Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шоқан Уәлиханов - тұңғыш ғалым

13 ақпан 2012, Дүйсенбі
Сабақтың тақырыбы: Ш. Уәлиханов – тұңғыш ғалым

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың қазақтың тұңғыш әскери ғалымы, белгілі қайраткері Ш. Уәлиханов туралы білімдерін толықтыру, оның өмірі мен шығармашылық жолына, ғылыми еңбектері мен зерттеу жұмыстарына шолу жасау.
2. Оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту, сөздік қоюын молайту, ой - өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, ойларын еркін жеткізе білуге қалыптастыру.
3. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ғалымның өнегесі мен еңбектері арқылы оқушыларды білімді, дарынды, өнегелі болуға тәрбиелеу, отансүйгіштік сезімдерін арттыру. Мемлекеттік тілге деген құрмет сезімдерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: топтық жұмыс.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойландыру, салыстыру, іздендіру, пікір алмасу.
Сабақтың көрнекілігі: Ш. Уәлихановтың портреті, ғалымның өмір жолы мен шығармашылығына арналған буклет, интерактивті тақта, слайдтар, тест, карточкалар, сөз жұмбақ.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет, тарих.

Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныпты сабаққа даярлау.
2. Үй жұмысын тексеру.
Оқушылар екі топқа бөлінеді, интерактивті тақтаны пайдалана отырып, ғалымның өмірі мен шығармашылығына шолу жасайды.
3. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
- Балалар, қай заманда, қай ғасырда болмасын мәңгі өлмес тұлғалар болады. 19 ғасырдың 2 - жартысында өмір сүрген, қазақтың дана да дара тұлғасы, артына өшпес мұра қалдырған ұлы ғалымы – Шоқан Уәлиханов. Олай болса, Ш. Уәлиханов Кім? Деген сұраққа жауап жазайық. Берілген диаграмманы толтыру.
Шоқан (тұңғыш әскери ғалымы, ұлы саяхатшы, суретші, археолог, тарихшы, публицист, әдебиетші, зерттеуші, географ, ойшыл, ағартушы – демократ, Европаға қазақ әдебиеті мен мәдениетін алғаш танытушы.)
4. «Бір – біріңді тексер» ойыны.(Тест жауаптарын белгілеген соң, тақтадағы дұрыс жауаптар бойынша екі топ мүшелері бір – бірін тексереді)

Тест сұрақтары.
1. Шоқанның шын аты кім?
а) Ибраһим
ә) Мұхаммедханафия
б) Садуақас
2. Шоқан қай жылы дүниеге келді?
а) 1835
ә) 1845
б) 1865
3. Шоқанның туған жері.
а) Қостанай облысы, Қызылту ауданы
ә) Алматы облысы, Ақсу ауданы
б) Қостанай облысы, Құсмұрын бекеті
4. «Жалпы жолдастарының, соның ішінде маған, ол «Еуропаға ашқан терезе іспеттес», - деп кім айтты?
а) Г. И. Потанин
ә) В. В. Григорьев
б) Н. И: Ильминский
5. Шоқанның балалық шағы қай жерде өткен?
а) Сырымбет
ә) Сандықтас
б) Шыңғыстау
6. Шоқанның әжесінің аты.
а) Ұлжан
ә) Зейнеп
б) Айғаным
Шоқанның арғы атасы
а) Абылай
ә) Шыңғыс
б) Уәли
8. Ш. Уәлихановтың кадет корпусына оқуға түскен жылы.
а) 1852
ә) 1847
б) 1858
9. Шоқанның кадет корпусын бітірген жылы.
А) 1852
ә) 1853
б) 1854
10. Семейде Шоқанмен оның орыс досы... ескерткіш орнатылған.
а) И. И. Березинге
ә) Ф. Достоевскийге
б) М. Хоментовскийге
11. Шоқан Қашқарияға қашан саяхат жасады?
а) 1858 - 1859
ә) 1854 - 1857
б) 1847 - 1853
12. Шоқан қай жырды қағазға түсірді?
а) «Алпамыс»
ә) «Қобыланды»
б) «Манас»
13. Шоқан қай жылы Орыс География мүшелігіне сайланды?
а) 1861
ә) 1858
б) 1857
5. Сөз жұмбақ шешу.

