Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен жастарға сенемін!

15 наурыз 2013, Жұма
Қазақ әдебиеті. Сынып: 10 - 11
Сабақтың тақырыбы: Мен жастарға сенемін (сабақтан тыс тәрбиелік шара)

Мағжан Жұмабаевтың 120 жылдығына байланысты «Мен жастарға сенемін» атты айдарымен өтетін 10 - 11 сынып оқушыларының дайындаған әдеби кешінің жоспары.
Жүргізушілер: -------- 11 б сынып оқушысы
------------- 10 а сынып оқушысы

1 - жүргізуші: Құрметті: Әдебиет сүйер қауым!
2 - жүргізуші: Мағжан Жұмабаевтың 120 жылдығына байланысты
« Мен жастарға сенемін» атты айдарымен өтетін сабақтан тыс тәрбие сағатымызға « Қош келдіңіздер!».

1 - жүргізуші: Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында - ақ Еуропа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтерді.
2 - жүргізуші: «Өлеңді музыкаға айналдырған, дыбыстан сурет тұрғызған, сөзге жан бітірген, жаңа өлшеулер шығарған» Мағжанның осындай қасиеттерін, ішкі шығармашылық құдіретін жұрттан бұрын байқаған әрі аса жоғары бағалаған Мұхтар Әуезов:
1 - жүргізуші: «Мағжан мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның тегінен асқандай, сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай… Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін» деп жазды.

2 - жүргізуші: Мағжанды сүйетін, еуропалығын, жарқыраған әшекейін сүйетін Мұхтар Әуезовтің өз ойын осылай Мағжан қуғын - сүргінге ұшырап жүрген кезде ашық айтуы, бұл – Мағжанның шығармашылығына берілген баға, өсер елдің баласының сөзі ғана емес, азапты жолда жүрген ақынға ашықтан - ашық ара түсу, өз басын оққа байлағанмен бірдей нағыз ерлік еді!
1 - жүргізуші: Иә, Жүсіпбек Аймауытов сөзімен айтсақ, “Мағжан сыршылдығымен, суретшілігімен, сөзге еркіндігімен, тапқыштығымен күшті, маржандай тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі, мұңды зарымен күшті”. Оның өлеңдері “әлде өкіндіреді, әлде мұңайтады, әлде жылатады, әлде есіркетеді, әлде жігер береді”.

2 - жүргізуші: Мағжанның пікірі бойынша, “махаббат” және “ізгілік” сөздерінің мазмұны өте жақын, өйткені сүю ізгілікке ұмтылуды, қара ниеттен аулақ болуды білдіреді. Бақытты өмір адам мен қоғамның, ұлт пен адамзаттың бірлігін қалайды. Адам бақыты — біріншіден, анаға, одан кейін жақынына, Отанына сүйіспеншілігіне, екіншіден, ұлт пен адамзаттың жай - күйіне тәуелді.
Сонымен сіздердің назарларыңызға « Сүйемін» өлеңі.
Оқитындар:--------- 11 б сынып оқушысы, ------- 10 а сынып оқушылары.-------
«Сарыарқа» күйі. Орындайтындар: ----------------

