Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сан есімнен өткенді қайталау

20 сәуір 2013, Сенбі
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Сан есімнен өткенді қайталау. (флипчарт сабақ)
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың сан есімнен алған білімдерін нығайту, тиянақтау, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру.
Тәрбиелік: Талдауға алынған мысалдар, мәтіндер арқылы ұлттық дәстүрді қадірлеуге, патриоттық сезімге, киелі сандардың қасиетін білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық, ойлау, қабілеттерін арттыру, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: «Топтастыру», «Сәйкестендіру» стратегиялары,
топтық жұмыс, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Перфокарталар, суреттер, слайд, флипчарттар, ашық тест, тестёр
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, математика
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбер.
Балалар жарты шеңбер бойына тұрады. Ой, балалар, сендер бүгін қандай әдемісіңдер! Қане, балалар бір - бірімізбен сәлемдесіп алайықшы.
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде.
Қуанайық достарым,
Жарқыраған күнге!

І Ұйымдастыру барысы. Оқушыларды түгендеу.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
ҰБТ - ға дайындық ретінде биылғы тест жинақ кітапшасынан тест тапсырмаларын жазып келу тапсырылған болатын.
Ойқозғау.
- Ассоциация әдісі.

III. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
- Балалар, бүгінгі сабағымыз «Саяхат сабақ». Сан есімді қайталау барысында өз білімімізді нығайту, тиянақтау мақсатында «Киелі сандар» еліне саяхатқа шығамыз. Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ, сабағымызға басқа мектептерден қонақтар келіп отыр және де сабақ барысында кездескен сандарды үш тілде айтамыз. Оқушылардан киелі сандарды сұрау.
- Балалар киелі сандарды білесіңдер ме?

Оқушылар тапсырманы орындағаннан кейін, бірінші жасырын тұрған киелі сан ашылады. (3 саны)
Тапсырма орындалғаннан кейін 3 санына байланысты ұғымдар ашылады.
Слайд түрінде көрсетіледі.
Ертегілер әлеміне келдік, қандай сүйікті кейіпкерлерін бар?
Өте жақсы, енді келесі тапсырма мынандай.
Проблемалық сұрақ ретінде мына ертегіні қалай айтар едіңіздер?
Ертегі «Балапан»
Мақсаты: Баланың ата - анасының біреуіне немесе екеуіне де тәуелділік дәрежесін анықтау.
Ағаштың басындағы ұяда құстар тұрады: әкесі, шешесі және кішкентай балапан. Бір күні қатты жел тұрып, құйын болды. Ағаштың бұтағы сынып кетіп, ұя төмен қарай құлады: бәрі жерге түсті. Әкесі ұшып барып бір бұтаққа қонды, анасы барып екінші бұтаққа қонды. Ал балапан не істейді?
Қалыпты жауап------------------------------------------------ Алаңдататын жауап
Балапан да ұшып барып, бір бұтаққа қонады.------ Балапан ұша алмайды, жерде қалады.
Анасына ұшып барады, қорыққандықтан. ----------- Ұшқысы келеді, бірақ ұшуды білмейді.
Әкесіне ұшып барады, себебі ол күшті. ------------------------Құлап бара жатқанда өледі.
Ұшуды білмеген соң жерде қалады,
әкесін (не анасын) көмекке шақырады,
ол келіп алып кетеді. ----------------------------------------------- Аштықтан, жауыннан, суықтан өледі.
----------------------------------------------------------------------------- Оны бәрі ұмытады да, біреу басып кетеді.
Оқулықтағы 183 – жаттығуды перфокарталар арқылы орындаймыз.
Оқушыларға үлестірмелі қағаз таратылады.
Тақтамен жұмыс
Берілген сан есімдерді сәйкестендіру.
Мысалдар. Сан есімдер
Он - оннан есептік
Бесеу реттік
Екінің бір бөлігі жинақтық
Елу - алпыстай топтау
Екі болжалдық
Тоғызыншы бөлшектік

Сергіту сәті.
Сергіту сәтіндегі математикалық жұмбақтар.
1. Мұз айдында жеті бала,
Асыр сап жүр сырғанап,
Сырғанамай екі бала,
Жағалауда тұр қарап
Енді осы баланың
Санын айтсаң жарадың

2. екі аяқ пен екі қол,
Екі көз бен бір тілің,
Нешеу болды, қане, бол,
Санап шығар кім бұрын?

3. мына алты ақ алма,
Нұрбибі мен Жанарға.
Үш сарысы – Анарға,
Қызыл алма – Манарға.
Қанша сонда бар алма.?

