Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Олжас Сүлейменов өлеңдері

27 сәуір 2013, Сенбі
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов өлеңдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Халық жазушысы Олжас Сүлейменов туралы оқушылардың таным, білім көкжиегін кеңейту. Өлеңнің мазмұнын ұғындыру.
Тәрбиелік Оқушыларды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушыларды ой - пікір айта білуге жетелеу арқылы сөйлеу тілін дамыту, өлеңді құрылымдық, көркемдік жағынан талдауға дағдыландыру
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: баяндау, талдау, сұрақ - жауап,, жинақтау, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: буклет, кітаптар көрмесі, бейнематериал, интерактивті тақта, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, орыс тілі, халықтық педагогика.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) сәлемдесу, түгелдеу
Б) Оқушылар назарын сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
«Отаным десем ойыма...» тақырыбындағы ойтолғауларын оқыту.
Қ. Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесінің мазмұнына қатысты қайталау жұмыстарын жүргізу. Өтілген тақырыпты бекіту.

Жаңа сабақ:
1. Сабақты эпиграф арқылы бастап, ауызша жүргізілетін «Тұлғаны таныт» ойыны арқылы оқушылардың жаңа сабаққа қатысты білімдерін тексеру.
Өмірі мен шығармашылығына қатысты қысқаша мәлімет беру.

2. Автор шығармашылығына қатысты толық мәлімет берілген парақшаларды таратып, өмірі мен шығармашылығына қатысты мәліметтерді хронологиялық кестеге түсіру.

3. Хронологиялық кестемен жұмыс жасау. Берілген парақшалардағы автор шығармашылығына қатысты мәліметтерді хронологиялық кестеге түсіру.

«Арғымақ» өлеңін мәнерлеп оқыту.
Өлеңді құрылысына, көркемдігіне қарай талдату.
Дала қандай! - а
Даладағы ат қандай! - а
Нөсер шөпке белшесінен батқандай. - а
Құйғытсам бір, - б
Дала, - в
Қала - в
Болады - ау – г
Көз алдымда аунап бара жатқандай - а

От тигендей, - а
Асау қанға, - б
Етіңе, - в
Арғымағым, - г
шығып желдің өтіне,- в
Шабуылдап құрыш - болат тұяқпен- д
Пергілеші – е
Жалтақ жолдың бетіне - в
Эпитеттер: нөсер шөп, асау қан, құрыш - болат - тұяқ, жалтақ жол.

Өлеңде көсіліп жатқан дархан далада көсіле шапқан арғымақ және осыған орай лирикалық кейіпкердің (ақынның) көл - көсір қуанышты сезімі астасып тұр. Даланың әсемдігі мен кеңдігіне, арғымақтың ұшқыр арманы, жан - сезімі, дүниетанымы, мақсат - мұраты айқын көрінеді..

«Қыз қуу» дегеніміз не?
Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан - балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын – сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсаң ол ойын – сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс – тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесіне көңіл бөлуге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке әдемі адамгершілікке баулиды.

«Қыз қуу» өлеңін мәнерлеп оқу.
Өлеңнің мазмұнын ашу. (Ақынның айтпақ ойы не?)

«Қыз қуу» - қазақтың ұлттық ойыны.
Өлең жолынан қыздың сөзін тап.
Өлең жолынан жігіт бейнесін құрастыр.
қайсар бұлбұл
өр ер
кәусар
дүлдүл

Қайталау дегеніміз не? Неше түрге бөлінеді? Белгілі бір ұғымға назар аударту үшін бір сөзді не сөйлемді қайта - қайта айтуды қайталау деп атайды.
Анафора (басында қайталану)
Нағыз кәусар жігітті,
Нағыз қайсар жігітті,
Нағыз бұлбұл жігітті,
Нағыз дүлдүл жігітті

Эпифора (соңында қайталану)
Ей, ер жігіт, ер жігіт,
Ей, өр жігіт, өр жігіт!
Атыңа ерік бер жігіт,
Қуып жетіп көр жігіт!

Эпитетті табыңыздар.
Қайсар жігіт, кәусар жігіт, бұлбұл жігіт, дүлдүл жігіт, өр жігіт
Өлеңнің тармақтарынан Аллитерация мен Ассонанс табыңыздар.
Ассонанс – өлең жолында бірыңғай дауысты дыбыстардың қайталануы.
Аллитерация – бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталануы

Өлең ішінен «Дүлдүл» сөзінің мағынасын түсіндір..
1. Ерекше жүйрік жылқы, айтулы тұлпар ат. Бұл өлеңде ділмәр, шешен, батыл, батыр жігітке теңеп тұр.
Өлең ішінен «Бұлбұл» сөзінің мағынасын түсіндір.
Бұл құс атауы. Бұл жерде жігітті құстай ұшқан, тез, шапшаң қозғалатын адам бейнесін көрсетіп тұр.
Орысша мәтінде берілген «Девушка и джигит» кинофильмінен үзінді көрсету.
«Махамбетке» өлеңін оқытып талдау.
Махамбет кім?
Батыр образын бейнелеуде автор қандай көркемдік тәсілді пайдаланған?
Метафора дегеніміз не? О, даланың жолбарысы
Көкжалы

Слайд арқылы өлеңдердің орыс тіліндегі нұсқасымен таныстыру, Олжас ақынның ойының аудармада дәл жеткізілуіне назар аударту, салыстыру жүргізу.

Бекіту: Олжас Сүлейменовке қатысты бейнематериалдар көрсету, буклетпен таныстыру, кітаптар көрмесімен таныстыру
Бағалау: Сабаққа қатысу деңгейіне қарай оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: Олжас Сүлейменов шығармашылығына қатысты іздену, өлеңдерін жаттап келу
38 899
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тұңғыш ғарышкер Олжас Сүлейменов
Тұңғыш ғарышкер Олжас Сүлейменов
Оқушыларды тұңғыш ғарышкер туралы мәліметпен таныстыру. О. Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңімен таныстыру. Өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Олжас Сүлейменов «Арғымақ» өлеңі
Олжас Сүлейменов «Арғымақ» өлеңі
Оқушыларды мемлекетіміздің белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. «Арғымақ» өлеңінің негізгі идеясы мен мазмұнын ашу.
Тұңғыш ғарышкер. Олжас Сүлейменов
Тұңғыш ғарышкер. Олжас Сүлейменов
Тұңғыш ғарышкер туралы мәліметпен таныстыру. О. Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңімен таныстыру. Өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»
Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»
Жазушы Қабдеш Жұмаділовтің "Қаздар қайтып барады", "Сарыжайлау", "Шарайна", "Сәйгүліктер" тәрізді әңгіме, хикаят жинақтары, "Көкейкесті", "Бақыт жолында", "Атамекен", "Соңғы көш" романдары жарық көрді. Жазушы "Тағдыр" романы үшін мемлекеттік
Олжас Сүлейменов Арғымақ, Қыз қуу, Махамбетке
Олжас Сүлейменов Арғымақ, Қыз қуу, Махамбетке
Халық жазушысы Олжас Сүлейменов туралы оқушылардың таным, білім көкжиегін кеңейту. Өлеңнің мазмұнын ұғындыру Оқушыларды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу
Қабдеш Жұмаділов “Қаздар қайтып барады”
Қабдеш Жұмаділов “Қаздар қайтып барады”
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қоңқабаева Гүлсім Қаратайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×