Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Астана қаласының көрікті жерлері

12 наурыз 2013, Сейсенбі
1. Білімділік: Оқушыларға Астана қаласының көрікті жерлері туралы мағлұмат беріп, көмекші есімдерді сөйлемдерде, ауызекі сөйлегенде дұрыс қолдануға үйрету.
2. Дамытушылық: Сөздік қорларын пайдалана отырып, өз ойларын еркін және жүйелі жеткізуге үйрету.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, саяхат, деңгейлік тапсырмалар, тестік жұмыс.
Көрнекіліктер: слайд, электрондық оқулықтар, оқулық.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалімнің сөзі: Бүгінгі Астана мен келешек Астана бұл біздің стратегиялық ойларымыз бен ұмтылыстарымыздың ең басты жемісі. Астана өз бойына халықтың күші мен қайратын жинап, тәуелсіз Қазақстанның мақтанышына айналған Елордасы. Астана ел аумағы ортасында орналасқан, Еуропа мен Азияға көпір болып тұр. Бүгінгі Астана - жедел қарқынмен дамып жатқан қала. Аз уақытта қала айтарлықтай өзгерді. Бүгінгі күні Астана еліміздің ең басты жемісі деуге болады.
Бірінші топтың жұмысы: Астана туралы мәлімет. (с 3 - 19).
Сарыарқа самалымен тербелген ерке Есілдің бойындағы ғажап қала - ол біздің астанамыз. Астана1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасының елордасы.. Астана - қазақтың достыққа адал, сертке берік. Қазақстандықтардың ортақ менталитетіне айналған. 2002 жылы БҰҰ шешімі бойынша «Достық» ордені берілді. Астана сан - түрлі армандарды жүзеге асырған көркем қала. 1999 жылы шілдеде ЮНЕСКО - ның «Бейбітшілік қаласы» атағы берілді. Астана әрқашан дамылсыз даму үстіндегі әсем қала. Астана – көрікті қала, келешектің каласы.
Дайындағандар: Владик пен Наташа

Мұғалімнің сөзі: Тұнғыш Президент мұражайының қоры 300 мыңға жуық материалды және рухани мәдениет құндылықтарынан тұрады. Қазір мұражайда көне дәуірлерден қазіргі заманға дейінгі Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне арналған алты стационарлық зал жұмыс істейді.
Екінші топтың жұмысы: Тұнғыш Президент мұражайы туралы ақпарат. (с 21 - 30)
Қазақстан Республикасының бірінші Президентінің мұражайы Қазақстанның қазіргі заман тарихы мұражайы болып табылады. Бұл мұражай 2004 жылы 28 тамызда ашылды.
Плац. Әдейі сапармен келген шетел қонақтарын қарсы алатын холл. (с 21)
Атриум.(с 22) Күшті, әдемі аң - барыс, қазақ рәміздерінде үлкен мағынаға ие.
Атамекен.(с23) Нұрсұлтан Назарбаевтың туған жері Үшқоңыр жайлауы. Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін қоғамның мойындауы.(с 24)
Қарулар мен сауыттардың сый - топтамасы. (с 25)
Қауіпсіздік кеңесінің мәжіліс залы. Нұрсұлтан Назарбаевтың киімдері, сыйлықтары.(с 26 - 29)
Бүгінгі күні – Бірінші Президент мұражайы – белгілі ғылыми зерттеу орталығы.
(с 30) Дайындағандар: Дарья мен Владислав

