Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Киелі сандар

01 сәуір 2013, Дүйсенбі
«Тіл айлығына» арналған сайыс.
Сайыстың мақсаты: Қазақ халқының кие тұтқан сандары туралы білімдерін тереңдету. Қазақ халқының ұлттық ойындарын ойнатып, оны насихаттау. Және сол ойындарды ойнату арқылы қазақ халқының ұлттық педагогикасымен ұштастыру.

1 жүргізуші - Саламатсыздар ма, құрметті көрермендер, қадірлі оқушылар! Бүгінгі жиналуымыздың себебі - «Тіл айлығы» мерекесі. Тіл айлығына арналған «Халқымыздың кие тұтқан сандары» атты сайысымызды бастаймыз. «Достық» және «Ақ жол» тобы сайысқа түседі.
Тапсырмалар екі топқа да үйден дайындалып келу үшін үйге берілген болатын.

2 - жүргізуші: Сонымен «3»саны туралы не білесіңдер? Үйден дайындалып, жинап келген мағлұматтарыңыз бар ма?
«Достық» тобы:
Үш тәтті:
1) Жан тәтті
2) Жар тәтті
3) Мал тәтті.

«Ақжол»тобы:
Үш арсыз:
1) Күлкі арсыз
2) Тамақ арсыз
3) ұйқы арсыз.
1 жүргізуші: Өте жақсы. Мен тағы толықтырып өтейін. «Үш кез», «үш жұрт», «үш алыс» т. с. с.
2 - жүргізуші: Енді, балалар «Сақина салу» ойынын ойнайық. Ойын ойналады.

1 жүргізуші: Ал, көрермендер, осы бір аптада неше тәулік болады?
Кім жауап береді? Дұрыс - ақ жеті тәулік. Ендеше келесі тапсырмамыз «7» саны туралы. Киелі «7» саны туралы әзірлеп келген ақпараттарыңызды ортаға салыңыз.
«Ақжол»тобы: Жеті ата, жеті қазына.
«7» ата: Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жүрежат.
Жеті қазына: Ер жігіт, сұлу әйел, ілім - білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркін, берен мылтық.

2 - жүргізуші: Ән «Атамекен» 8 класс оқушылары орындайды.
Ендігі кезек « Достық» тобына беріледі.
«Достық» тобы:
Жеті жұт, жеті ата, жеті жетім.

Жеті жұт: Құрғақшылық, жұт, оба ( індет),, өрт, соғыс, сел тасқыны,жер сілкіну.

Жеті жетім: - Тыңдалмаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім.
Иесіз қалған жер жетім.
Басшысы жоқ ел жетім.
Аққу - қазсыз көл жетім.
Жерінен айрылған ер жетім,
Замандасы қалмаған -
Бәрінен де сол жетім.

2 - жүргізуші: Өте жақсы. Жақсы дайындалып келген екенсіңдер. Үйден үш және жеті сандары туралы мағлұмат жинап келу еді. Өте тамаша!
1 жүргізуші: Ендеше көрермендерді сынап көрейік. Тағы да басқа киелі сандар туралы не білесіздер? ( 4 түлік, 7 жоқ, 5 асыл т. с. с)
2 - жүргізуші: Келесі ойын көрермендер мен сайыскерлердің қатысуымен «Белбеу тастау» ойыны.
1 жүргізуші: Келесі тамашалайтындарыңыз «Балапандар» биі. Орындайтындар: 5 класс қыз балалары.

2 - жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың қорытындысын білу үшін әділқазылар алқасына сөз береміз. Бағалап, марапаттау рәсімі.
1 жүргізуші: Ән «Әрқашан күн сөнбесін» бәріміз бірге орындайық. Қосылып отырыңыздар.
7 412
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әкеммен, анаммен
Әкеммен, анаммен
Спортшылар арасындағы достық қарым – қатынасты қалыптастыру. Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы екенін түсіндіру және оны сақтауды басты балық екенін ұғындыру.
Ұлттық ойындар
Ұлттық ойындар
СҚО, Петропавл қаласы. №17 ұлттық өркендеу орта мектеп кешенінде қазақ тілі мұғалімі Байбатырова Гүлжан
Жігіт сұлтаны 2014
Жігіт сұлтаны 2014
«Жігіт сұлтаны – 2014» сайысы
Бейбіт болсын болашақ
Бейбіт болсын болашақ
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, «Алға мектеп - бақшасы»ММ бастауыш сынып мұғалімі Жуманиязова Жулдыз Дуйсенгалиевна
Үлгілі отбасы тәуелсіз - елдің тірегі
Үлгілі отбасы тәуелсіз - елдің тірегі
Тақырыбы: «Үлгілі отбасы тәуелсіз - елдің тірегі» Мақсаты: Ата - ана, бала және шағын орталық арасындағы ынтымақтастық қарым - қатынасын нығайту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×