Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Астана» тақырыбы бойынша топтық пікірлесу

20 мам 2013, Дүйсенбі
Тақырыбы: «Астана» тақырыбы бойынша топтық пікірлесу.
Сабақтың мақсаты: Сабақта меңгерілетін жаңа тақырып бойынша оқушының сындық көзқарасын дамыту.
Дамытушылық: Өз бетімен іздене білуге, ой қорытуына дағдыландыру. Тілдерін дамыту. Сөздік қорларын толықтыру.
Тәрбиелік: Туған елге, Отанға деген сүйіспеншілікке баулу.
Оқыту тәсілдері: елестету, ой - түрткі.
Пайдаланылған көрнекілік: Карта, сөзжұмбақ.

Кіріспе.
I. Жаңа тақырыпқа арналған жетекші сұрақтар.
а) Бұрынғы астана, ежелгі атауы.
ә) Қайда орналасқан?
б) Көрікті жерлері
в) Астанадағы көрікті жерлер
г) «Қала» сөзіне тәуелдік жалғауын жалғау. (5 минут)

Негізгі тақырып.
II. XXI ғасыр ең жас қала «Астана» туралы не білесіңдер?
Топ бойынша Астана туралы өз деректерін толықтыру. (карта пайдалануға болады) (10 минут)
III. Әр топ өз ойларын ортаға салады.
IV. Жаңа тақырып «Астана» мәтіні ұсынылады.
(жалпы мәтінді жаңа сөздермен таныса отырып, аудару) 6 - 7 минут.
V. Топ мәтінімен танысу.«Астана»туралы нені біледі. I - II топ нені білмейді.
I - II топ оқиды.
VI. Қайта пікірлеседі.«Астана» туралы тағы не білгісі келеді.(плакатқа жазады) (үй тапсырмасы)
VII. Сөзжұмбақ. Мына төркөздерді дұрыс толтырсаңдар бүгінгі сабағымыздың негізгі тақырыбы шығады.
VIII. «Ару Астана» әні(Аудио ойнатқыштан тыңдау)
Үй тапсырмасы.? белгісі бойынша ізденіп келу.
----------- Астана.
I.
1. Астананың бұрынғы атауы. ------------------------------------ бұрынғы атауы - прежнее название
«Қараөткел» деп аталған.
2. Бөгенбай батыр соғыстан жаралы болып ----------------- жаралы болып - был ранен
осы өткел арқылы еліне өткен екен.
3. Сондықтан Есіл өзеніндегі бұл өткел ----------------------- сондықтан - поэтому
Қараөткел деп аталған.
II.
4. Ертеде Нияз деген Абылай ханның -------------------------- ертеде - давно
батыры осы Қараөткелге жерленіпті. -------------------------- жерленіпті - был похоронен
Зираты ақ тастан қаланған екен. --------------------------------- зираты - могила
Сондықтан бұл жер Ақмола атанған. --------------------------- ақ тастан қаланған - сооружен
-------------------------------------------------------------------------------- из белых камней
III. 1961 жылы тың игерушілер қаланы ------------------------- тың игерушілер - целинники
Целиноград деп атаған.
IV. Қазақстан егеменді мемлекет ---------------------------------- егемен мемлекет -
болғаннан кейін бұрынғы атауымен ------------------------------ суверенное государство
Ақмола деп аталған.
V. 1997 жылы 10 желтоқсанда ------------------------------------------- жарияланды - обьявлен
Ақмола Астана деп жарияланды.

VI. Астанада ақын Сәкен Сейфуллин,
Палуан Қажымұқан,---------------------------------------------------------- палуан - борец
ұшқыш Талғат Бигелдинов туған.
Астана Қазақстанның солтүстігінде,
Есіл өзенінің бойына орналасқан.
Оқушы жұмысы. Астана.

III. Қорытынды.
1. Астана мен Семей қаласының ұқсастық жақтары.
А) ауа райы суық.
ә) жазық жерде орналасқан
б) бірі - Ертіс, бірі - Есіл өзенінің бойына орналасқан.

Айырмашылығы:
А) бірі - солтүстікте
Бірі - шығыста
IV. Не білгім келеді?
1. Неге Семей астана болмады?
2. Семей жерінде ежелгі кітапханалар болған ба?
Қорытынды.

Сөзжұмбақ
А Қ М О Л А
ЕСІЛ
ҚАРАӨТКЕЛ
ҚАЖЫМҰҚАН
С Ә К Е Н
Ц Е Л ИНОГРАД
1. Астананың ескі (ежелгі) атауы.
2. Астанадағы өзен.
3. Ежелгі атауының бірі.
4. Танымал палуан.
5. Ақын.
6. Ежелгі атауы.

(портреттері)
Сәкен Сейфуллин
Қажымұқан Мұңайтпасов

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 797
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Астана – бас қала
Астана – бас қала
Қарапайым тілдік құрылымдар мен мәтіндер, суреттер негізінде қала туралы өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Септік жалғауын қайталау.
Астана – көрікті қала
Астана – көрікті қала
Астана қаласындағы «Бәйтерек» монументі туралы ақпарат беру. Отанымыздың бас қаласы Астана туралы түсініктерін жетілдіру.
Астана - сұлу қала
Астана - сұлу қала
Астана - сұлу қала «Астана дегеніміз - Астана. Қазақша әдемі естіледі. Қомақты ауыз толады, қысқа да нұсқа, әуезді. Орысша да, ағылшынша да солай естіледі. бұл атауда батылдық, мығымдық және айқындық рең бар» - деп жазды Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев.
Астана
Астана
Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің 1 класс оқушысы Әділханова Дильназ Алмазқызы
Астана - бас қала
Астана - бас қала
[right]Солтүстік Қазақстан, Павлодар қаласы Спортта дарынды балалар үшін мамандандырылған мектеп – интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әлімқұлова Динара Ерсаинқызы
Астана – бас қала
Астана – бас қала
Балқаш қаласы, С. Сейфуллин атындағы №7 мектеп – гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі Тлеукулова Қымбат Абетовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×