Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Ұлтын сүйген бұл ақын...» кеш

28 сәуір 2013, Жексенбі
Тақырыбы: «Ұлтын сүйген бұл ақын...»
Мақсаты:
а) Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы айту. Өлеңдерін оқушыларға жатқа айтқызу, ақын сөзіне жазылған әндерін орындау.
ә) Адамгершілікке, достыққа, бауырмалдыққа, ізгілікке тәрбиелеу.
б) Сөздік қор, дауыс мәнерін, ырғағын дамыту.
Әдісі: Мәнерлеп оқу, ән айту.
Түрі: Аралас.
Типі: Әдеби - сазды.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта арқылы Мұхтар Шаханов туралы слайдтар көрсету, ақынның «Дәуір дастандары», «Эверестке шығу» кітаптары.

Барысы:
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Мектебімізде «Ұлтын сүйген бұл ақын...» атты әдеби - сазды кешімізді ашық деп жариялаймыз.
Мұхтар Шаханов 1942 жылы Шымкент облысының Ленгір ауданындағы Қасқасу совхозында туған. Мұхтар дүниеге келген жыл заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» кітабының жарық көруімен тұспа - тұс келеді. Мұхтардың әкесі осы кітапты оқып, үлкен ойға қалады... «Балам осы Мұхтар Әуезовтей халқын сүйер азамат болсын» деп, ниетімді құптар деп ауылдағы барлық жора - жолдастарын жинап, Мұхтар деп ат қояды.

Ха - ха - ха! Көкіректе арман көп,
Біздің ауыл иттерінің аты да
Келеді ылғи «Бөрібасар», «Арлан» боп.
Бірақ әлі қасқыр түгіл, қоян алған бірі жоқ.
Төрде отырған бір кісінің күлкісі жұрттың шаттығын су сепкендей басып тастайды. Сонда әкесі ұлы жатқан бесікке сүйене отырып:
Ұлым, сенен сұранам,
Тірлігіңде бой көрсетпе жырадан.
Ұлым мені таба қылма мынаған.
Қыран болсаң, кеңістік көп қайда да,
Деп сеніммен жымиыпты жай ғана.
Осылайша, дүниеге келген перзент Мұхтар деген киелі атты иемденеді.
Ойлы жас! Өлең менің сырласымдай,
Сырлассам да құмарым тұр басылмай.
Айтып өткен ақында арман бар ма,
Жүрегінің түбіне кір жасырмай,- дегендей, Мұхтар ағамыз қай жерде, қандай көңіл күйде жүрсе де өз ойларын әрдайым қағаз бетіне жыр ғып түсіреді. Ақын ағамыздың өз өлеңдерінде адам баласының қадір тұтар екі ұлы қасиетінің бірін достық деп таниды. Ендеше, ортаға 8 сынып оқушыларын шақырамыз.

«Ұшақ үстіндегі ой», ------------
«Үнсіздік», Көшімова Әсем.
«Достық өлкесінің заңы»,--------------------------------.
Мұхтар Шаханов - халық арасына кең тараған бірқатар әндердің де авторы. «Туған күн кешінде» әнін 8 сынып оқушысы Қалиева Назымның орындауында қабыл алыңыздар!
Шығармалары дүние жүзінің қырыққа тарта тілдеріне аударылған қазақтың аса көрнекті ақыны Мұхтар Шахановтың әр кезеңде жазылған өлең, баллада, дастандарымен қатар әлем оқырмандарының ерекше қызығушылығын тудырған «Өркениеттің адасуы», «Жазагер жады космоформуласы» атты романдары да бар. 7б сыныбы оқушыларын ортаға шақырамыз.

«Даламен сырласу»,--------------------------.
«Қалдаяқов өзені»,----------------------------.
«Қазына аралы», «Танакөз» поэмасынан үзінді,-----------------------.
Асқақ ән аспанға өрлеп, асқар тербеп,
Күңіренткен сар даланың, күндер жалған!
Ән құмар әлеуметім анталап тұр,
Сайра тіл, аңыра әнім інжу - маржан - деп, Мұхтар ағамыздың сөзіне жазылған «Алма бақтың ұрылары» әнін Қазанғап атындағы саз мектебінің домбыра сыныбы оқытушысы Айымгүл апайларыңыз орындап береді.

