Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математика – толып жатқан терең сыр... Жәутіков Орынбек Ахметбекұлының математикаға қосқан үлесі

23 қараша 2012, Жұма
Категориясы: Математика
Қызылорда қаласы
М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі
Математика пәнінің оқытушылары
Жұмағұлова Гүлназ Абдуллақызы
Тілеуімбетова Индира Алдабергенқызы


Тақырыбы: «Математика – толып жатқан терең сыр...
Жәутіков Орынбек Ахметбекұлының математикаға қосқан үлесі»
Өтілу формасы: Интеллектуалды олимпиада

«Математика – толып жатқан терең сыр...
Жәутіков Орынбек Ахметбекұлының математикаға қосқан үлесі» интеллектуалды олимпиаданың өту барысы:
Армысыздар, құрметті ұстаздар қауымы, әділ-қазылар алқасы және оқушылар!

Ғылымдардың патшасы атанғансың,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың,
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен, қаталдансың.
Ақыл ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән – математика атанғансың!

- дей келе бүгінгі «Математика – толып жатқан терең сыр... Жәутіков Орынбек Ахметбекұлының математикаға қосқан үлесі» атты интеллектуалды олимпиадамызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!
Осынау білімнің ұшқырлығы мен өнердің күші айқасқан бұл сайыста командалардың білім деңгейі мен ой ұшқырлығын бағалайтын әділқазы алқасымен таныс болайық.
1. Суханбердина Ғазиза – «Математика және физика» бөлімі меңгерушісі
2. Сауяева Нұргүл – «Техникалық білім» бөлімі меңгерушісі
3. Ермекбайқызы Зарина - физика пәні оқытушысы
4. Арқабаев Нұрқанат – информатика пәні оқытушысы

Бүгін «Математика және физика» бөлімінің «Жаратылыстану саласын жаңғырту-адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты» атты айлығы аясында 0111000 – «Негізгі орта білім (информатика)» мамандығының М-Л-12 тобы студенттері, 0111000 – «Негізгі орта білім (физика)» мамандығының Ф-З-12 тобы студенттері, 0111093 – «Информатика пәнінен негізгі мектеп мұғалімі» мамандығының И-И-12 тобы студенттері және 1304000 – ЭЕТ және бағдарламалық қамсыздандыру» мамандығының ЭЕТ-А-12 тобының студенттері білімдерін сарапқа салу үшін «Математика – толып жатқан терең сыр... Жәутіков Орынбек Ахметбекұлының математикаға қосқан үлесі» атты интеллектуалды сайысқа түскелі отыр. Бұл сәт – біздің жастарымыз үшін тәжірибе алмасу сәті деп те айтуға болады. Сондықтан бүгінгі сайыста болашақ мамандар кәсіби шығармашылық ізденіс нәтижелерін ұсына отырып, жаңа қырынан танылмақ.

Шақырамыз, келіңдер жарысуға,
Күш, өнер, білімменен алысуға
Бар өнерді салайық, ортамызға,
Қанеки, кім шығады сайысуға.

Сонымен, сайыскерлермен танысып өтсек. Топ басшылары команда мүшелерімен таныстырады .
(Топ басшылары интерактивті тақтаның сүйекше құралын пайдалану арқылы сайысқа қатысу кезегін анықтайды.)

Интеллектуалды олимпиаданың мақсаты:

- Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев білім қорын жасау мақсатында 2002 жылдан бастап интеллектуалдық олимпиада ұйымдастыру қажеттілігін баса айтқан болатын. Қазақстанның талантты жастарын қолдау, үздіктерді анықтау, ақыл-ойға әсер ететін жарыс ұйымдастыру болашақ мамандарының шеберліктерін шыңдау, кәсіби дағдыларын дамыту;

- ХХІ ғасыр талабына сай, бәсекеге барынша қабілетті, толерантты тұлға қалыптастыру;
- болашақ мамандардың жан-жақты, шебер, сауатты болып қалыптасуына жағдай жасау;
- студенттердің өзара тәжірибе алмасып, кәсіби шығармашылық ізденіспен жұмыс жасауына бағыт-бағдар беру.

Интеллектуалды олимпиаданың барысы:

І. Блиц - турнир
ІІ. Таңдау-табыс
ІІІ. Логикалық сұрақтар
IV. Бейне сұрақтар
V. Практикалық тапсырмалар
VІ. Финал. Капитандар сайысы

Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын
Алға қойған мақсатымыз бір екен
Сәтті болсын сапарларың әрдайым! – дей келе ойыншыларымызға сәт-сапар тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.

І КЕЗЕҢ. БЛИЦ – ТУРНИР

І кезеңде әр топқа 5 жылдамдатпа сұрақтарынан қойылады. Сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп анық-нақты жауап беруі тиіс. Әр сұраққа 10 ұпайдан есептеледі. Ұпай сандары бағалау парағына жазылады.