2 - жүргізуші: Алтай – түркі халықтарының бір алтын бесігі, өз тарихында мың өліп, мың тірілген ұлысқа пана болған, жойылып бара жатқан тәуелсіз елдігін сан мәрте қайтадан қалпына келтіруге қуат берген құтты мекен. Кезінде сақтар да, ғұндар да, түркілер де, тіпті, Шыңғыс хан да сол Алтайдан шығып, әлемнің жартысын жаулап алған. Мағжан ақын да сол даңқты оқиғаларды түркі жұртының жадына түсіріп, “күштілермен қатар болғымыз келсе қайта бірігейік” деп жар салады.
1 - жүргізуші:-------- оқуында «Түркістан» өлеңі.
2 - жүргізуші: Мағжан Жұмабаев – бірнеше көркем поэма жазған құлашы кең эпик ақын. Ол өз заманының толғауы күрделі жайларын халқының өткен тарихын жырлау арқылы көрсетуге ұмтылды. Өйткені артта қалған қазақ елін алға жетелеу сол халықтың өз қолынан ғана келмек. Сондықтан да халыққа күш берер осындай ерлік қайнарын Мағжан тарихтан іздеді. Өз шығармаларында кешегі өткен батыр бабаларымыздың ерлігін жырлады. Абылайды, Кенесарыны жырға қосты. Сол арқылы халқының қайратын ұштап, санасын оятуды ойлады. Бұл тұрғыдан келгенде, "Батыр Баян" поэмасының маңызы ерекше. Поэманың оқиғасы бір кездегі қазақ пен қалмақ арасындағы жаугершілік заманнан алынған.

1 - жүргізуші: «Батыр Баян» поэмасынан қойылым.
Рөлдерде: Батыр Баян----------------11 - сынып
Қалмақ қызы ----------- 10 - сынып
Баян батырдың інісі - Ноян –--------- 10 - сынып
2 - жүргізуші: Ақын атамыз егемен еліміздің ертеңгі қызметін атқарар лайықты тұлға - ол жастар екенін ескеріп, «Мен жастарға сенемін» өлеңінде елдің қалыптасуына жастардан үлкен үміт күтіп, аманат сенім артатындығын ағартады.
11 - сынып оқушысы --------- оқуында «Мен жастарға сенемін»

1 - жүргізуші: «Мағжан өз тегін де, өз жерін де ардақтаумен өткен, өмірдегі азаматтық орнын ардақтауға ұмтылған, өлең сөзді асыл маржандай терген, сұлу жырымен оқырман жүрегін баураған, ал өзі болса, өне бойы қапаста, қайғы мен қасіретте өмір кешіп, ақырында мүлт кеткен, өзі айтатындай, соры арылмаған халқының зарлы перзенті»
11 - сынып оқушысы ------------- оқуында «Қазақ тілі» өлеңі.

2 - жүргізуші: Ақын табиғат жайлы былай толғанады: “Үлбіреген гүл, күңіренген орман, сыл¬дыраған су, былдыраған бұлақ, шексіз - шетсіз қара - көк теңіз... Міне, осылар сықылды жаратылыстың сұлу заттары, яки искусствоның тылсымды жанды билеп алып кететін ән, күй, сиқырлы сөз... адамның көру сезімін сиқырлап барып, жанда сұлулық толқындарын туғызады”.
11 - сынып оқушысы ------------ оқуында «Толқын» өлеңі.

1 - жүргізуші: Ұлтты сүю, кісілік деңгейге дейін көтерілу, туған халқының мүддесі үшін құрбандыққа баруға әзірлік — Мағжан Жұмабаевтың өмірлік мұраты. Жас ұрпаққа арналған “Педагогика” оқулығында ол: “Өзінің елін сүюі, яғни еліне жауыздық тілемей, ізгілік тілеу, пайда келтіріп, зиян келтірмеуді” әрбір адамның қасиетті борышы ретінде атап көрсетеді.
11 - сынып оқушысы --------------- оқуында «Алдамшы өмір» өлеңі.
2 - жүргізуші: "Мен кім?" атты өлеңінде Мағжан өзінің лирикалық кейіпкерінің дәл осындай айбатты да қайратты, адал да қайсар бейнесін ашып береді. Ақынның "мені" өзін көктегі күшке, түпсіз теңізге, қызуы мол жалынға, жүйрік тұлпарға теңейді. Патшадай қаһарлы, қазыдай әділ, бидей шешен де өзі. Олай болса, оған қарсы тұрар күш бар ма?
11 - сынып оқушысы -------------- «Мен кім?»