6. Аударма жұмысы.
Үлестірмелі карточкалар бойынша жұмыс.
Ш. Уалиханов родился в 1835 году в нынешней Кокшетауской области. Он рос умным, понятливым мальчиком.
Настоящее его имя – Мухаммедханафия. Шокан – это ласкательное имя, данное ему родителями. Он обучался арабской грамоте, знал чагатайский и другие тюркские языки..
В 12 лет он поступил в Омски» кадетский корпус. Он учился очень хорошо. Он побывал во многих местах, собирал образцы устного народного творчества и материалы, связанные с историей и этнографией не только казахского народа, но и уйгурского, киргизского, дунганского, китайского народов,
Он впервые записал эпос киргизского народа «Манас» В 1857 году он стал членом русского Географического общества.

7. «Дұрыс аудармасын тап»
- Балалар, сендердің алдыға қойған мақсаттарың, болашақтағы армандарың не?
Ең бірінші адамға не керек?
- Әрине, денсаулық керек, сондықтан да жас кездеріңнен денсаулықтарыңды күтіп, шымыр да мықты болып өсу үшін салауатты өмір салтын ұстап, жаман әдеттерден аулақ болуларың керек. Келесі сайысымыз «Дұрыс аудармасын тап» деп аталады.
Интерактивті тақтада денсаулық туралы мақал – мәтелдер жазылған. Аудармаларының орындары ауыстырылып берілген. Екі топтағы оқушылар кезекпен шығып, дұрыс аудармасын сызықшамен көрсетеді.

8. Сабақты бекіту.
5 жолдық тұжырымдама:
1. Кім? (Шоқан)
2. Қандай? (Алғыр, ақылды, білімді, өнерлі, зерек)
3. Не істеді? (зерттеді, саяхат жасады, аралады)
4. Синоним. (зерттеуші – ғалым, алғашқы – тұңғыш, атақты – белгілі, танымал – әйгілі)
5. Бір сөйлем. (Ш. Уәлиханов – қазақтың тұңғыш әскери ғалымы)

9. Рефлексия. Ой толғаныс.
– Ал, балалар, көңіл – күйлерің қалай? Сонымен бүгінгі сабақта кім туралы айттық? Нені ойға тоқып, жадымызға сақтауға тиіспіз?
10. Сабақты қорытындылау. Білімдерін бағалау.

11. Үйге тапсырма: «Егер мен ғалым болсам...» тақырыбына эссе жазу.
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
- Балалар, бүгін барлықтарың сабақта тамаша жұмыс істедіңдер. Сендерге үлкен рахмет! Шығыста «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір» деген нақыл сөз бар екен. Сол айтқандай, дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын тұратын ұрпақ болып өсіңдер! Білімдерің шыңдала түсуіне тілектеспін! Сабақ аяқталды.
30 511
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қаныш Сәтбаев
Қаныш Сәтбаев
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899 - 1964) - аса көрнекті ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тұңғыш президенті, академик, қоғам қайраткері. Ол 1899 жылы Павлодар облысында туған.
Шоқан Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы
Шоқан Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы
Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметін таныстыра отырып, ғалым, этнограф, суретші, зерттеуші әрі жан – жақты шығармашыл тұлға болғандығын көрсету.
Шоқан − тұңғыш ғалым, зерттеуші
Шоқан − тұңғыш ғалым, зерттеуші
Алматы облысы, Талғар қаласындағы №7 мектеп - лицейде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дарменқұлова Ғалия
Қазақтың көрнекті ғалымы - Шоқан Уалиханов
Қазақтың көрнекті ғалымы - Шоқан Уалиханов
Атырау облысы, Б. Момышұлы атындағы №25 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Қуатова Жанат Қарақойшықызы
Қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлиханов
Қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлиханов
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы Ақжар қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Қалитова Гаухар Кентайқызы
Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов
Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов
Пәні: Қазақстан тарихы Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы: Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов Сабақтың мақсаты: ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ мәдениетінің көрінісі, орыс демократиялық мәдениетінің әсері, орыс – қазақ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×