Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Олжас Сүлейменов Арғымақ, Қыз қуу, Махамбетке

04 желтоқсан 2015, Жұма
Категориясы: Кембридж тәсілі
Батыс Қазақстан облысы,
Теректі ауданы, Шаған Жалпы орта білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ханов Шохан Уалиханович

Қазақ әдебиеті пәнінен 8 сыныпқа арналған сабақ жоспары
1 Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке»
2 Жалпы мақсаттар:
Халық жазушысы Олжас Сүлейменов туралы оқушылардың таным, білім көкжиегін кеңейту. Өлеңнің мазмұнын ұғындыру
Оқушыларды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу
Оқушыларды ой - пікір айта білуге жетелеу арқылы сөйлеу тілін дамыту, өлеңді құрылымдық, көркемдік жағынан талдауға дағдыландыру
3 Оқытудың нәтижесі: - Олжас Сүлейменовтың өмірі мен шығармашылығы туралы жалпылама мәлімет біледі;
-«Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» өлеңінің тақырыбын, идеясын, кейіпкерін, толғаныс пен тебіренісін таниды;
- Оқушылардың шығармашылық ойы дамиды.
4 Негізгі дерек көздері: АКТ, постер, маркер мен стикерлер, оқулық, жұлдызшалар, слайд

Кіріспе
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, Түгелдеу
Оқушылар назарын сабаққа аудару
Оқушыларды топқа бөлу.
Үш топ болып бөліну қима қағаздар арқылы бөлу (ақ, көк, қызыл)
Оқушылардың көңіл – күйлерін байқау мақсатында аралға сапар шегу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Егер мен жазушы болсам...
Қ. Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесінің мазмұнына қатысты қайталау жұмыстарын жүргізу. Өтілген тақырыпты бекіту.
Сұрақ - жауап: “Миға шабуыл”
Байтас қарт қайда сапар шегіп келеді?
Оның бөтен елге баруының себебі неде, не үшін барған деп ойлайсыңдар?
“Өрттен қалған қу томардай болып жалғыз қалдым” деуінің мәнісі не?
Байтас қарт шекараны неге бұзып өтті?
Қарияның соңғы тілегі қандай?
Сіздердің ойларыңызша, қандай адам туған жердің қадірін біледі?
Қабдеш аға тарихи Отанына қай жылы оралған еді?
Жазушының өмірі мен әңгіменің арасында қандай байланыс бар? (Әңгіменің идеясын ашу)
Қабдеш Жұмаділовтың өміріндегі елеулі кезеңдерді атап айту
Қарттың жол азығы қандай?
Қарт Байтасты не үшін кінәлі деп тапты?
Әңгіме неліктен «Қаздар қайтып барады» деп аталған?
Қарттың қырық жыл бойғы сақтаған бойтұмары туралы өз ойыңмен көзқарасың қандай
Әңгіменің идеясы қандай? Және өз туған жерлеріңнің табиғаты туралы не білесіңдер?
Егер мен жазушы болсам... Өздерің шығарманы ары қарай аяқтап көріңдер. Байтас қарттың одан арғы өмірі қандай болады?

ІІІ. Жаңа тақырып
Олжас Омарұлы Сүлейменов
Өмірі мен шығармашылығына қатысты қысқаша мәлімет беру.
Автор шығармашылығына қатысты толық мәлімет берілген парақшаларды таратып, өмірі мен шығармашылығына қатысты мәліметтерді үш топқа төмендегідей тапсырма түрінде беріп әңгімелету.

Топқа тапсырма І топ: Өміpбаянын хронологиялық кестеге түсіру
І топ оқушыларының жауабы (Оқушылар іс - әрекеті)
1936 ж. Мамырдың 18 Алматыда дүниеге келген.
1959 ж. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Геология факультетін, кейін А. М. Горький атындағы Әдебиет институтын бітіреді.
1962 — 71 жж. Казахстанская Правда ұнжариясының әдеби қызметкері, Қазақфильм киностудиясы сценарлық - редакциялық алқасының бас редакторы, Простор журналының бөлім меңгерушісі болып жұмыстар атқарады.
1971 — 81 жж. Қазақстан жазушылар одағы басқармасының хатшысы, сонымен бірге 1972 ж. Азия - Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі Қазақстандық комитеттің төрағасы болды.
1981 — 83 жылдары Қазақ КСР кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы.
1983 — 91 жылдары Қазақстан жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы болды.
1989 ж. ақпанында халықаралық Невада - Cемей ядролық қаруға қарсы қозғалысының президенті болды.
1991 ж. қазанынан Қазақстан Халық конгрессі партиясының төрағасы, құрметті төрағасы болды.
1994 ж. сәуірде шақырылған ҚР Жоғарғы кеңесі төрағалығына ұсынылады, мәжілісте өз үміткерлігін талаппен алып тастайды.
1994 — 95 жж. ҚР Жоғарғы кеңесінің Қоршаған орта және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі.
1995 ж. тамызынан бастап ҚР Италия республикасындағы, 1996 ж. сәуірінен Грекия республикасындағы, сондай - ақ Мальта республикасындағы төтенше және өкілетті елші міндетін атқарды.
ІІ топ: Ақындығы мен жыр жинақтарын әңгімелеу
ІІ топ оқушыларының іс - әрекеті (Оқушылар іс - әрекеті)
Ақындығы
«Біз жаңаша өлең жазуды Олжастан үйрендік» дейді — Сергей Марков, бұл болса Олжас өлеңдерінің тынысы өзгешелігін әйгілегендей. 1961 жылғы тырнақ алды жинағы «Арғымақтар» кітабынан бері ол жиырма шақты жыр жинағына автор болды. «Халықтың тарихы айналып келгенде ақынның үлесіне тиеді» - дейді А. С. Пушкин, оқып отырсаңыз. Олжастың өлеңдері қазақ халқының талай ғасырлық мұңы мен қуанышын, сыры мен сипатын айтады, енді сіз бір ақынның жырын ғана емес бір ұлттың сан ғасырлық салиқалы тарихын аралағандай боласыз. Олжас өлеңдері қазақ пен орыс арасында ғана емес, Еуропа елдері, Кіші Азия, Қытай, Америка елдері арасында өзінің асқақ қазақы үнін аспандата саңқылдатады.

