Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тілі және әдебиеті сабақтарында сын тұрғысынан ойлауды дамытудың тиімді әдістері

23 тамыз 2023, Сәрсенбі
Қазақ тілі және әдебиеті сабақтарында сын тұрғысынан ойлауды дамытудың тиімді әдістері 

Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль балалардың да, педагогтердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-сабақта балалардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз — ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Сын тұрғысынан ойлау-ашық қоғам негізі. Ол өз алдына сұрақтар қойып және оларға үнемі жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу,сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелерді қисынын зерттеу дегенді білдіреді.Сыни ойлау-адам өмірінің бір саласы. 
Мен өз тәжірибемде, қазақ тілі және әдебиет сабақтарында  оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытуда «FILA  кестесі», «SWOT кестесі», «ПОПС формуласы» және «Фрайер моделін» басшылыққа аламын. Қазіргі функционалдық сауаттылыққа негізделген бағдарламаны меңгеруде бұл жұмыс түрлерін өз тәжірибемде жиі пайдаланамын. Себебі, жаңартылған білім беру  бағдарламасының негізі-мәтінмен жұмыс жасау. Ол көркем әдебиетке қатысты мәтін  немесе қазақ тілі сабағындағы  мәтін болуы мүмкін. Мәтінмен жұмыс жасауда оқушы  ең алдымен мәтін мазмұнын меңгеру қажет. Мәтін бойынша түрлі тапсырмаларды орындауға дағдылану керек. Мәтінмен жұмыс жасау барысында әр оқушы қоғамда өз ойын айта алу, сыни пікір айту,  сын тұрғысынан ойлау,  өмірмен байланыстыру дағдыларын дамыту керек деп ойлаймын. 
1. «SWOT кестесі»
 Баланың ақпаратты тез меңгеруі оның жеткізілуіне де тікелей байланысты екенін естен шығармаған жөн. Осы орайда, заманауи талапқа сәйкес ұстаздар өздерінің оқу-әдістемелік құралдары ретінде түрлі ойын мен сараптамалық жұмыстарды назардан тыс қалдырмасы анық. SWOT – тақырыпқа деген көзқарасты анықтау үшін жүйелі ойлауға негізделеген сараптамалық әдіс. Бұл сөздің мағынасы жоқ, дегенмен құрамындағы әр әріптің өзіне тән түсінігі бар. Бұндағы: Strengths (күшті жағы) Weaknesses (әлсіз жағы), Opportunities (мүмкіндіктер), Threats (қатерлер). Көтеріп отырған мәселенің күшті (S) және әлсіз (W) жақтары ішкі ортаны қамтиды. Яғни, нысанның өзі сыртқы ортаға қалай әсер ететіндігі сөз болады. Ал мүмкіндіктер (О) мен қатерлер (Т) сыртқы ортаға қалай әсер ететіні талқыланады. SWOT әдісінің жақсы жақтары қандай? – Бұл – кез келген салада қолдануға болатын әмбебап әдіс. Бұны зерттеу нысанына қарай оңай бейімдеуге болады. – Қойылған мақсаттарға сәйкес жеңіл таңдау жүргізуге болатын еркін әдіс. (Мысалы, қаланы туризм саласы бойынша немесе көлік пен әлеуметтік жағдайына байланысты қарастыруға болады) – Әдісті қолдануға арнайы білімнің қажеті жоқ. – Сыни ойлап, жан-жақты көзқарастың қалыптасуына әсер етеді. SWOT әдісінің кемшілігі бар ма? – Әдіс тек ортақ факторларды көрсетеді. Бүгінде балаларды таңғалдыру өте қиын. Ойлануды керек етпейтін жұмыстардан олардың жалығары сөзсіз. Ал осындай әдістер сабақтың қызықты өтуіне әсер етеді.

Шокаева Аигерим Алтынгазиевна
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің «Мұхтар Әуезов  атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
Түйін: Бұл мақалада қазақ тілі және қазақ әдебиеті сабақтарында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытудың тиімді әдістері   туралы айтылған.

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу
747
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оқыту мен оқуда жаңа әдіс – тәсілдерді қолдану – заман талабы тақырыбындағы аудандық семинар
Оқыту мен оқуда жаңа әдіс – тәсілдерді қолдану – заман талабы тақырыбындағы аудандық семинар
Мұғалімдер оқу үдерісінде оқушылардың танымдық көзқарасын қалыптастыруда сын тұрғысынан ойлауды дамытудың негізгі әдістерін анықтайды.
Баяндама: Қазақ тілі және әдебиет сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың тиімділігі
Баяндама: Қазақ тілі және әдебиет сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың тиімділігі
Сыни ойлау – белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психологиялық үрдіс» екенін атап көрсеткен.
Химия пәні бойынша сабақтарының жинағы
Химия пәні бойынша сабақтарының жинағы
Қостанай облысы, Амангелді жалпы білім беретін орта мектебінің химия-биология пәнінің мұғалімі Абдикова Камшат Шөптібайқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабақтарында сын тұрғысынан ойлауға үйрету
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабақтарында сын тұрғысынан ойлауға үйрету
ШҚО, Көкпекті ауданы, Тассай ауылы, "М.Әуезов атындағы орта мектебі"КММ Садыкова Мейірлі Жанұзаққызы
Сын тұрғысынан ойлауды қолдану
Сын тұрғысынан ойлауды қолдану
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы Николаевка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Окасова Гүлден Маликовна
Сыни тұрғысынан ойлауға және жазуға үйрету
Сыни тұрғысынан ойлауға және жазуға үйрету
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы № 3 орта мектеп, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Туреева Майсагүл Ашықбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×