Сұрақтар:
І топқа:
1. Жәутіков Орынбек 1911 жылы дүниеге келді (иә)
2. 5-ті 0-ге бөлгенде шығындысы 1 (жоқ)
3. О.Жәутіков Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын 1976 жылы иеленді (иә)
4. Ғасыр - ең үлкен уақыт өлшемі бірлігі (иә)
5. О.Жәутіков химия-биология ғылымының докторы (жоқ)

ІІ топқа:
1. Жәутіков Орынбек Қарқаралы қаласындағы мектептің түлегі (иә)
2. 16 санының квадраты 256? (иә)
3. Вектор бағытталмаған кесінді? (жоқ)
4. О.Жәутіков 1974 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми және техника қайраткері атағын иеленді (иә)
5. Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы 3600-қа тең (жоқ)

ІІІ топқа:
1. 8 санының квадраты 56? (жоқ)
2. Биыл О.Жәутіков атындағы мектепке 40 жыл (иә)
3. О.Жәутіков 1962 жылы Қазақстан Ғылым академиясының академигі атанды. (иә)
4. 1974 жылы О.Жәутіковке Ресейдің еңбек сіңірген ғылыми және техника қайраткері атағы берілді (жоқ)
5. Квадрат – барлық қабырғалары тең болатын тік төртбұрыш (иә)

ІҮ топқа:
1. 1961 жылы О.Жәутіков физика-математика ғылымдарының докторы, профессор атағын иеленді. (иә)
2. 2-ге қалдықпен бөлінетін санды жұп сан деп атаймыз (жоқ)
3. 0-ді 4-ке бөлгенде шығындысы 4 (жоқ)
4. О.Жәутіков атындағы мектептің директоры Қайрош Бексейітұлы Мақышов (иә)
5. 15 санының квадраты 175 (жоқ)

ІІ КЕЗЕҢ: ТАҢДАУ-ТАБЫС

ІІ кезеңде 3 бағыт бойынша 4 деңгейлік тапсырма беріліп, әр тапсырма 10-нан 40-қа дейінгі ұпаймен бағаланады. Жауап бере алмаған жағдайда сұрақ қарсылас командаға өтеді.

АЛГЕБРА:
10 ұпай:
Кері тригонометриялық функцияларды ата. (Арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенс)
20 ұпай:
функциясының графигі (гипербола)
30 ұпай:
Виет теоремасы

40 ұпай:
функцияның анықталу облысын тап.
ГЕОМЕТРИЯ:
10 ұпай:
Пифагор теоремасы
(Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасының квадраты оның катеттерінің квадраттарының қосындысы тең болады)
20 ұпай:
Ромб дегеніміз не?
(Барлық қабырғалары тең болатын параллелограмм)
30 ұпай:
Трапецияның ауданы
Трапецияның ауданы оның табандарының жарым қосындысы мен биіктігінің көбейтіндісіне тең болады.
40 ұпай:
Үшбұрыштың ауданы үшін Герон формуласы

ШЫҒЫС МАТЕМАТИКТЕРІ:
10 ұпай:
Ол – әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвистик, логика және музыка зерттеушісі (Әл-Фараби)
20 ұпай:
Ол – Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы (Асқар Жұмаділдаев)
30 ұпай:
Ол – ғалым, физика–математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми және техника қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (Орынбек Жәутіков)
40 ұпай:
Ол – академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, математика ғылымдарының докторы (Мұхтарбай Өтелбаев)

ІІІ кезең: Логикалық сұрақтар
ІІІ кезең тапсырмасы бойынша сіздерге логикалық тапсырмалар беріледі. Сұраққа дұрыс жауап берген жағдайда 20 баллдық ұпайды иеленесіздер.

Қызыл түс
Сұрақ: Суретте көлденеңнен және тігінен орналастырылған жалпы әріптердің қосындысы берілген. Әріптердің сандық мәнін табыңыздар
С С С О 11
О У О Щ 13
Щ У Щ Щ 11
О О О С 9
8 21 8 7
Жауабы:
3 3 3 2 11
2 8 2 1 13
1 8 1 1 11
2 2 2 3 9
8 21 8 7
С-3, О-2, Щ-1, У-8

Сары түс
Сұрақ: Суретте көлденеңнен және тігінен орналастырылған жалпы әріптердің қосындысы берілген. Әріптердің сандық мәнін табыңыздар

Т Т Т Т 28
Т Т Е Е 30
Е Ч Ц Т 20
Ц Ц Ч Е 16
25 19 20 30

Жауабы:
7 7 7 7 28
7 7 8 8 30
8 2 3 7 20
3 3 2 8 16
25 19 20 30
Т-7, Е-8, Ч-2, Ц-3

Көк түс
Сұрақ: Фигуралар сандармен белгіленген болса,

Жауабы: 12

Жасыл түс
Сұрақ:
Сұрақта берілген шартқа байланысты сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды табыңыз

Жауабы: 1
ІҮ кезең. «Бейнесұрақ»
ІҮ кезең тапсырмасы бойынша сіздерге бейнесұрақ қойылады. Сұраққа дұрыс жауап берген жағдайда 30 баллдық ұпайды иеленесіздер. Жауап бере алмаған жағдайда сұрақ қарсылас командаға өтеді.

