Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Азық - түлік

20 тамыз 2021, Жұма
Тобы: Ортаңғы топ.
Білім беру саласы: «Коммуникация».
Оқу қызметінің түрі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Азық - түлік.
Мақсаты: Азық – түлік аттарын қазақша атай алуға, естеріне сақтауға жаттықтыру; қандай?. Сұрағына жауап беру дағдысын жетілдіру. Тағамды қадірлеуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Мазмұнды сурет.
Қажетті құрал - жабдықтар: үлестірмелі суреттер, дәптер, қарандаш.
Алдын ала орындалатын жұмыстар: балалармен таңертеңгі ас кезінде әңгімелесу.
Билингвальді компонент: азық - түлік - продукты, нан - хлеб, сүт - молоко, май - масло.
Оқу іс – әрекетінің кезеңдеріТәрбиешінің іс - әрекетіБалардың іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық- Сәлеметсіздер ме!
Балалар бәріміз шаттық шеңберіне тұрайық.
Кәне, кәне тұрайық.
Үлкен шеңбер құрайық
Тұрсақ егер шеңберге,
Алақанды ұрайық.
Сол жақтағы балаға,
Оң жақтағы балаға.
Шапалақта, шапалақ,
Шапалақта, шапалақ.
Балалар біз алдыңғы оқу іс - әрекетіне қандай сөздермен таныстық, ұмытып қалған жоқпыз ба?
(Балалар назарына көрнекілікке аудару).
- Суреттен нелер көріп тұрмыз?
- Мынау не?
- Ол не үшін керек?
- Құлақ?
- Құлақ не үшін керек?
Біреу есік қағады.
Бұл кім екен?
Балалар қолында себеті бар Айжан қуыршақ келді.
Қәне, бәріміз амандасайық!
- Сәлеметсіз бе!
Шаттық шеңберіне тұрып, қимылмен қайталайды.
Балалар өткен іс – әрекеті естеріне түсіріп сұрақтарға жауап береді.
Жауап береді.
Бас құлақ.
Құлақ есту үшін керек.
Балалар Айжанға сәлемдеседі.
Ұйымдастырушылық - ізденістікМенің және Айжанның диалогім:
Айжан қайдан келесің?
- Дүкеннен келемін.
- Дүкенен не алдың?
- Шай, айран, ет алдым.
Балалар біз жаңа тақырыппен танысамыз.
- Айжан, не мынау?
- Шай.
- Балалар мынау не?
- Чай – шәй.
(жеке - жеке сұрау)
- Мынау не?
- Кефир – айран.
(жеке - жеке сұралады).
- Ал мынау не?
- Ет.
- Ет – мясо.
Дидактикалық ойын:
«Мен секілді қайтала»
Ет – мясо.
Сүт - молоко.
Шәй – чай.
Айран – кефир.
- Таңертең не жедіңдер?
- Қанша – ботқа, ботқа – каша.
Дәмді ботқа.
Сергіту сәтін өткізу.
Бала, бала, балақан,
Қане, қайсы алақан?
Саусақтарың әйбат
Былай – былай ойнап.
Үлестірмелі суреттермен жұмыс.
«Қайтала, дұрыс көрсет»
Дидактикалық ойыны.
- Айранның түсі қандай?
Айранның (нан, ет, сүт) дәмі қандай?
- Айжан балалар дұрыс айттыма?
Айжан балаларды мадақтайды.
Қоштасып кетеді.
«Дүкен» дидактикалық ойыны.
Шарты: «Сатушы» сайланады. Балалар кезек - кезек «сатушыға» келіп, «азық – түлік» сатып алады.
Диалогті зейін қоя тыңдайды.
- Шәй.
- Чай – шай.
- Кефир – айран.
- Ет - мясо.
Тәрбиеші дауыс ырғағына келтіріп сөздерді қайталайды.
Қайталайды: айран – кефир, ботқа – каша, ет – мясо, шай – чай.
  • Ботқа – каша.
Әнді, қимылды қайталайды.
Қайталайды, алдарындағы суретті көрсетеді.
  • Айран ақ. Айран дәмді.
Ойынға қатысады.
Рефлекциялық түзетушілік.Сұрақтар:
  • Бүгін қандай сөз үйрендің?
  • Нанның дәмі қандай?
Сөздерді қайталайды, сұраққа толық жауап беруге тырысады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Ет, ботқа, айран, шай, сөздерін;
Игереді: сұраққа ойланып жауап беру дағдысын;
Меңгереді: тағамдарды қадірлеу қажет екенін.
Қазақ тілі пән мұғалімі: Утебаева Айман Кантемировна
Павлодар қаласы
№ 52 арнайы балабақшасы
3 238
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Азық – түлік – Продукты
Азық – түлік – Продукты
Жаңа сөздерді білу, ол сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыра алу, сурет бойынша әңгіме құрастыра алу, мәтінді түсініп оқи алу, сұрақтарға жауап бере алу
Азық - түлік
Азық - түлік
Азық – түлік аттарын қазақша атай алуға, естеріне сақтауға жаттықтыру; қандай?. Сұрағына жауап беру дағдысын жетілдіру. Тағамды қадірлеуге тәрбиелеу.
Азық – түліктер. Дәрумендер.
Азық – түліктер. Дәрумендер.
Азық – түлік сапасын иісіне, дәміне, түсіне қарай ажырата білуге үйрету. Дәрумендер – табиғи қорғаушылар екенін ұғындыру, олардың пайдасы жайлы түсіндіру.
Азық – түліктер. Дәрумендер
Азық – түліктер. Дәрумендер
Азық – түлік сапасын иісіне, дәміне, түсіне қарай ажырата білуге үйрету. Дәрумендер – табиғи қорғаушылар екенін ұғындыру, олардың пайдасы жайлы түсіндіру.
Азық - түліктер
Азық - түліктер
Астана қаласы №3 мектеп-гимназиясы Қазақ тілі мұғалімі Асанова Назира Куанышовна
Дүкендер
Дүкендер
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Асаново ауылы, Асанов орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Желенко Римма
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×