Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан – біздің Отанымыз Жіктік жалғау

13 ақпан 2013, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан – біздің Отанымыз. Жіктік жалғау.
Сабақтың мақсаты: 1. Қазақстан туралы жаңа мәліметті, тақырыпқа қатысты жаңа сөздер мен сөз
тіркестерін меңгерту. Жіктік жалғауларын дұрыс қолдана білу және оларды ажырата білу дағдысын дамыту.
2. Сөйлеу шеберлігін дамыту, сөздік қорды молайту, ой - өрістерін лексика - грамматикалық тапсырмалар арқылы кеңейту.
3. Оқушыларды туған жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: оқу, түсіндіру, сөйлесу, сұрақ - жауап
Пән. байланыс: тарих, география, әдебиет
Көрнекілік: интерактивті тақта, сабаққа қатысты суреттер, слайдтар Жіктік жалғау.
Сабақтың мақсаты: 1. Қазақстан туралы жаңа мәліметті, тақырыпқа қатысты жаңа сөздер мен сөз
тіркестерін меңгерту. Жіктік жалғауларын дұрыс қолдана білу және оларды ажырата білу дағдысын дамыту.
2. Сөйлеу шеберлігін дамыту, сөздік қорды молайту, ой - өрістерін лексика - грамматикалық тапсырмалар арқылы кеңейту.
3. Оқушыларды туған жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: оқу, түсіндіру, сөйлесу, сұрақ - жауап
Пән. байланыс: тарих, география, әдебиет
Көрнекілік: интерактивті тақта, сабаққа қатысты суреттер, слайдтар

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Бүгін сабақта кім кезекші?
- Бүгін нешесі? Аптаның қай күні?
- Қазақ тілі қандай тіл?
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Бүгін ауа райы қандай?
- Қыс айлары қандай?

ІІ. Жаңа сабақ.
1. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
- Жұмбақтарды шешуді ұнатасыңдар ма?
- Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы осы сөзжұмбақта
- Кәні, шешіп көрейік.
1. Мемлекеттік тіл қандай тіл?
2. Қазақстанның бас қаласы?
3. Независимость сөзі қалай аударылады?
4. Қазақстанның бұрынғы астанасы?
5. Қыс айы?
6. Қыста күн қандай болады?
7. Мынау не?
8. Қазақтың ұлы ақыны?
9. Дүйсенбі сайын біз не айтамыз?
- Сонымен, балалар жауап сөздерінің бірінші әріптерінен қай сөз шықты?
Қазақстан сөзі.
- Бүгінгі сабақтың тақырыбы - « Қазақстан біздің Отанымыз». грамматикалық тақырыбымыз – Жіктік жалғау.
Ал сендер Қазақстан туралы не білесіңдер? Қандай өлең, тақпақ білесіңдер?
2. Сөздік жұмыс.
Компьютердегі жаңа сөздермен сөз тіркестермен таныстыру.
а) мұғалім сөздерді, сөз тіркестерді дауыстап оқиды, оқушылар қайталап отырады.
ә) әр оқушы сұрау (сөздерді қайталату)
б) жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру (ауызша)
құрлық – суша
аймақ - край
жазық дала – равнина
қорық - заповедник
шөл – пустыня
белес - трудность
шежірелі – исторический
кең - байтақ - обширный
мақтаныш – гордость
егемендік - свобода
в) жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазғызу.
3. Мәтінмен жұмыс.
а) мұғалім мәтінді мәнерлеп оқып шығады
ә) оқушылар мәтінді кезекпен бір сөйлемнен мәнерлеп оқиды
- Қазақстан туралы не білдіңдер?
Әр оқушыдан мәтіннен білгендерін сұрау.
4. Грамматикалық тақырыпты түсіндіру.
- Балалар, кестеге назар аударайық.

Жіктік жалғау
Жекеше түрі Көпше түрі
мен баламын, әншімін ---------- біз баламыз, әншіміз
сен баласың, әншісің ------------ сендер баласыңдар, әншісіңдер
Сіз баласыз, әншісіз -------------- Сіздер баласыздар, әншісіздер
Ол бала, әнші ----------------------- Олар балалар, әншілер
Мұғалім түсіндіріп болғаннан кейін оқушыларға сөздерді береді олар ауызша сол сөздерді жіктейді (дауыстап, тізбекпен)
- Сен қай елдің азаматысың? Енді осы сөзді жіктейік.
- Сен мұғалім болғың келе ме? (мұғалім сөзін жіктейді)
5. Жазба жұмыс.
4 - тапсырма. Сөздерге жақша ішіндегі жіктік жалғауын жалғаңдар.
Бір оқушы тақтада орындайды, қалғандары дәптерлерінде.
Дәрігер және оқушы сөздерін ауызша жіктейді. (4 оқушы жекеше, көпше түрде)
Төрт оқушыға қосымша карточка беру. Орындап болғаннан соң сұрау.

ІІІ. Сабақты бекіту.
- Балалар, өзіміздің сабағымызда алған білімімізді тірек сызба арқылы көрсетейік.
Қазақстан: кең - байтақ, шежірелі, Астана, Еуразияда, егеменді, тәуелсіз, бай, табиғаты әр алуан.
- Біз қай Республикада тұрамыз?
- Қазақстанның жері қандай?
- Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
- Қазақстанның астанасы қай қала?
- Қазақстанның Президенті кім?
- Қазақстан қандай өлке?
- Қазақстан қайда орналасқан?
ІҮ. Сабақты қорытындылау.
- Бүгін сабақта не туралы айттық?
- Нені білдіңдер?
- Сабақ сендерге ұнады ма?
Ү. Бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма беру: сөздерді жаттау, 5 - тапсырма жазбаша, ережені оқу
8 177
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зат есімнің түрленуі. Көптік жалғау
Зат есімнің түрленуі. Көптік жалғау
Сөйлемдерден түбір мен қосымшаны ажыратып, жалғаулары арқылы зат есімдерді көптей алады. Басқа сөз таптарының арасындағы өзгешеліктерге мысал келтіріп, ойлана алады.
Қазақ тілі үйірмесі. Жалғаулар
Қазақ тілі үйірмесі. Жалғаулар
Тіл туралы жан - жақты білімдерін кеңейту. Сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдыларын қалыптастыру, жалғау түрлерін қайталау; Өз Отанын, халқын, жерін сүюге, Қазақстанның мемлекеттік тілін, рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Туған жерімнің табиғаты
Туған жерімнің табиғаты
Тақырыпқа қатысты тапсырмалар, жаттығулар орындау. Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеттерін арттыру, қазақша түсіну, сөйлесу деңгейлерін жоғарылату
Бастауыш сыныптарына сабақ топтамасы
Бастауыш сыныптарына сабақ топтамасы
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Заурбекова Жансая Аскаровна
Отан. Жіктік жалғауы
Отан. Жіктік жалғауы
Сабақтың тақырыбы: Отан. Жіктік жалғауы.
Біздің Отанымыз
Біздің Отанымыз
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы, «Амангелді орта мектебі»КММ Бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Гульфаира Токтаргазиновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×