын білеміз: біз таптық (жіктік жалғау арқылы), Ғаниды таптық (табыс септік жалғауы арқылы), өзінің үйінен (ілік септік жалғауы мен тәуелдік жалғауы арқылы), үйінен таптық (шығыс септік жалғауы арқылы). Бұлар сөздердің байланысу түріне қарай өзара ажыратылады. Қазақ тілінде сөздердің байланысуы бес түрге бөлінеді.

Сөздердің байланысу түрлері
Қиысу, меңгеру, матасу, қабысу, жанасу

Слайд арқылы түсіндіру.
Мысалдар арқылы түсінікті тереңдету.
1. Қиысу. Мен көрдім ұзын қайың құлағанын. (Абай)
2. Матасу. Өткірдің жүзі, кестенің бізі өрнегін сендей сала алмас...
3. Меңгеру. Білгенге – маржан, білмеске – арзан,
Надандар бәһра ала алмас...
4. Қабысу. Сұрғылт тұман дым бүркіп... (Абай)
5. Жанасу. Бүгін бірінші рет әдейі алғызып отыр. (М. Ә.)

Ереже шығару.
1. Қиысу — баяндауыштың бастауышпен байланысы. Мысалы: Біз оқушымыз. Сендер студентсіңдер. Мен жазушымын. Олар бірінші космонавттар. Сіз оқытушысыз. Мен оқыдым. Біз оқыдық. Бұл — Шолақсай, Табысымыз мол, ертеңіміз айқын (газеттен).
2. Меңгеру — сөздердің өзара септік жалғауларының (ілік пен атаудан басқа) біреуі арқылы байланысқан түрі. Мысалы: Алтын етікті де аяққа киеді. Жақсы ісімен жақсы.
3. Матасу - ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысуы. Мысалы: ағаштың бұтағы.
4. Қабысу деп сөз бен сөздің өзара ешбір жалғаусыз тұрған орны арқылы байланысуын айтамыз. Мысалы: қызық кітап, ақ жаға, алтын сағат.
5. Жанасу - сөздердің жалғаусыз орын тәртібі арқылы байланысуының бір түрі. Мұның қабысудан айырмашылығы - тіркескен сөзінен алшақтап араға сөз салып та тұра алады. Мысалы: шарықтап ұшу, шырақтап көкке ұшу, ертең бару, ертең киноға бару.

IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Оқулықпен жұмыс
243 - жаттығу.
(Ауызша орындау, мәтіннен қиыса байланысып тұрған сөз тіркестерін тауып, қай сөз табынан екенін анықтау).
бала көріп (бағ. сың. зат есім, бас. сың. етістік)
бала жүре беріп еді (бағ. сың. зат есім, бас. сың. күрделі етістік)
шешесі тұрып (бағ. сың. зат есім, бас. сың. етістік)
әкең тұр (бағ. сың. зат есім, бас. сың. етістік)
Абай көрді (бағ. сың. зат есім, бас. сың. етістік)
әкесі Құнанбай тұр екен (бағ. сың. күрделі зат есім, бас. сың. күрделі етістік)
бала ұқты (бағ. сың. зат есім, бас. сың. етістік)
бала бұрылды (бағ. сың. зат есім, бас. сың. етістік)
Байтас түсіп (бағ. сың. зат есім, бас. сың. етістік)
жорға Жұмабай түсіп (бағ. сың. зат есім, бас. сың. етістік)
Байтас келеді екен (бағ. сың. зат есім, бас. сың. күрделі етістік)
жорға Жұмабай келеді екен (бағ. сың. зат есім, бас. сың. күрделі етістік)

244 - жаттығу.
Оқушыларға оқыту, мазмұндату. Ана тілі жайлы оқушы пікірін тыңдату. (Оқушылар тақырыпқа байланысты өз шығармашылықтарын, ақындардың өлең шумақтарын айтады)
Біз біле бастаймыз (орын тәртібі арқ. бай, қиысу, етістікті с. т)
Біз сіңіреміз (орын тәртібі арқ. бай, қиысу, етістікті с. т)
Өзіміз үйреніп (қос. арқ. қиыса бай. ет. с. т.)
өзіміз біле береміз (қос. арқ. қиыса бай. ет. с. т.)
ол құралымыз (орын тәртібі арқ. бай, қиысу, етістікті с. т)
өмірі ауысып отырады (қос. арқ. қиыса бай. ет. с. т.)
ерлік істері ауысып отырады (қос. арқ. қиыса бай. ет. с. т.)
аңыз - ертегілері ауысып отырады (қос. арқ. қиыса бай. ет. с. т.)
өлең - жырлары ауысып отырады (қос. арқ. қиыса бай. ет. с. т.)
кітаптары ауысып отырады (қос. арқ. қиыса бай. ет. с. т.)

Сөздердің байланысу тәсілдерін анықтау. «Сәйкестендіру» жұмысы.
Телефон арқылы сөйлесу ----------орын тәртібі
Абай – ақын ------------------------жалғау арқылы
Самал жел --------------------------шылау арқылы
Адамзатты сүю ------------------------орын тәртібі
Білу үшін оқу -----------------------жалғау арқылы
Шоқан – ғалым --------------------шылау арқылы
Ғажайып әлем ----------------интонация арқылы
Еңбектің жемісі --------------интонация арқылы

IV. Үйге тапсырма беру:
245 - жаттығу.
(Әнет бабаның өсиетін І жақ көптік тұлғада қайталап жазып шығу).
Сөздердің байланысу түрлері. Қиысу
V. Бағалау.
83 872
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Матасу
Матасу
Сөздердің байланысу түрлері ● Түрі: Қиысу Ережесі: Сөздердің жіктік жалғауы арқылы байланысуы. Немесе бастауыш пен баяндауыштың байланысуы
Қазақ тілі мен әдебиеттен сабақтар топтамасы
Қазақ тілі мен әдебиеттен сабақтар топтамасы
Атырау қаласы, №11 Ы. Алтынсарин орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әйгерім Мұхамбетжанқызы
Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін оқыту тәжірибесінен
Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін оқыту тәжірибесінен
Ақтау қаласы, Ж. Мыңбаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Төлеуова Анар Қаражігітқызы
Қиысу
Қиысу
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Құдықағаш ауылы, Құдықағаш орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бигалиева Көгершін Шаукенқызы
Сөздердің байланысу тәсілдері
Сөздердің байланысу тәсілдері
Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу тәсілдері Білімділік: оқушыларды сөздердің байланыстыру тәсілдерімен таныстыру. Сөздердің байланысу тәсілдері туралы алған білімдерін ауызша, жазбаша жетілдіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×