«Ақын болу дегеніміз - туған халқының парасат биігін меңгеру» дейді. Мұхтар ағамыз өз өлеңдерінде өзімен замандас ақындарды жырға қосуымен қатар, туған халқының дәстүрін, қалаулы әдеп, ибасын тілге тиек ете білген. 8 сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.
«Айбергенов шыңы»,----------------------------.
«Наурызға ода»,---------------------.
«Біз, қазақтың екі ақыны, біргеміз»,-----------------------.
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Үннің тәтті оралған мәні оятар.
Кейі зауал, кейі мұң дертін қозғап,
Жас балаша көңілді жақсы уатар - дегендей, әсем әнге кезек берейік. Қазанғап атындағы саз мектебінің терме сыныбы оқытушысы Гүлмира апайларыңыз сіздерге ақынның сөзіне жазылған «Кешікпей келем деп ең» әнін орындап береді.
Ойсыздарды ойпаңдағы төмпешікке балаймын,
Шеттен қарап қынжылам да, жақын келіп аяймын.
Ал, біреуді Тау санаймын, тұрған қарап төбемнен,
Ақша бұлт пен көк аспанның мейіріміне бөленген.
Төмпешікті басып өтіп, Тауға өрлеп келем мен,- деген ақын өлеңдерін жүрегіне түйген биылғы түлектерімізді Мұхтар ақынның адам бойындағы жігер, намыс, ерлік, батылдық сезімдерін оятар өлеңдерін жырлауға ортаға шақырамыз.

«Төрт ана»,-----------------------.
«Жігерлендіру»,--------------------------.
Беріліп бір әсем сазды сезімге,
Ұмытыппын тұрғанымды асығып.
Міне, қызық, сөйтсем менің өзім де,
Әлгі әуенге кеткем екен қосылып,- деп Мұхтар ағамыз өзі жырлағандай, Шәмші ағамыздың әндеріне елітпес адам кемде - кем. Ақын ағамыздың сөзіне жазылған Шәмшінің «Арыс жағасында» әнін 7 б сынып оқушысы ----------------------------- орындауында қабыл алыңыздар!
Мұхтар Шаханов - елдің елдігі, азаматтың азаматтығы, адамдардың адамдығы үшін күрескер ерлік пен елдіктің ұраншысы, халықтың қамқоршысы, халқының ары мен ұяты, кең жүректі, асқақ әуенді ақын.
Поэзия - әсемдікті мүсіндеу,
Ал әсемдік - ізгіліктің қанаты.
Жыр қадірін түсінбеу
Гүл қадірін түсінбеуден әлдеқайда сорақы.
Нағыз өнер бола алмайды басқаша,
Нағыз өнер - қасиеттер жиынтығы ең игі.
Қоғам аза бастаса,
Алдыменен жыр қуаты кемиді, - дей келіп аяулы Ғабеңнің мына бір сөзі ылғи жадымызда жүруі тиіс деп есептейді ақын: «Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жағдайда ұлт ұлы болып есептелмейді». Демек, ұлтымыздың ұлылығын қорғайтын келер ұрпақ – біздер әдебиетімізді ардақтап, өнерімізді өрлете берейік! Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!
5 123
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ақиқаттың ақыны /М. Шахановтың шығармашылығына арналған әдеби - сазды кеш/
Ақиқаттың ақыны /М. Шахановтың шығармашылығына арналған әдеби - сазды кеш/
Халқымыз ақыннан кенде болған емес. Сонау ХҮ ғасырдағы жаужүрек жыраулардан бастап бүгінгі күнгі поэзия әлеміне көз салсақ, қазақ халқының бүкіл ақыл - ойы, сенім түйсігі, шаттығы мен қайғысы, жеңісі мен жеңілісі ең алдымен, ақын жүрегіне жиналғаны
М. Шаханов «Отырар» өлеңдегі биік елжандылық (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
М. Шаханов «Отырар» өлеңдегі биік елжандылық (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Мәнерлеп оқу қабілетін дамыту өз беттерімен ізденімпаздығын арттыра түсу, әдеби шығарманы талдау біліктілігін арттыру. Сабақтың типі: аралас сабақ
М. Шаханов «Махамбеттің монологы»
М. Шаханов «Махамбеттің монологы»
Мұхтар Шахановтың өмірі мен еңбектеріне қысқаша сипаттама беріп, өлеңнің негізгі мәнін ұғындыру, ақын Махамбеттің бейнесін ашу; Оқушыларға тарихымыздағы дүниетанымдарын кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту
«Жас Мұхтар» әңгімесі
«Жас Мұхтар» әңгімесі
Қызылорда облысы, Кармакшы ауданы, Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің мұғалімі Бекпанова Гулзира
Мұхтар аты – мақтаныш
Мұхтар аты – мақтаныш
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, М.О.Әуезов атындағы №6жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Карлибаева Б.У. 3 сынып Тақырыбы: «Мұхтар аты – мақтаныш»
Тілім, дінім деп соққан жүрегі
Тілім, дінім деп соққан жүрегі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің кітапханашысы Тәжиева Алтынай Шәймерденқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×