Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отан. Жіктік жалғауы

07 ақпан 2013, Бейсенбі
6 - сынып
Өтілетін күні:
Сабақтың тақырыбы: Отан. Жіктік жалғауы.
Сабақтың мақсаты:
• Оқушылардың Отан туралы білімдерін толықтыру, жүйелеу.
• Жіктік жалғауы туралы түсініктерін кеңейту..

Сабақтың міндеттері:
• Отан тақырыбына байланысты жаңа сөздермен таныстыру.
• Қазақша тілдік қатынасты еркін игерту, ауызекі тілдесімде жүйелі сөйлеуге үйрету.
• Өзге ұлт өкілі балаларының қазақ тілінде дұрыс айту, жазу қабілеттерінің жетілуіне, ой - өрісінің дамуына көмек көрсету.
• Ұжымда жұмыс істеуге баулу.
• Отанға деген сүйіспеншіліктерін, құштарлықтарын ояту. Патриоттық тәрбие беру.
• Жіктік жалғауын тиянақтау.
Сабақтың көрнекілігі: топтастыру стратегиясы, (слайд, видео), деңгейлік тапсырмалар жазылған кестелер.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, әңгімелесу, деңгейлеп оқыту, миға шабуыл, топтастыру стратегиясы.

Күтілетін нәтиже:
• Отан туралы әңгімелеу
• Үйренген жаңа сөздерін күнделікті тұрмыста пайдалана білу
• Отанға, еліне, жеріне деген құрмет, ыстық сезім.
• Ойларын ашық айту
• Жіктік жалғауын меңгеру
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар, алдарыңда жатқан түрлі - түсті белгілердің ішінен қазіргі көңіл - күйлеріңе қайсысы жақын, сол суретті таңдай қойыңдар.
Көңіл - күйім өте жақсы Көңіл - күйім жақсы Көңіл - күйім жоқ

Сабақтың мақсатымен, барысымен таныстыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
ІІІ. Жаңа сабақ.
♦ Жаңа тақырыпқа даярлау Айтылым.
• Ой шақыру.
1. Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
2. Отанымыз қандай?
- Енді осы Отан сөзінен бірнеше мағыналы сөздер шығарайықшы. Үш қатар жарыса отырып жұмыс жасаймыз.
- Қане, болсақ, оқимыз. Кімде қанша сөз шықты?
- Ал қазір тақтаға қарап салыстырайық.
Отан – от, ат, тон, он

Жаңа тақырып.
- Дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қоямыз.
Отан. Жіктік жалғауы.
• «Миға шабуыл» әдісі.
- 3. Отан туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?
• Кластер Тілдесім
Сөздікпен жұмыс.
♦ Осы сөздерді қатыстыра отырып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрату.
Ағынды өзен - быстрая река
асқар тау - высокие горы
Қасиетті тіл - святой, достойный язык
құдіретті үн - всемогущее звучание
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған - люблю всю живность
Бәрі маған сыбырлаған - все мне шептали
Күш - жігерімді - силу

Мәтінмен жұмыс. Оқылым. Тыңдалым.
♦ Оқушыларға өлеңді кезекпе - кезек дауыстап оқыту.
♦ Өлеңнің мағынасын ашу.
Жазылым.
2 - тапсырма. Сөз тіркестерін дұрыс құраңдар.
Түнін сүйем, қасиетті тілі, оның құдіреті, бәрі маған сыбырлаған, шырылдаған бозторғай, биік екен, мәңгілікке сүйіп өтем.
Деңгейлік тапсырма. 4 - тапсырма.
І деңгей. Сөйлемдегі зат есімнің нешінші жақта тұрғанын айтыңдар.
ІІ деңгей. Синонимдерден сөйлемдер құрастыру.
ІІІ деңгей. Сызба бойынша сөз тіркесін құрастыру.

6 - тапсырма. Үлгі бойынша диалог оқып, өзара сөйлесу.

Рефлексия:
Білетінім
Білгенім
Білгім келетіні

Үйге тапсырма: 88 - бет - өлең жаттау, 3 - тапсырма - жазбаша
Бағалау.
7 506
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмағалиева Нүргүл Қайыржанқызы
Матасу
Матасу
Сөздердің байланысу түрлері ● Түрі: Қиысу Ережесі: Сөздердің жіктік жалғауы арқылы байланысуы. Немесе бастауыш пен баяндауыштың байланысуы
Бастауыш сыныптарына сабақ топтамасы
Бастауыш сыныптарына сабақ топтамасы
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Заурбекова Жансая Аскаровна
Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін оқыту тәжірибесінен
Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін оқыту тәжірибесінен
Ақтау қаласы, Ж. Мыңбаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Төлеуова Анар Қаражігітқызы
Менің сүйікті кейіпкерім. Етістіктің шақтары
Менің сүйікті кейіпкерім. Етістіктің шақтары
Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті кейіпкерім. Етістіктің шақтары.
Қызық құс. Күшейтпелі  шырай
Қызық құс. Күшейтпелі шырай
Сабақтың тақырыбы: Қызық құс. Күшейтпелі шырай.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×