Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Ырыс түбі – ынтымақ» атты мерекелік іс - шара

Ырыс түбі – ынтымақ
(1 - мамыр, Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай өткізілген сабақтан тыс іс - шара, жоғары деңгейге арналған)
Мақсаты:
а) Көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі туралы білу, сөйлемдерді дұрыс құрастыра білуді үйрету.
  ә) Тапсырмалар арқылы тыңдаушыларды сөздерді дұрыс байланыстырып, ойды жүйелеп айтуға дағдыландыру. Мемлекетіміздің өркендеп, ілгері басып келуінің бір себебі – елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының нық болуын жалғастыру, татулықты дәріптеу, ұлттар достығын сақтау мен нығайтудың маңызы зор екеніне көз жеткізу.
Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті, ұстаздар мен тыңдаушылар!
«Ырыс түбі – ынтымақ» атты мерекелік іс - шараға қош келдіңіздер!
Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,
Татулығын жырға қосам ұлттардың
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін
 Ал енді тыңдаушылармен танысу үшін «Сәлем сөздің басы» тренингін өткіземіз. Басқа топ тыңдаушылары әр елдің амандасу түрлерін айтады (бейнеролик арқылы). Тыңдаушылар сол елдердің біреуін таңдап, солай амандасу қажет.
Жүргізуші
 1 - мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Біздің елімізде жүз отыздан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, үнгіш, татар, орыс, дүнген, өзбек, қырғыз, түрікмен, тәжік, армян, әзербайжан, украин, белорус, түрік, шешен және тағы басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір - бірімізбен қоян - қолтық аралас өмір сүрудеміз.
 Бүгін әрбір ұлтқа салт - дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Дегенмен бақыт, әділдік, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктірді.
«Кім тапқыр?» кезеңі «Worldwall» платформасы арқылы викториналық сұрақтарға жауап беру.
1. Қазақстан Республикасында қанша ұлттар мен ұлыстар мекендейді?
(130 - дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді)
1. Қазақстан халқы Ассамблеясы қай жылы құрылды?
( 1 - наурыз 1995 жыл)
1. Тәуелсіздікті қай жылы алдық?
(1991 жылы, 16 - желтоқсан)
  • 4. Қазақстан Республикасының астанасын атаңыз? (Астана).
  • 5. Қазақстан Республикасында қай тіл мемлекеттік тіл болып табылады? (Қазақ).
  • 6. Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы? (Домбыра)
  • 7. Қазақстан Республикасында ұлтаралық қатынас тілі қандай тіл болып табылады? (Орыс)
  • 8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері (Ту, Елтаңба, Әнұран)
  • 9. Ұлттық валюта (Теңге)
  • 10. Қазақ фольклорының әзіл - сықақ әңгімелері мен анекдоттарының, халық ертегілерінің кейіпкері (Алдар Көсе)
  • 11. Қазақтардың ұлттық тұрғын үйі (киіз үй)
  • 12. Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі (1 мамыр)
  • 13. Шаңырақ нені білдіреді (Шаңырақ — елтаңбаның жүрегі. Бұл - отбасы)
Жүргізуші
Назданып бүгін өмір нұрлы күні,
Қыр беттің қызғалдаққа тұнды гүлі.
Мамыр боп, айбары асып асқақтайды,
Еңбек, Бақыт, Береке, Бірлік күні.
«Сен білесің бе?» кезеңі(Тыңдаушылар 3 мемлекетті слайд арқылы таныстырады)
1 - мемлекет: Ресей мемлекеті
2 - мемлекет: Татарстан
3 - мемлекет: Белорус мемлекеті
(Мемлекеттерді слайд арқылы таныстыру)
Халқымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білу жеңістен жеңіске жеткізеді. Оған халық куә, тарих куә!
Міне, осыған сәйкес «Тапқыр достар» ойынын ұйымдастырайық. Ынтымақ, бірлік, достық жөнінде мақал - мәтелдердің басы айтылады, жалғасын тыңдаушылар табу қажет. «Worldwall» платформасы арқылы
Ырыс алды – (ынтымақ)
Бірлік болмай – (тірлік болмас)
(Ынтымақтың түбі) – игілік
Бірлік, ынтымақ - (байлық, бақ)
Тірлік, тірлік түбі - (бірлік)
(Татулықта) табыс мол
Біршілік болмай (Тіршілік болмайды)
Дос басыңа қарайды (Дұшпан аяғыңа қарайды)
Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан (көзіңе мақтар)
Ағаш тамырымен мықты, Адам (дос – жарымен мықты)
Дос - егіз, (дұшпан - сегіз)
Досыңды мақтағаның - (өзіңді жақтағаның)
Досы жоқ адам - (Тұзы жоқ тағам)
Досы көпті жау алмайды, (Ақылы көпті дау алмайды)
Теңге тиыннан, (Ынтымақ – ұйымнан).


