Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жіктеу есімдігі 5-сынып

18 ақпан 2013, Дүйсенбі
Жіктеу есімдігі
5 - сынып
Мақсаты:
А) Білімділік: Жіктеу есімдіктері туралы түсіндіре отырып, сөз арасынан ажырата білуге, сөздерді жіктей білуге үйрету;
Ә) Тәрбиелік: Саяхат сабағын ұйымдастыра отырып, туған жерді құрметтеуге, сүйе білуге үйрету;
Б) Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын, ақыл - ойын, сана - сезімін дамыту;
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы
Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау, ой толғау, ойын әдісі.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, географиялық карта
Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, орыс тілі, ән.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасып, сыныпты түгендеу. Назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасы:
(Өткен тақырып бойынша сұрақтар қойылады)
1. Сан есім қандай сөз табы?
2. Сан есімнің мағыналық түрлерін атаңдар?
3. Есептік сан есім дегеніміз не?
4. Реттік сан есім дегеніміз не?
5. Жинақтық сан есім дегеніміз не?
6. Есімдік қандай сөз табы?
7. Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

ІІІ. Жаңа сабақ
Үш жақтың бірін көрсету үшін қолданылатын есімдіктер жіктеу есімдіктері деп аталады.
Жекеше түрі -------- Көпше түрі
І. Мен ----------------- Біз, біздер
ІІ. Сен, сіз ----------- Сендер, сіздер
ІІІ. Ол ----------------- Олар

Мысалы: Олар өзенге шомылуға барды.
Жіктеу есімдіктері септеледі.
А. Мен, сен, ол
І. Менің, сенің, оның
Б. Маған, саған, оған
Т. Мені, сені, оны
Ж. Менде, сенде, онда
Ш. Менен, сенен, одан
К. Менімен, сенімен, онымен

ІV. Практикалық дағды кезеңі

Оқушылар берілген тапсырмаларды Астанаға саяхат жасау арқылы орындап отырады. Саяхатқа шыққан қаласын картадан көрсетіп, оның географиялық ерекшеліктері туралы айтады.

АТЫРАУҒА саяхат
1 - тапсырма: Мына сөздерді ауызша жіктеңдер
(Білімді, талапты, айбынды)
1 - жаттығу. Өлеңді оқып, жіктеу есімдіктерін табыңдар, жағын анықтаңдар.
Ол, сен, мен.

АҚТӨБЕГЕ саяхат
2 - тапсырма
Мен, мен едім, мен едім
Мен Нарында жүргенде,
Еңіреп жүрген ер едім.
(Өлең қай ақынның қандай шығармасынан үзінді? Өлеңнен жіктеу есімдіктерін табыңдар.)
2 - жаттығу. Жіктеу есімдіктерінің астын сызып, мағынасын түсіндіріңдер.
Сен, оны, ол.

ҚОСТАНАЙҒА саяхат
1. «Басқатырғы ойыны»
2. «Мәтел не дейді?»
1. Білмеймін деме,
Үйренейін де.
2. Қызым саған айтам,
Келінім сен тыңда.
3. Сыйласаң сый көресің.

АСТАНАҒА саяхат
3 - жаттығу. Өлең шумағындағы жіктеу есімдіктерін тауып, септеңдер.
Гүлдеймін бірге, гүлдейтін болсаң сен,
Көгерем бірге, көктемде өзің көгерсең.
Сенімен бірге селге де қарсы тұрам мен,
Сенімен көремін мен де не көрсем!

V. Бекіту
Шығармашылық жұмыс
«Біз – елдің болашағымыз» деген тақырыпта ой толғау жазу.

VІ. Қорытындылау
Балалар, біз жіктеу есімдіктерін өту арқылы Астана қаласына саяхат жасадық. Әр қалада берілген тапсырмалар арқылы сөздерді жіктеуді үйрендік. Әр қаланың географиясымен таныс болдық.

VІІ. Үйге тапсырма.
«Соғыс болмасын!» «Бейбітшілік жасасын!» деген тақырыпта ой - эссе жазыңдар
VІІІ. Бағалау
21 643
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Есімдік туралы түсінік, оның ішінде жіктеу есімдігі туралы жалпы мағлұмат беру, оның ерекшелігін ұғындыру.
Есімдік туралы түсінік. Жіктеу есімдігі
Есімдік туралы түсінік. Жіктеу есімдігі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу гимназиясы" Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Есбосынова Жансая Махамбетқызы
Сан есімді бекіту
Сан есімді бекіту
№16 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аубакирова А. М.
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Құдықағаш ауылы, Құдықағаш орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бигалиева Көгершін Шаукенқызы
Жинақтық, болжамдық сан есімдер
Жинақтық, болжамдық сан есімдер
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бақытжанова Зина Айдарбекқызы
Белгісіздік есімдігі
Белгісіздік есімдігі
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бегалы ауылы Бегалы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Избасова Салтанат Абатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×