Жыр жинақтары
«Арғымақтар», Қазақтың мемлекеттік көркем әдеби баспасы, Алматы, 1961 ж.
«Олжас Сүлейменов жинағы», Жазушы, Алматы, 1967
«Қыш кітап», Жазушы, Алматы, 1969 ж.
«Атамекен», Жазушы, Алматы, 1972 ж.
«Каждый день — утро», Правда, Москва, 1973 ж.
«Повторяя в полдень», Жазушы, Алматы, 1973 ж.
«Круглая звезда», Художественная литература, Москва, 1975 ж.
«Берега. Определение», Жазушы, Алматы, 1976 ж.
«Olzsasz Sulejmen versei» (мажар тілінде), Еуропа кёнивкадо, Будапешт, 1976 ж.
«Тұңғыш космонавт», Жалын, Алматы, 1979 ж.
«Sakalai virs smevlus» (литван тілінде), Бага, Вильнюс, 1980 ж.
«Земля, поклонись человеку!» (түркімен тілінде), Магарыф, 1985 ж.
«Свиток», Молодая гвардия, Москва, 1989 ж.
«Аргамак» (моңғол тілінде), Улань газар, Улаанбаатр, 1990 ж.
«Айналайын», Жібек жолы, Алматы, 1996 ж.
«Исправляя метафорой мир», Қаржы - қаражат, Алматы, 1996 ж.
«Im Azimut der Nomaden», Интердрюк, Лейпциг, 1997
Таңдамалы туындылары, Жібек жолы, Алматы, 2005 ж.
«Olzhas Sulejmenow gedichte» (неміс тілінде), Қазақстан, Алматы
«Fizikçinin Duası» (түрік тілінде), Ыстамбұл, 1976 ж.

ІІІ топ: жазған шығармалары мен марапаттарын әңгімелеу.
ІІІ топ оқушыларының іс - әрекеті, жауабы)
Шығармалары:
Нұрлы түндер, А., 1962;
Қылықты түн, А., 1963;
Мешін жылы, А., 1967;
Таңдамалы лирика, М., 1968;
Ақ дария аспанында, Таш., 1970;

Өлеңдерін мәнерлеп оқу. (Кітаппен жұмыс)

І топ оқушылары оқиды
АРҒЫМАҚ
Дала қандай!
Даладағы ат қандай!
Нөсер шөпке белшесінен батқандай.
Құйғытсам бір,
Дала,
Қала
Болады - ау
Көз алдымда аунап бара жатқандай

От тигендей
Асау қанға,
Етіңе,
Арғымағым,
Шығып желдің өтіне,
Шабуылдап,
Құрыш болат тұяқпен
Пергілеші
Жалтақ жолдың бетіне!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 675
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тұңғыш ғарышкер Олжас Сүлейменов
Тұңғыш ғарышкер Олжас Сүлейменов
Оқушыларды тұңғыш ғарышкер туралы мәліметпен таныстыру. О. Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңімен таныстыру. Өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Олжас Сүлейменов «Арғымақ» өлеңі
Олжас Сүлейменов «Арғымақ» өлеңі
Оқушыларды мемлекетіміздің белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. «Арғымақ» өлеңінің негізгі идеясы мен мазмұнын ашу.
Тұңғыш ғарышкер. Олжас Сүлейменов
Тұңғыш ғарышкер. Олжас Сүлейменов
Тұңғыш ғарышкер туралы мәліметпен таныстыру. О. Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңімен таныстыру. Өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Қасым Аманжолов «Өзім туралы»
Қасым Аманжолов «Өзім туралы»
Жалпы мақсаттар: Қасым Аманжолов өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру, поэзиясының ерекшелігін таныту, өлеңнің мән - мағынасын ашу, идеясын таныту.
Олжас Сүлейменов «Қыз қуу» өлеңі
Олжас Сүлейменов «Қыз қуу» өлеңі
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Қонысбаева Гүлназ
Олжас Сүлейменов өлеңдері
Олжас Сүлейменов өлеңдері
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Назарова Тұрсын Молдахметқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×