 

«Ұлттық аспап – ұлт құндылығы» кезеңі (бейнеролик көрсетіледі)
Қазақ халқының ұлттық аспабы – Домбырамен таныстыру.
Аспаптармен таныстыру.
1 - мемлекет: Ресей мемлекеті
2 - мемлекет: Татарстан
3 - мемлекет: Белорус мемлекеті
(Аспаптарға жалпы сипаттама беріледі)
Жүргізуші:
Қандай мереке мерекелік дастарқансыз өтеді. Ендігі кезек ұлттық тағамдарға келді. Әр халықтың өз ұлттық тағамдары бар.
«Берекелі көңілді дастархан кезеңі» (ұлттық тағамдар)
Сұрақ - жауаптар. Қазақстан халықтарының ұлттық тағамы.
Люля - кебаб (әзірбайжан)
Пудинг Йоркширский (ағылшын)
Картоптен жасалған драниктер (Белорус)
Шашлык, Хачапури (Грузин)
Лағман (Дүнген)
Пицца (Итальяндықтар)
Лаваш(армян)
Мамалыга(молдаван)
Сомса(қырғыз)
Блины (орыс)
Чак - чак (татар)
Палау (өзбек)
Етпен асқабақтан жасалған мәнті (ұйғыр)
Галушки (украин)
Суши (жапондықтар)
Кук си (кәріс)
Штрудли (неміс)
Бигос (поляк)
Әр мемлекет өкілдері өздерінің жасаған тағамдарын ұсынады және әзірлеуін түсіндіреді.
Сергіту сәті «Түсін мені»
Ағаш
Жылқы
Орман колледжі
Бауырсақ
Шаңырақ
Тех колледж
Күннің көзі
Жүргізуші
«Бұл қай елдің ұлттық киімі?» (слайдтар арқылы суреттер жасырылады)
1. Қазақ
2. Орыс
3. Белорус
4. Қырғыз
5. Грузин
Дәстүр көрсетіледі.
Жүргізуші: 1 - мамыр мерекесі дүниежүзіндегі халықтардың достығы мен бірлігін атау күні. Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Елімізде әр ұлттар тату - тәтті өмір сүруде. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деген халық мақалы біздің елге айтылғандай. Олай болса «Ашық аспан астында» бөліміне кезек берейік. Бұл бөлімде тыңдаушылар шаңырақ астына жиналып, Қазақстан туралы өздерінің ойларын, тілектерін ортаға салады.
Жүргізушінің қорытынды сөзі: «Ырыс түбі – ынтымақ» атты мерекелік іс - шарамыз осымен аяқталды. Баршаларыңызға, әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт береке тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет. Қош сау болыңыздар!

Бурабай ауданы Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы  Махметова А.С.
 
1 059
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 - мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні
1 - мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні
1 - Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! «Бірлік бар жерде - тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек.
1 мамыр Ынтымақ күніне арналған «Достық бұлағы» атты ертеңгілік жоспары
1 мамыр Ынтымақ күніне арналған «Достық бұлағы» атты ертеңгілік жоспары
1 мамыр Ынтымақ күніне арналған «Достық бұлағы» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған сценарий
1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған сценарий
1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған сценарий Весений проект «Родник дружбы».
1 - Мамыр «Халықтар достастығы»
1 - Мамыр «Халықтар достастығы»
Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130 - дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді. Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстаған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері
Қазақстан – достық мекені
Қазақстан – достық мекені
Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді Қазақстан Республикасының ұлттарының тілдері мерекесі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ынтымақ мерекесі
Ынтымақ мерекесі
Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі: Тіл дамыту. Тәрбиеші: Ахметкалиева М. Б.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×