1 - жүргізуші: Ақын өлеңдерінде бостандықты аңсау сезімі аса күшті. Екі дүние алмасып, аласапыран болып жатқан тұста өмір сүрген ол халқына тәуелсіздік күнінің жақындағанын сезеді. Әйтсе де оған жету оңай емес. Сенімінен гөрі үміті басымырақ көңіл күйде жазылған Мағжан өлеңдерінің бірі – "Сағындым". Өлең абақтыда отырған ақынның жан дүниесінен хабар береді.
11 - сынып оқушысы ------------ оқуында «Сағындым» өлеңі

2 - жүргізуші: Мағжан нені айтса да, бейнелеп айтады. Ол үшін даланың тауы да, суы да, желі де ғажайып. Ақын өлеңдерінде адам мен табиғат астасып жатады. Қай шығармасында да Мағжан осы екі ұғымды бірлікте алып жырлайды. Бір өлеңінде анасына, жарына, жалпы адамға деген махаббатын туған жерге катысты сезімімен ұштастырып жатса, енді бір жырларында сол табиғаттың асыл жемісі – адамды бәрінен жоғары қояды. Бұған дәлел – "Сен сұлу" өлеңі.
10 - сынып оқушысы ---- «Сен сұлу»

2 - жүргізуші: Рымғали Нұрғалидың сөзімен айтсақ: «Мағжан поэзиясы мәңгі өлмес, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасар алтын көпір, асыл қазына, інжу - маржаны, махаббат, сүйіспеншілік, ғашықтық стихиясының сан алуан тылсым, жұмбақ күйлерін шерткен, терең ақындық шабыттан толқып туған, адам жүрегінің мың сан дірілін шеберлікпен бейнелеген, ішкі мазмұны мен түр кестесі жымдаса ұласқан, ықшам, жинақы, жұп - жұмыр жауһар дүние»
1 - жүргізуші: Алдарыңызда Мағжан поэзиясының табынушылары.
11 - сынып оқушысы «Махаббат не?» өлеңі
11 - сынып оқушысы «Сырым» өлеңі
11 - сынып оқушысы «Жан жарымды бір сүйейін түсімде» өлеңі
11 - сынып оқушысы «Өмір» өлеңі
11 - сынып оқушысы «Құрбым» өлеңі

2 - жүргізуші: Мағжан Жұмабаев – қазақ поэзиясында жарқын жырларымен от шашып, өшпес із қалдырған тұлға. Көркем сөзбен көрікті өлеңдерді әдебиетіміздің әлеміне сыйлаған ерекше жан.
1 - жүргізуші: Құрметті, әдебиет сүйер қауым, ХХ ғасырдың алып тұлғасы Мағжан Жұмабаевтың 120 жылдығына арналған « Мен жастарға сенемін» атты әдеби кешіміз өз мәресіне жетті. Келесі кешімізде кездескенше сау болыңыздар.
26 969
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
Оқу мақсаты: 7. Т4. Повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау 7. А5. Диалогқа қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші - тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін»
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін»
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты меңгерту. Мен жастарға сенемін өлеңінің маңызы туралы мәлімет бере отырып, өлеңнің мазмұнын, негізгі идеясын түсінуге жағдай жасау.
Мағжан Жұмабаев «Сүйемін»
Мағжан Жұмабаев «Сүйемін»
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Қарашоқат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахет Гүлден Ермекбайқызы
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
Атырау облысы, Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мурзагулова Гүлжан Жәрдемқызы
Мағжан Жұмабаевтың "Шолпы" өлеңіндегі шолпының түрлері, тәрбиелік мәні
Мағжан Жұмабаевтың "Шолпы" өлеңіндегі шолпының түрлері, тәрбиелік мәні
Дауылпаз ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірден өз орнын анық тауып, артына өшпес мол мұра қалдырғанын анық білеміз. Оның лирик ақын екені де баршаға аян.
Мағжан - жаны сыршыл ақын
Мағжан - жаны сыршыл ақын
Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан. Тоқсан би ауылы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бейсенова Қарлығаш Тенесқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×