Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Есімшенің түрленуі

30 қаңтар 2013, Сәрсенбі
Сыныбы: 7а
Сабақтың тақырыбы: Есімшенің түрленуі.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін еcтеріңе түсіре отырып, есімше, оның жасалуы мен түрленуі, өзіндік ерекшеліктері туралы түсінік беру, интерактивті қарым - қатынас арқылы сыни тұрғыдан ойлауына мүмкіндік беру.
Оқыту нәтижесі: Оқушылар топтық жұмыс барысында өз ойын ашық айтуға мүмкіндік алады. Танымдық белсенділігін арттыра отырып, басқалардың пікірін тыңдауға, өз бетімен іздену мен қатар жұптық, топтық ізденуге құлшыныс жасай алады.
Идея: Оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға, өз ойын сенімді түрде айта алуға, өзін бағалаумен бірге топтық жұмыс барысында басқаларды да әділ бағалай алады. Диалогтік оқыту барысында өзін - өзі реттеуге мүмкіндік алады.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты өту.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызбалар, қима қағаздар, интерактивті тақта, кестелер.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушыларды түгендеу,
2. Психологиялық жағдай: шеңбер бойымен сәттілік тілеу.
3. Қима қаздар таңдату арқылы төрт топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: төрт топқа беріледі.
2. 1) Мына етістіктерді етістіктің райларына айналдырып жіктеңіздер.
Жақ І. Ашық рай ІІ. Бұйрық рай ІІІ. Шартты рай ІV. Қалау рай
жаса айт баянда көр
І Мен
ІІ Сен
Сіз
ІІІ Ол
І Біз
ІІ Сендер
Сіздер
ІІІ Олар
2. 2) Етістіктің райлары дегеніміз не? 2) Ол нешеге бөлінеді?
ІІІ. Қызығушылығын ояту:
2. Сүреттерді пайдаланып мына мақалдарды толықтырыңыздар.
иттің сүреті батырдың сүреті
той...... жеріне ту....... жеріне.
(египет, мысыр сүреттері) ел........ (Бейбарыстың суреті)....
(Түркістанның сүреті) еліңде ұлтан....... артық.
(жүзушінің суреті).............. судан тайынбас.
(күрес майталмандарының сүреті)............ күреске тоймайды.
Осы мақалдардағы кездескен жұрнақтар есімшенің жұрнақтары екенін өздері табады.

Жаңа сабақтың тақырыбы «Есімше» ашылады.
Нені білемін? Нені білдім? Нені білгім келеді?

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Есімшенің өзіне тән ерекшеліктері.
2. Есімшенің жасалу жолдары.
Есімше - сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте жұмсалатын етістіктің ерекше түрі. Ол бірде жіктеліп, етістік қызметін атқарса, енді бірде есімдерше түрленіп (септеліп, тәуелденіп, көптеліп), есім қызметін атқарады. Есімше (яғни есімдер сияқты) деп аталуының өзі осы қасиетіне байланысты.
Есімше мына жұрнақтар арқылы жасалады:
1) - ған,- ген, - қан, - кен: ал - ған, көр - ген, айт - қан, кет - кен;
2) - ар, - ер, - р және етістіктің болымсыз тұлғасынан кейін - с: бар - ар, кел - ер, оқы - р, айтпа - с, көрме - с,
3) - атын, - етін, - йтын, - йтін: айт - атын, кел - етін, тыңда - йтын, сөйле - йтін.
4) - мақ, - мек, - бақ, - бек, - пақ, - пек: бар - мақ, кел - мек, жаз - бақ, без - бек, шаш - пақ, төк - пек.

V. Суреттерге байланысты есімшені пайдаланып диалог құру. Сахнада қою.
І. топқа тапсырма
ІІ тоқа тапсырма: орман: садақ, жебе, ормандағы қоян (суреттері)
ІІІ топқа тапсырма: түлкіге түскен қыран, тоғызқұмалақ, көкпар, қыз қуу. (суреттері)
ІV. топқа тапсырма: жеті алтынның иегерлері(сүреттері)

Ережені бекіту: Төрт топта өздерінің жазған мәтіндерінен қалаған есімшені алады.
Тәуелдеу
Жақ?
Оңаша
І Менің
ІІ Сенің
Сіздің
ІІІ Оның
Ортақ І Біздің
ІІ Сендердің
Сіздердің
ІІІ Олардың

Септеу
А. с
І. с
Б. с
Т. с
Ж. с
Ш. с
К. с

Жіктеу
Жақ------І Мен----ІІ Сен----Сіз-----ІІІ Ол
І Біз----ІІ Сендер----Сіздер-----ІІІ Олар

Сергіту сәті:
Төрт топта бір - біріне сүреттер арқылы берілген мамандық пен кәсіптерді, қимылмен жеткізеді. Басқа топ мүшелері табады. Қай топ көп тапса, сол жеңіске жетеді. (музыка қосылып тұрады).
VІ. Дәптермен жұмыс:
185 - жаттығу. Өлең шумақтары мен мақал-мәтелдерді оқып, есімшелерді табыңыздар және оларды дәптерге теріп жазыңыздар.
191 - жаттығу. Мақал - мәтелдердегі есімшелердің есімдерше түрленген тұлғаларына талдау жасаңыздар.
Ү л г і: Есімше - болғанынан. Түбірі - бол, - ған - есімшенің жұрнағы, - ы - III жақтың тәуелдік жалғауы, - нан - шығыс септігінің жалғауы.

Сабақты қорытындылау:
Есімше дегеніміз не? Оны неге етістіктің ерекше түрі деп атайды?
Есімшелер қалай жасалады?
Есімшелер қалай түрлене алады?
Нені білемін? Нені білдім? Нені білгім келеді?

Үйге тапсырма: Ережені оқу. « Менің бір күнім» есімшені кірістіріп ойтолғау жазып келу.
Оқушыларды бағалау: Критерийлік бағалау бойынша өздерін бағалайды.
19 316
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Есімшенің түрленуі
Есімшенің түрленуі
Есімше мына жұрнақтар арқылы жасалады: 1) - ған, - ген, - қан, - кен: ал - ған, көр - ген, айт - қан, кет - кен;
Қазақстанның болашағы – жастардың қолында «Болашақ» бағдарламасының степендиялары
Қазақстанның болашағы – жастардың қолында «Болашақ» бағдарламасының степендиялары
Қазақстан мемлекеті туралы алған білімін тиянақтау, мәтінмен таныстыру, жаңа сөздермен жұмыс жүргізу. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Топтық жұмыс түрлерін енгізе отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Топтық жұмыс түрлерін енгізе отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, ынтымақтастықта жұмыс істеуге дағдыландыру
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдістерінің байланысын меңгерту, әріптестердің коучинг барысында диалогтік оқытудың модулін терең зерттеп, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
Шыдамдылыққа тәрбиелейтін спорт түрі – волейбол
Шыдамдылыққа тәрбиелейтін спорт түрі – волейбол
Алматы қаласы Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалім Тауекелова Гулбану Қонысбайқызы
Есімшенің сөйлемдегі қызметі
Есімшенің сөйлемдегі қызметі
Есімше дегеніміз не екенін «есімше» сөзінің өзін құрамына талдату арқылы айтқызу. (Яғни, есімшенің түбірі – есім, жұрнағы – - ше болса,- ше жұрнағы «секілді, сияқты» деген мағынаны білдіреді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×