Мұғалімнің сөзі: Ескерткіштер халықтың басынан кешкен тарихи кезеңін еске түсіретін құндылықтары, қастерлі мұралары. Олар бізге еліміздің тарихы, мәдениеті арман, қиялдары туралы мәлімет береді.
Үшінші топтың жұмысы: Ескерткіштер туралы мәліметтер(электрондық оқулықтан)
“Отан Қорғаушылар”монументі Ананың қайғылы кейпі және мәңгілік от - халықтың ерлігі туралы естелік.
Авторлары: Б. Бексұлтанов, С. Конопольцев 9 мамырда 2001 жылы ашылды.
Әділет ескерткіші. Қазақ халқының - әділді, ақылды, халқының бірлігін ойлаған үш бидің мүсіні.
Авторлары: Т. Мансұров, А. Маратов 1998 жылы ашылды.
Абай ескерткіш. Абай мүсіні - терең ойдағы адам бейнесі.
Авторы: Ж. Айжанов 2006 жылы 10 мамырда ашылды.
Құрбандарды еске алу ескерткіші. Биік бейіт қорғаны.
Авторлары: С. Боярин, М. Кенжетаев.
Фонтаны мен мүсіндер композициясы. Мемлекеттің айбыны мен қуатын бейнелейтін мүсін.
Бата. Бата беру - қазақтың адамгершілік туралы ілімінің аса маңызды бөлігі.
Барыстар. Ел қорғауға дайын екенін бейнелейді.
Авторы: А. Досмағанбеков 1998 жылы ашты.

«Тіршілік ағаш» фонтаны. Бұл композициясы адамды қоршаған табиғат күштері туралы. Авторлар: Б. Қонысбаев, А. Боярин.
Мұғалімнің сөзі. Астананың рәміздеріне көз салсақ, ондаған бейнеленген суреттер – тәуелсіздік алған әрі әлемдік саяси, қоғамдық, әлеуметтік және экономикалық даналық қазынасы. Қазақстанның, біздің мемлекетіміздің бүкіл рухы мен дінін нышанда көрсеткенін аңғарамыз.
Төртінші топтың жұмысы: Астана қаласының рәміздері туралы ақпарат. (с 31)
Астана қаласының рәміздері 1999 жылы маусымда бекітілген. Астана қаласының рәміздерінің авторлары: Д. Салауату, А. Ұшқанаев.
Елтаңбаның негізіне шығыстың дөңгелек қалқаны алынған. Рәміздердің түстері: көгілдір түс – ашық аспан, тәуелсіздіктің белгісі, қызыл түс - жеңімпаздықтың белгісі, алтын түс – бидайдың байлықтың белгісі.
Шаңырақ - отбасының әлем бірлігінің белгісі.
Бәйтерек – төртқүл дүниені құшағына сыйғызған ағаш. Төменгі жағында Астана деген жазу бар.
Дайындағандар: Юлия мен Дмитрий

Мұғалімнің сөзі. Бәйтерек – жаңа астананың біздің болашағымыздың рәмізі. Бәйтерек қала тұрғындарының сүйікті демалыс орны, жаңа астананың беташар карточкасына айналды..(с 39 - 36)
Бесінші топтың жұмысы: Бәйтерек туралы ақпарат.
Бәйтерек – Астана қаласының рәміздерінің бірі. Бәйтерек 2002 жылы ашылды. Бәйтеректің авторлар тобының жетекшісі Рүстембаев Н. Қазақ аңыздары бойынша Бәйтерек өмір мен өркендеудің рәмізі болып келеді. Бәйтеректің биіктігі 97 метр, ол астананың көшіп келген жылы 1997 жыл. Ғимарат үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі – жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы. Екінші – үшінші бөліктері өркендеу кезеңдері. Залдың ортасында 17 жапырақтан тұратын, 17 әр түрлі әлем діндерінің қол қойылған глобусы орналасқан. «Аялы алақан» композициясы. Ұшар басында алтын шар бар.
Дайындағандар: Олег пен Дмитрий
Қазір бізге “Астана ” өлеңін Клинг Артём жатқа айтып береді.

Грамматикалық тақырып: Көмекші есімдер.
1. Көмекші есім дегеніміз не?
Заттың, нәрсенің атын білдіріп, толық мағыналы сөзбен тіркесе жұмсалатын есімдерді көмекші есімдер дейді.
2. Біз қандай көмекші есімдерді білеміз?
Үстінде, алдында, жанында, ішінде, астында, артында, қасында, сыртында.
3. Көмекші есімдермен сөз тіркесін құрастырамыз.

