Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің туған өлкем

04 қаңтар 2024, Бейсенбі
Менің туған өлкем
Кіндік қанымыз тамып, болашағымыз бен өткеніміз тығыз - байланысқан құтты мекен - туған жеріміз. Қандай жанның болмасын санасында мәңгі жаңғырып тұратын ұлы - есім. Туған елге, жерге, оның топырағына деген сүйіспеншілік тұлға жүрегіндегі – ең ұлы сезім. Халқымыздың туған жерді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін өз ата – қонысын қадір тұту - қанға сінген мінез, ежелгі дәстүр.
Әр тұлға өз туған жерін мақтаныш етеді, қадір тұтады.«Ұлтарақтай болса да, ата - қоныс жер қымбат» деп өткен аумалы - төкпелі заманда еліміздің небір ержүрек, батыр ұл - қыздары туған жер үшін жан аямай күрескен. Қандай жағдай болмасын жерді жау қолынан аман сақтауды мақсат еткен. Жеті дарияның аржағында жүрсе де, «Басқа жердің отынан туған жердің түтіні артық» деп ат басын өз мекеніне қарай бұрған. Отанға деген махаббатты жүрек түкпірінде мәңгі сақтай білген.
Қай жерге барсамда, көзімді жұмып көретінім, өзімнің кішкентай отаным Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе ауылы. Балалық шағымның уайым – қайғысыз, бақытты кезеңі өткен мекен. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған сәт, достармен алғашқы таныстық, бірге ойнап күліп жүрген кездерім, барлығы осы өлкемен ғана ұштасады.
Мен ұлтарақтай мекенімнің үлкен тарихына шолу жасасам деймін. Себебі туған жерімнің тарихы, менің тарихым. Қызылтөбе ауылының атауына негізі Қызыл құм үстінде орналасқан далалық аймақ болуы себеп болған екен. Осы қызыл құмды аймақтың жиырма жылдай тарихы бар. Мен осы жылдарды үш кезеңге бөліп қарастырдым. Бірінші кезең қалыптасу кезеңі. Бірінші кезең Қалыптасу кезеңі. тарихқа көз жүгіртер болсақ: 1964 жылы темір жол бекекті салынып, осы жерге мұнайды егу үшін теміржол арқылы құрылыс материалдар тасымалданып, күйбек тіршілік пен жұмыс қайнап жатқан. Жұмысқа келген адамдар шағын мекенді ел болуына себепкер болып, осылайша қызыл құммен төңкерілген бұл аймақ 1975 жылы үкіметтің шешімімен Қызылтөбе ауылына айналды.
Екінші кезең, халық тіршілігі жақсарып, көркейіп келе жатқан даму кезеңі. Қызылтөбе ауылының бой көтеруіне бірден - бір үлесін қосқан ауылымыздың алғашқы әкімі Әріп Смадинев. Ол 2005 жылы 6 сәуірде Қызылтөбе селолық округінің құрылу туралы жарғысына қол қойған болатын. Бұл кезеңде экономика саласы өте жемісті болды. Тұрғындардың қамы үшін 60 - қа жуық азық түлік пен шаруашылық дүкені және тойханалармен, 30 - дан астам шағын жеке кәсіпкерлік мекемелері бой көтерді. Солардың ішінде жеке кәсіпкерлік тігін цехтары, түрлі үйірмелер мен көлік жүргізуді үйрететін мектептер және аула клубытары ашылды.
Ал енді бүгінгі бейнесін «гүлдену кезеңі» дер едім. Қызылтөбе өлкесінде кәсіпкерлік жылдан - жылға дамып келеді. Кәсіпкерліктің әртүрлі ошақтары пайда болып, ауылымыздың көркеюіне өз үлестерін қосуда. Мысалы, тігіншілік. Аумақта үлкенді - кішілі ательелелердің қатары көп және фаст - фуд дүкендеріде күннен - күнге көбейіп келеді. Сондай - ақ мен білім алатын білім ордам «Қызылтөбе лицейі» КММ обылыста көш бастап, Қазақстан Республикасы бойынша білім сапасы жағынан 10 үздік мектеп қатарына кіріп, кішкентай ғана Қызылтөбе ауылының абыройын асқақтатты. Алтын бесігімізде жастардың жан - жақты дамуына көп көңіл бөлінген. Кішкентай балаларға арналған ойын алаңдарының қатары көбейді. Осындай алаңдардың бірі 2019 жылы ашылған «Жастар саябағы». Онда футбол және басқа да ойындар ойнауға арналған үлкен алаң, балаларға арналған үлкенді - кішілі әткеншектер мен кешқұрым велосипед айдап, көңіл көтеретін шағын алаң ұйымдастырылған. Жадырап күлген дауыстар мен бақытқа толы сәттердің ошағы.
