Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білгрлер сайысы

23 ақпан 2013, Сенбі
Дайындалуға 5 минут уақыт беріледі. Топтар дайындалғанша, «Қазақ елі – менің Отаным» атты презентацияны қарап отырайық.
Валя: - Ал енді дайын болсаңыздар, ойларыңызды ортаға салыңыздар. Әділқазылар өз бағасын бере отырар.
Айсұлу: - Ертеде бір құмырсқа: - Алты батпан ауырды арқалаған күштімін, жеті батпан ауырды арқалаған күштімін, - деген екен. Ал енді «Қайраттылар» бекетінде топ капитандарын сынап көрелікші. Топ капитандары кезекпе - кезек сұрақтарға жауап береді. Барынша көп ұпай жинауы керек. Мәдениетіміздің салалары бойынша сұрақтар беріледі. Сұрақтар қиындылығына байланысты 10, 20, 30 баллдарымен бағаланады.

Ғылым 10 – Қаныш Сәтбаев кім?
(Қ. Сәтбаев – қазақ геологы, қоғам қайраткері, Қазақ Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, академигі.
20 – Әл - Фараби кім?
(Ол ғылымның көп саласын меңгерген – философ, социолог, ботаник, лингвист, музыка зерттеушісі). 30 – Н. Ә. Назарбаев қай ғылымның докторы? (Н. Назарбаев – экономика ғылымдарының докторы).

Өнер 10 – Біздің заманымыздың композиторлары
(Ахмет Жұбанов, Мұқан Төлебаев, Ғазиза Жұбанова, Шәмші Қалдаяқов, Ескендір Хасанғалиев...)
20 - Құрманғазының күйлері қандай?
(«Адай», «Кішкентай», «Ақсақ киік», «Ақбай» т. б.)
30 - «Біржан - Сара» операсы кімдікі?
(Мұқан Төлебаевтікі)

Спорт 10 – Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата
(бәйге, көкпар, тоғызқұмалақ, күрес, қыз қуу...).
20 - «Сидней» олимпиадасының алтын медаль иегері кім?
(Бекзат Саттарханов)
30 - Грек - рим күресінен Әлем, Еуропа және Азия чемпионы болған кім?
(Б. Тұрлыханов)
- Бәрекелді, қазақ тілін оқу барысында табыс тілейміз, қанаттарың талмасын.

Айсұлу: Өнерлі балаларға кім жеткен,
Әр салада небір өнер көрсеткен,
Төртінші сайысты біз бастайық,
Өнерлінің әрқашанда өрісі кең – деп «Өнер» бекетіне тоқтайық. Бұл бекетте әр топ командасы өз үй тапсырмаларын көрсетеді.
Валя: Тілдерді меңгеремін, тең көремін,
Полиглот сайысында күшімді сынап көремін, – дейді «Тұлпар» және «Домбыра» топтары.
«Полиглоттар» бекетінде қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан асыл мұрасы - мақал – мәтелдер бойынша жарыс болады. Ал, бастайық. Мысалы мен, Айсұлу 3 тіл білемін. Менің атым – Валя. Меня зовут Валя. Май нейм ис Валя.
Айсұлу: - Жарайсың, Валя. Ал енді сөзді сайыскерлерге берейік. Мақалдарды аяқтап, сөздерді орысшаға, ағылшын тіліне аудару.

«Домбыра» тобына:
1. Отан ... да ыстық
2. ... көтермегенді, .... көтереді
3. ... ... жарады, .... жармаса, бас жарады.
4. .... Туған жерге тік.
5. Туған жердің ... де ыстық, ... де ыстық.
«Тұлпар» тобына:
1. Аузы құлып сандық ашпаса, .... ашады.
2. .... ойлағанды тіл бітіреді.
3. ... - көңілдің айнасы.
4. Тіл өткір.
5. Ең тәтті де -,...
Ең ащы да -,...
Ең жұмсақ та - ...

«Тұлпар» тобына:
1. Жаман жолдастан таяғым артық.
2. Күлме досыңа – келер басыңа.
3. Отан оттан да ыстық.
4. Досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас.
5. Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы.
«Домбыра» тобына: 1. Не ексең, соны орарсың.
2. Бүгінгі істі ертеңге қалдырма.
3. Жердің сәні – егін, ердің сәні – білім.
4. Көз – қорқақ, қол – батыр. 5. Күшіңе сенбе, ісіңе сен.
Валя: Келесі бекеттің аты «Қызықты грамматика». Бұл бекетте қазақ тілінің грамматикасын қаншалықты білетіндеріңді көреміз. Кім тез орындап шықса, сол жеңіске жетеді.
1. септе; 2. тәуелде; 3. жікте; 4. көпте; 5. фонетикалық талдау жаса; 6. қалау райда тәуелде.
Айсұлу: Сайыскерлер ойынын, Тамамдадық біз бүгін, Әділқазы береді, Дұрыс, әділ шешімін Сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Валя:
Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым
Айсұлу:
Өрендер, өрлей берсін өнерлерің,
Айналаң, бәрі сенің көрерменің.
Тілеймін, дәл осылай барлығыңның
Тек қана биіктерден көрінгенін, - деп бүгін ойын - сайысымызды аяқтаймыз.
Валя: Көрермен қауым, ықылас қойып тыңдағандарыңызға көптен - көп рақмет.
Айсұлу: Сау болыңыздар!
3 548
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Кім күшті?» ертегісін сахналау
«Кім күшті?» ертегісін сахналау
Тақырып мазмұнын меңгерту. Балалардың қызығушылығын арттыру, тіл байлығын, ой өрісін дамыту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Ертегіні қызығушылықпен және мұқият тыңдауға үйрету. Актерлық шеберлігін, сапасын дамыту.
Қазына көтерген бала
Қазына көтерген бала
М. Мирманов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің III деңгейлі сертификатталған «Бастауыш сынып мұғалімі» Балешова Шынар
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Н.Ә.Назарбаев
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Теңіз ауылы, Теңіз негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мусина Балдырған Әлиқызы
Ел мүддесі- ерге сын
Ел мүддесі- ерге сын
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – Қазақстан Коммунистік партиясының бірінші хатшысы, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО және шет ел
Математика – толып жатқан терең сыр...  Жәутіков Орынбек Ахметбекұлының  математикаға қосқан үлесі
Математика – толып жатқан терең сыр... Жәутіков Орынбек Ахметбекұлының математикаға қосқан үлесі
Қызылорда қаласы М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі Математика пәнінің оқытушылары Жұмағұлова Гүлназ Абдуллақызы Тілеуімбетова Индира Алдабергенқызы Тақырыбы: «Математика – толып жатқан терең сыр... Жәутіков Орынбек Ахметбекұлының
Қаныш Сәтбаев
Қаныш Сәтбаев
  Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері. Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалушы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×