Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дабылды жырдың дауылпазы Қасым Аманжолов

14 наурыз 2013, Бейсенбі
11 - сынып (презентация сабақ)
Сабақтың тақырыбы: «Дабылды жырдың дауылпазы» Қасым Аманжолов
Мақсаты:
Білімділік: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығына шолу
жасау арқылы жеке тұлғасын таныту, ақын шығармашылығына
қызығушылықты ояту
Дамытушылық: Оқушылардың талдай, түсіне оқу, тақырыпты қорыта алу, пікір
білдіру дағдыларын қалыптастыру, рухани танымдарын кеңейту
Тәрбиелік: Туған халқының талантты ақынына, әдебиетіне, туған еліне деген
сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың эпиграфы
Мен едім от жүректі Қасым ағаң,
Дүние қасіретіне жасымаған.
Дауыл ғой, дауылдап бір тұрған бойым,
Мен қайтіп іштегі өртті жасыра алам.

Зерттеу шеберханасы
“Аманжол Рақымжанның Қасымымын”
Қазақтың әні мен өлеңін найзадай көтеріп келемін.
Жырлашы Жұмағали лирикаңды,
Жанында “Күләндаңның ұйқым қанды.
Жырлашы өз тілімен әр дәуірдің,
Мінгізбей Тайбурылға Бауыржанды.

Ізденіс шеберханасы
“Берейін өмірімнен өлең жасап”
Қасым шежіресі
Арғын Қаракесек →Қара →Оразқұл → Ақжол →Алакөше → Аманжол →Рақымжан

Қасым

Анасы – Айғанша
Әйелі – Сақыпжамал
Жанна, Дариға
1911 ж 10 қазан Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қызыларай қыстауында
дүниеге келген. Жастай жетім қалады.
1924 - 1947 Семей қаласында интернатта оқиды.
1927 - 1930 Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды.
1930 - 1932 Орал қаласында, Ленинград қаласында оқып, бірақ аяқтамайды.
1932 - 1933 Орал қаласының “Екпінді құрылыс”, Алматыда “Лениншіл жас”
газеттерінде істейді, өлеңдері көптеп жарияланады.
1933 - 1935 Орал қаласында әскери міндетін өтейді.
1935 - 1936 Оралдың театрында жұмыс істейді, ақындық, әншілік,
артистік таланты ашылады.
1936 - 1941 Алматыда газеттерде, Жазушылар Одағында қызмет істейді.
1938 “Өмір сыры”атты тұңғыш өлеңдер жинағы шығады.
1941 - 1945 Ұлы Отан соғысына қатысады.
1946 Әйелі Сақыпжамалға үйленеді.
1947 қызы Дариға дүниеге келеді, өзі сырқаттанып жатып қалады.
1946 - 1952 “Балбөбек”, “Нұрлы дүние”,”Таңдамалы шығармалар” жинағы
басылды.
1954 Қазақстан жазушыларының ІІІ съезінің ашылуына қатысады.
1955ж 18 қаңтар ұзаққа созылған науқастан қайтыс болды.

Қазақтың әні мен өлеңін
Найзадай көтеріп келемін.
Өлеңдері: “Дүние қандай жап - жарық”, “Сақыпжамал”,“Күйім тасып барады, күйім тасып”, “Жаным Сәулем, еркешім, қызыл гүлім”,“Үстімде сұр шинелім”, “Жеңіс дауысы” “Орал”, “Ертіс”, “Сарыарқа”,“Елге хат”, “Туған жер”, “Нар тәуекел”, “Дауыл”, “Орамал”
Поэмалары: “Ақын өлімі туралы аңыз”,“Боран”,“Біздің дастан”,“Жамбыл тойында”,“Қытай қызы”,“Құпия қыз”,“Бикеш”,“Естай - Қорлығайын”, драмалық дастан
Аудармалары: 1940 ж Маяковскийдің он шақты өлеңін аударып
“Бар дауыспен” деген атпен жинақ етіп жариялады.
М. Лермонтовтың “Маскарад” драмасы
А. Твардовскийдің “Васели Теркин” поэмасы
А. Пушкин “Полтава” поэмасы.
Қасымның “Бір күй бар домбырамда”, “Дариға, сол қыз”, “Өзім туралы”, “Туған жер” өлеңдерін қазақ даласы жатқа біледі

Ақпарат - карточкалармен жұмыс
(Көп нүктенің орнына қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қойып жазу қажет)
А) Қ. Аманжолов......................... дүниеге келген.
ә) Қ. Аманжоловтың ақын, азамат болып қалыптасуына............. әсер етті.
б) 1938 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы......................... деген атпен жарық көрді.
в) Ақын өлеңдерінің тақырыбы.........................................
г)............................ Қасым мәңгілікке көз жұмды.
д) Ақынның........................ поэмасы Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған.