Әр нәрсенің өзіндік артықшылығы да, кемшілігі де бар. Ауылым көркейіп жатыр дегенмен оның да ақсайтын тұстары бар. Өлкеміздің жандануы үшін жүзеге асырылуы қажет іс - шаралар жетіп артылады. Мәселен қоқыс мәселесі. 2020 жылғы ғарыштық мониторинг нәтижесі бойынша рұқсатсыз төгілген 148 қоқыс шығару орнының 48 - і Мұнайлы ауданына тиесілі. Соның ішінде 9 орын тұрмыстық қатты қалдық қабылдайтын ескі полигон аумағында орналасқан. Ал Қызылтөбе өлкесі аудан бойынша 17 орынмен көш бастап тұр. Тағы да айта кететін жайт, әлеуметтік желіде қоқыс шығарылу туралы шағымдар өте көп. Бұл мәселенің шешімін табу өз қолымызда, яғни әр ауыл тұрғыны өз ауласын, өз көшесін таза ұстамаған жағдайда айыппұл салып, осы бағытта іс - шаралар ұйымдастырып, жастар арасынан еріктілер тобын құрсақ туған өлкеміз одан әрі гүлдендірер едік. «Тазалық саулық негізі» демекші жерімізді таза ұстау арқылы, өз денсаулымызға да үлкен пайда әкелеміз.
Өлкемізде орын алып жатқан әлеуметтік мәселелердің қатары мұнымен шектелмейді. Әлі күнге дейін өз шешімін таппаған мәселе – су тапшылығы. Қазіргі таңда өлкемізде аудан көлемінде су құбырлары тартылған. Бірақ тұрғындарға тиісті мөлшерде су көлемі жетспегендіктен, бұл мәселе өршіп тұр. Бүгінгі күні өлкеміз «Каспий» тұщы су зауытынан 13000 текше метр мөлшерде су алып отыр. Болашақта бұл көлем 45000 текше метрге жетеді деген болжам бар. Ауылымыздағы №2 орта мектептің жертөресінен шыққан, кейбір тұрғын үйлерден астыннан атқылап шыққан, артезиан суының құрамын зерттеу арқылы, халықты ауыз сумен қамтасыз етіп, бұл мәселенің шешімін табуға болады. Бұл судың білім ордасыннан шығуыда тегін емес деп ойлаймын. Жер астыннан атқылап шыққан артезиан суының құрамын зертеуді жылдап қолға алып, ішуге жарамды, жарамсыз екенін анықтап, халық игілігіне жаратуқанда ғана, халық көңілі тынышталып, Су бар жерде ырыс бар дегендей ырысты да берекелі ел болуда алға қадам басар едік. Бұл су шипалы су болуыда әбден мүмкін. Сонымен қатар 2001 жылғы дерек бойынша ауыр емес қылмы 49%- ға, кісі өлтіру 20%- ға азайған. Дегенмен қылмыстың алдын алу және болдырмау үшін өлкеміздегі жасөспірімдер арасындағы қылмыстық, ерте жүктіліктің, зорлық - зомбылықтың, кәмелет жасқа толмай отбасы құрудың, қоғамдық ортада өзін - өзі ұстай алмаудың, бұлапыт сөздерді шектен тыс қолданудың алдын алу және болдырмас үшін ауылымызда ұл балалар мен қыз балаларға арнап, отбасылық өмірге үйрететін орталықтар ашылса деймін. Бұл үйірмелер ұлт құндылықтарымызды насихаттай отырып,«өмір» атты үлкен жолға дайындар еді.
Кіндігімді байлаған қазығым – ай
Сен болмасаң бұл маңды көрмес едім,— деп ақиық ақынымыз М. Мақатаев жырлағандай, біз өзіміздің кіндік кескен, туып — өскен мекенімізді қастерлей, оның тыныс — тіршілігін, тарихын, мәдениетін, экономикалық хал – ахуалын, зиялы қауымын мақтан ете отырып, алтын бесігімізді жүрекпен сүйіп, көркеюіне іспен үлес қосайық.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Отан үшін отқа түссең де күймейсің, туған жеріңнің бір түйір тасының өзі жаттың ат басындай алтыннан қымбат. Сондықтан қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқарып, отаншылдық рухпен туған жерге деген махаббат сәулесін шашып тұруымыз керек. Әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтаақ өлкесін дамытып туған жерін мақтан тұтуға тиіс.

Авторы: Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
«Қызылтөбе лицейі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Нургалиева Нуржамал Нурмаганбеткызы
791
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Туған жер-тұғырың
Туған жер-тұғырың
Уа, дариға, алтын бесік туған жер, Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр! Жаза алмас ем топырағыңды тебіренбей Ақын болмай, тасың болсам мен егер
Туған жердің киесі
Туған жердің киесі
Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Изобильный аулының орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Даирова Ғалия Жетпісқызы
Отаным - Қазақстан (оқушы шығармашылығынан)
Отаным - Қазақстан (оқушы шығармашылығынан)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің 6 - сынып оқушысы Есқалиқызы Балкүміс
Елім деп соғар жүрегім
Елім деп соғар жүрегім
Атамекен, Отан, туған жер ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Туған жерге сүйіспеншілік
Туған жерге сүйіспеншілік
Байқоңыр қаласы, Қ.Х.Тоқмұхамедов атындағы №14 бастауыш мектебінің 2 «Б» сынып оқушысы Мұхамедқалиева Сымбат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×