Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөз сыры (арнаулы курс 5 класс)

22 мам 2013, Сәрсенбі
Түсінік хат
«Қазақстан Республикасы жалпы Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына» сәйкес және Қазақстан Республикасының әдістемелік нұсқау хатын басшылыққа ала отырып, мектеп компонентінің 1 сағаты «Сөз сыры» атты курсына арналды. Аптасына 1 рет. Сағат саны жылына - 34 сағат.

Ауыз әдебиетінің інжу - маржаны деуге боларлық бір түрі – шешендік сөздер. Бұл сөздердің қаны мен жаны - төзім, мәрттік, кеңдік, адалдық, ақ жүрек қайырымдылық сияқты халықтық қасиеттер. Сол сөздердің астарын, сөз сырын ұғыну өте күрделі қасиет болып табылады. Қазақтың атақты билері Төле би, Қазыбек би, Әйтекеден қалған сөз дәстүрі ғасырлар бойы үзілген емес. Олардың қастерлі мұралары, даналықпен қара қылды қақ жарған әділдіктің айғағы шешендікпен айтылған сөздерін оқушылардың бойына сіңіріп, сол арқылы өз еліміздің айтулы тұлғаларын қастерлеуге, көркем сөйлеуге және сөз сырын түсіне білуге үйрету.

Қазақтың тілі қонымды да, сұлу толымды тіл. Сөз кестелеп өріп,, өрнектеп, өлмейтін, өшпейтін ғажайыптар тудырады. Асыл мұра, қазынасы сарқылмайтын алтын сандық - ауыз әдебиетінің мол мұрасы.

Бағдарламаны берудегі мақсаты мен міндеттері:
1. Ата - бабамыздың ауыз әдебиетін - ғажайып мұрасын қастерлеу.
2.«От ауызды, орақ тілді» би, шешендердің ел арасында сақталып қалған асыл сөздерімен таныстыру.
3. Қара қылды қақ жарған сөз сырының астарын түсіне білуге баулу.
4. Әлі де болса үлкен іске бастар, тарихымыздың тереңіне сүңгітер билер сөзін жүйелей ширақтап, халқымыздың асыл мұраларын сүйетін оқушыларға ұсыну.
Бағдарламаны берудегі әдіс-тәсілдер:
1. Тапсырмалар орындату.
2. Мәнжазба жаздыру
3. Баяндамалар.
4. Шығарма жазу.
5. Диалог.
Бағдарламаны берудегі күтілетін нәтиже:
1. Оқушылардың шығармашылық, іздендіру, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
2. Өз бетінше қосымша мағлұматтар іздеп, оны саралап, ең керекті деген ой түйіндерін жеткізу.
3. Оқушылардың сөздік қорын молайту.
4. Жақсы әдеттер мен жаман қасиеттерді айыра білу.
5. Сөйлегенде ойланып, әр сөзге жете мән беру.
6. Ана тіліне құрметпен қарау.
7. Мақал мен мәтелді айыра білу.
8. Ауызша, жазбаша тілін жетілдіру.
9. Әдет - ғұрыптардың өзіндік ерекшелігін білу.
10. Қазақ халқының тарихи мұрасын тіл арқылы танытып, меңгерту.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 676
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үйде оқыту бойынша күнтізбелік – тақырыптық жоспар
Үйде оқыту бойынша күнтізбелік – тақырыптық жоспар
Үйде оқыту бойынша күнтізбелік – тақырыптық жоспар
Негізгі орта білім беру деңгейінің «Адам және қоғам» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламалары (5 – 9 - сыныптар)
Негізгі орта білім беру деңгейінің «Адам және қоғам» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламалары (5 – 9 - сыныптар)
Оқу бағдарламасы Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар. Математика 5 – сынып
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар. Математика 5 – сынып
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар Математика 5 – сынып (аптасына 6 сағат, барлығы 204 сағат)
1 сынып оқушыларына арналған "Шешендік сөздер" бағдарламасы
1 сынып оқушыларына арналған "Шешендік сөздер" бағдарламасы
Екібастұз қаласының №28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Арынова Гүлбану Серікқызы
Стиль және сөз мағынасы, арнаулы курс (9 класс)
Стиль және сөз мағынасы, арнаулы курс (9 класс)
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Басшилі ауылы, Ы. Мұхамеджанов атындағы негізгі мектеп, қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімі Қаражанова Бибігүл Төлегенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×