1. Бұлдырықова Балғын – колледждің «Негізгі математика пәні мұғалімі» мамандығының М-Л-10 тобының студенті
Сұрақ:
Академик Орынбек Жәутіковтың жоғары оқу орындарына арналған ең алғаш қазақ тіліндегі оқулығы және ол қай жылы жарық көрген?
Жауабы:
«Математикалық анализ курсы» 1958 жыл

2. Махамбетова Әсем – колледждің Бастауыш білім беру (математика)» мамандығының БМ-Л-09 тобының студенті
Сұрақ:
О.Жәутіков қандай марапаттарға ие болған?
Жауабы:
Орынбек Жәутіков Ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлағаны үшін Октябрь революциясы, екі рет «Құрмет белгісімен», Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Презедиумының Құрмет грамоталарымен марапатталған

3. Жанәбілова Үмітай – колледждің Бастауыш білім беру (математика)» мамандығының БМ-Л-09 тобының студенті
Сұрақ:
Орынбек Жәутіков қандай жоғарғы оқу орындарын тәмамдаған?
Жауабы:
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін және Санкт-Петербург мемлекеттік Университетін тәмамдаған

4. Әли Мейірімкүл – колледждің «Негізгі математика пәні мұғалімі» мамандығының М-Л-10 тобының студенті
Сұрақ: Орынбек Жәутіковтің негізгі ғылыми еңбектері қандай салаларға арналған?

Жауабы:
Негізгі ғылыми еңбектері қозғалыстың орнықтылық теориясына, математика, физика теңдеулеріне, дифференциалдық теңдеулердің шексіз жүйелеріне, теориялық және қолданбалы механикаға, математика тарихы мен оның методологиясына арналған.

V кезең. Практикалық тапсырмалар

Ү кезеңде 4 топқа 4 есеп беріледі. Есепті шығара алған топ 20 ұпайды иеленеді. Берілетін уақыт 2 минут

VІ кезең. Финал. Капитандар сайысы

Финалда команда капитандары ойының ұшқырлығымен сынға түседі. Капитандарға «Рандроувен» әдісі арқылы «Математика» сөзі беріледі. Соңғы әріпінен математикалық термин сөз жазып, жалғастыра береміз. Әр сөз 10 ұпайға бағаланады.
Мысалы: Шеңбер-радиус-сектор-радиан-.....
Берілетін уақыт 1 минут.

Осымен бұл сайысты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ! - дей отырып, «Математика – толып жатқан терең сыр... Жәутіков Орынбек Ахметбекұлының математикаға қосқан үлесі» атты интеллектуалды олимпиадамыз да өз мәресіне жетті.

Сайысымызды қорытындылау үшін сөз кезегін сайысты түгел бақылап, топтарға әр кезең бойынша баға беріп отырған әділ қазылар алқасына береміз.
Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғыс айтамыз.
10 518
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаратылыстану-математика апталығының ашылу сценарийі
Жаратылыстану-математика апталығының ашылу сценарийі
Жаратылыстану - математика апталығының ашылу салтанаты 1 - жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Жаратылыстану - Математика» апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Математика пәні мұғалімі Избасарова Сандеш Тулегеновна
Интеллектуалды ізденімпаз
Интеллектуалды ізденімпаз
Қарағанды облысы Сәтбаев қаласындағы «№3 орта мектебі» КММ физика пәнінің мұғалімі: Жунусова Айгуль Дуйсекеевна
Тума талант-тұғырлы ғалым
Тума талант-тұғырлы ғалым
Қызылорда қаласы М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі Математика пәнінің оқытушысы Жұмағұлова Гүлназ Абдуллақызы Тақырыбы: Тума талант-тұғырлы ғалым Мақсаты: Оқушыларды физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Орынбек Ахметбекұлы
Ұшқыр ойлы топ атты математикадан интеллектуалды сайыс
Ұшқыр ойлы топ атты математикадан интеллектуалды сайыс
“Арифметика – математиканың, ал математика – барлық ғылымдардың патшасы“ Карл Гаусс
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×