1.«Уа, дариға, алтын бесік туған жер!» деп жырлаған ақынды табыңыз.
А) М. Мақатаев.
В) Қ. Аманжолов.
С) Т. Айбергенов.
Д) М. Жұмабаев.
Е) І. Жансүгіров.

2. «Сөзім - жыр, лебізім - күй ерке едім,
Өз жерім, өз елімде еркеледім»,- үзінді Қасымның қай өлеңінен алынған.
А) «Күлемін де жылаймын».
В) «Көкшетау».
С) «Елге хат».
Д) «Өзім туралы».
Е) «Туған ел».
3. «Шықты бір қыз театрдан
Мойынында орман түлкі.
Шашан күзеп, қасын қырған,
Аузы - мұрны толған күлкі...»
Өлең шумақтары Қ. Аманжоловтың қай поэмасынан алынғанын белгілеңіз.
А) «Ақын өлімі туралы аңыз».
В) «Біздің дастан».
С) «Бикеш».
Д) «Сенбе қуға».
Е) «Боран».
4. Қ. Аманжоловтың шығармасын табыңыз.
А) «Жолама қулар маңайға».
В) «Ұшқан ұя».
С) «Сыр сандық».
Д) «Көзімнің қарасы».
Е) «Дариға, сол қыз».
5. Үзінді Қ. Аманжоловтың қай поэмасынан алынғанын көрсетіңіз.
«Сонау орман етегінде
Жаланған от сатыр - сұтыр.
Қанды ізін қара түнге
Көме тастап жаулар отыр».
А) «Зұлым жау».
В) «Ақын өлімі туралы аңыз».
С) «Сәбитке».
Д) «Батыр Баян».
Е) «Дала».
6. Қ. Аманжоловтың Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңіне еліктеп жазған өлеңін табыңыз.
А) «Шықтым өмір шыңына».
В) «Қоштасу».
С) «Күлемін де жылаймын».
Д) «Елге хат».
Е) «Хантәңірі».
7. Қ. Аманжоловтың туған жылы мен туған жерін табыңыз.
А) 1922 жылы Қостанай облысы, Жангелдин ауданында дүниеге келген.
В) 1911жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген.
С) 1925жылы Ақтөбе облысы, Қарабұлақ ауданында дүниеге келген.
Д) 1920жылы Батыс Қазақстан облысы, Сайқұдық ауданында дүниеге келген.
Е) 1931 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданында дүниеге келген.

8. Үзіндіде Қ. Аманжолов кім туралы айтып отырғанын көрсетіңіз.
«Бұл күнге лайық алыпсың!
Ол күнге қайтіп сыйғайсың!
Бір өзің бүкіл халықсың,
Қалдырмай бәрін жиғансың».
А) Мұхтар.
В) Сәбит.
С) Шәкәрім.
Д) Сәкен.
Е) Абай.

9. Үзіндіде Қ. Аманжоловтың қай ердің өлімін айтып тұрғанын көрсетіңіз.
«Ұшты құстар шартарапқа,
Хабарлауға ер өлімін.
Ұмтылды жау таптамаққа,
Ең болмаса қалған күлін».
А) Қ. Аманжолов.
В) Б. Момышұлы.
С) М. Жұмабаев.
Д) Б. Бұлқышев.
Е) А. Жұмағалиев.
10. Қ. Аманжоловтың өмір сүрген жылдарын табыңыз.
А) 1902 - 1984 жылдар.
В) 1911 - 1955 жылдар.
С) 1903 - 1986 жылдар.
Д) 1902 - 1985 жылдар.
Е) 1904 - 1983 жылдар.
Тест жауабы: 1 - В, 2 - Д, 3 - С, 4 - Е, 5 - В, 6 - А, 7 - В, 8 - Е, 9 - Е, 10 - В
Бағалау көрсеткіші:
“5” – ке 9 - 10 сұрақ
“4” – ке 6 - 8 сұрақ
“3” – ке 3 - 5 сұрақ
“2” – ге 1 - 2 сұрақ

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
30 784
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қасым Аманжолов Көктем
Қасым Аманжолов Көктем
Өлең мазмұнын түсініп, мәнерлеп және нақышына келтіріп оқиды.
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі
Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы, алғашқы хандары туралы өткен сабақ бойынша тақырыптарын еске түсіреді.
Қасым Аманжолов «Дүниеге жар»
Қасым Аманжолов «Дүниеге жар»
Қасым Аманжоловтың поэзиясының ерекшелігін, «Дүниеге жар» өлеңінің идеясын таныту, мән - мағынасын ашу. Дамытушылық: Дүниетанымын кеңейту, өзіндік зерттеу арқылы ой қорытуға дағдыландыру.
Қасым – жыр, Қасым – ән.
Қасым – жыр, Қасым – ән.
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, «Ю. А. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кутпаева Раушан Рамазановна
Қасым Аманжолов «Көктем»
Қасым Аманжолов «Көктем»
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Альмусина Жанар Сайлауовна
Түйе мен тышқан
Түйе мен тышқан
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, №3орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бердіғалиева Рауаш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×