Іюс + көмекші есімдер
үй + дің ----------- қасында
үстел + дің ------- астында
тақта + ның------ жанында
сынып + тың -----алдында
1 - Тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті көмекші есімдерді қойыңдар.

Бәйтеректің... гүлдер жайнап тұр. Мұржайдың... Президент сыйлықтары бар. Ақ Орданың... биік үйлер орналасқан. Бәйтеректің... алтын шар бар. Есілдің... Астана қаласында орналасқан. Қаланың.... үлкен мешіт бар.
Керекті сөздер: қасында, жанында, бойында, жағасында, ортасында

Деңгейлік тапсырмалар:
1 -деңгей
3 – тапсырма
2- деңгей
4 – тапсырма
3 -деңгей
Жеке жұмыс

2 - тапсырма. Берілген сөздерді тіркестіріп, сөйлемдер құраңдар.
Есіл өзенінің -------------- үлкен қала ------- 1. Астана - Есіл өзенінің бойында орналасқан
Парламент ----------------- өкілдері
Жастар --------------------- ортасында
тұрғын ---------------------- алдында
Парламент үйінің ------- бойында
қаланың -------------------- үйі
ұлт -------------------------- сарайы
болашағы ------------------- үйлер

3 - тапсырма. Көп нүктенің орына тиісті септік жалғауларын қойып жазыңдар.
Парламент үйі қаланың ортасында тұр. Көшенің бой... ағаштар отырғызылған. Әуежай қаланың сырты... орналасқан. Мектептің қасы... үлкен саябақ бар. Саябақтың іші... қызыл, жасыл, көк гүлдер өсіп тұр. Саябақтың қасы... жаңа тұрғын үйлер салынған. Ескерткіштің арты... үлкен ғимарат тұр. Ғимараттың алды... әдемі гүлдер егілген.

Қорытынды: Не білдім? Не алдым?
Мектеп тақырыбына көмекші есімдерді қолданып құрастырылған диалогты тыңдаймыз.
Үй тапсырмасы. 72 - 73 бет 5 - тапсырма. « Астана» Өлеңді жаттап келу.

Қолданылған әдебиеттер:
6 – сынып Қазақ тілі – Т. М. Артықова.
Шың кітабы – Қ. Ибрагимов.
«Қазақстан қалалары» энциклопедиясы.
Астана тарихы. З. Қабұлдинов
24 115
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Астана қаласы. Нәтиже сабақ 4 сынып
Астана қаласы. Нәтиже сабақ 4 сынып
Астана қаласы тақырыбы бойынша өз ойларын жеткізуге үйрету; білімдерін пысықтау, алған білімдерін тиянақтау.
Астана – әсем қала!
Астана – әсем қала!
Астана қаласының көрікті ғимараттарымен таныстыру және оқушылар бойында ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыру.
Астана - сұлу қала
Астана - сұлу қала
Астана - сұлу қала «Астана дегеніміз - Астана. Қазақша әдемі естіледі. Қомақты ауыз толады, қысқа да нұсқа, әуезді. Орысша да, ағылшынша да солай естіледі. бұл атауда батылдық, мығымдық және айқындық рең бар» - деп жазды Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев.
Астана
Астана
Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің 1 класс оқушысы Әділханова Дильназ Алмазқызы
Астананың көрікті жерлері
Астананың көрікті жерлері
Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Дүйсеке орталау мектебі Ағылшын тілі мұғалімі Сәбитова Әсия Қапезқызы
Астана -  бас қала
Астана - бас қала
Бұл бумадан сіздер әсем қала - Астана қаласының ең танымал жерлерінің суреттерін таба аласыздар. Сәттілік тілеймін!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×