4. Су құйып ем астауға,
Екі қаз ұшты аспанға.
Бір қасқалдақ, бір қазан,
Екі үйрек, бір сазан,
Бір көксерке, бір қарға,
Айт, неше құс ұшып жүр,
Неге екенін түсіндір?
- балалар осы жұмбақтарда қандай сандар жиі кездесті?

Келесі аялдамамыз 7 саны.
Презентация ашып көрсету, оқушылар жеті санын киелілігін атап, жеті алаларын айтады.
Жеті саны еліне келдік. Енді осы елдің тапсырмаларын орындап, жеті санының қасиетімен танысамыз. Жеті санына байланысты ұғымдар ашылады. Слайд түрінде көрсетіледі
Оқулықпен жұмыс. Мәтінмен жұмыс.
157 - жаттығу. Мәтіндегі сан есімдерді теріп жазып, құрамдық, мағыналық түрлеріне қарай ажырату.
Электрондық оқулықпен жұмыс.
Жұмбақтар шешу.
Жұмбақтар.
1. Таңертең төрт аяқты,
Түсте екі аяқты,
Кешке үш аяқты.
(Адамның сәбилік, жастық, кәрілік, шағы)
2. Басы да екеу,
Аяғы да, екеу.
(Қайшы)
3. Кездеспейді екеуі,
Көк аспанда мекені.
(Ай мен күн)
4. Қатар тұрып екеуі
Бірін – бірі көрмейді,
Көр десең де көрмейді.
(Екі көз)
5. Үй ішінде
Отыз екі батыр.
Кіргендерді
Отап, турап жатыр.
(Тіс)
6. Үш – төрт қана тісі бар,
Шөп көтерер күші бар.
(Айыр)
Берілген сан есімдерді сөзбен жазыңыздар.
Отыз бала – 30 бала
Жүз бірінші бет – 101 - бет
Жетінші сынып – 7 - сынып
Сегізінші наурыз – 8 наурыз
Екі мың он бірінші жыл – 2011 жыл
Жиырма бесінші полк – 25 - полк
Он бесінші қатар - 15 - қатар
Оныншы ғасыр - Х ғасыр
Тапсырма орындалған соң, 40 саны ашылады.
40 санына байланысты халықтық дәстүрлер туралы айтылады. Оқушылар өз білгендерін баяндайды.
1. Қырықтың бірі қыдыр.
2 Баланы қырқынан шығару.
3. Қызға қырық үйден тыю.
ҮІ. Мақал – мәтелдерді толықтыру.
1.... жасар бала келсе,
... шал алдынан шығар.
2....... білмеген жетесіз.
3.... рет өлшеп,... рет кес.
4. Ер жігіттің... сөйлегені өлгені.
5....... тістен шыққан сөз... рулы елге тарайды.
6. Ел құлағы...
7.... бірі қыдыр.
Шығармашылық жұмыс.
«Қырық өтірік» ертегісін құрастыру.
Бекіту. Тест тапсырмасы.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.
Сұрақтар қойылады:
- Сан есім дегеніміз не?
- Сан есім құрамына қарай қандай топтарға бөлінеді?
- Сан есім мағынасына қарай қандай топтарға бөлінеді?
- Сан есім сөйлемде қандай қызмет атқарады?

Түртіп алу әдісі INSERT
Білемін -------------- Білдім -------------- Білгім келеді.

Бағалау.
Үй тапсырмасы. құрамында сан есімі бар не мақал, не нақыл сөз бойынша ребус құру; тарихи жәдігерлер туралы материал іздеу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 664
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сан есімнің емлесі. Сан есімді қайталау
Сан есімнің емлесі. Сан есімді қайталау
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, № 163 орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Ысмайылова Алтынсара
Сан есімнен өткенді қайталау
Сан есімнен өткенді қайталау
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылы, Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Құмарова Құралай Тұрғалиқызы
Сан есімнен өткенді қайталау
Сан есімнен өткенді қайталау
Сан есімнен өткенді қайталау Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сан есімнен алған білімдерін тиянақтау;
Сын есімнен өткенді қайталау
Сын есімнен өткенді қайталау
Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шынаргүл Сағындыққызы Мальшубаева
Көсемше
Көсемше
Атырау қаласы, Махамбет ауданы, Бейбарыс селосы, Чкалов атындағы орта мектебі Мемлекеттік тіл пәнінің мұғалімі Есениязова Жанат Какимқызы
«Не ұшады,секіреді, жүгіреді?»
«Не ұшады,секіреді, жүгіреді?»
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, № 7 «Балдырған» балабақшасы Өмірзақова Зибагүл Бөкембайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×