Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сый, тый және бұлардан тараған сөздердің жазылуы

03 маусым 2013, Дүйсенбі
Десант сабақ
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: сый, тый және бұлардан тараған сөздердің жазылуы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сый, тый және бұлардан тараған сөздерді сауатты, дұрыс жаза білуге үйрету.
Сабақтың тәрбиелігі: Ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа, сыйластыққа, жауапкершілікке түсіне білуге тәрбиелеу
Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың сауаттылығын, сөз байлығын, ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың әдістері: Сұрақ - жауап.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пән аралық байланысы: Ана тілі, математика, музыка.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, сызбалар, сөзжұмбақ, ереже, үлестірмелі материалдар.

Сабақтың барысы.
• Ұйымдастыру.
А) сыныпты сабаққа әзірлеу.
Ә) балалардың назарын сабаққа аудару.
• Өткен сабақты қорытындылау.
Екі И дыбысымен таныстық, И дауысты, Й дауыссыз дыбыс
Оқушыларға сұрақтар қою, жауап алу
• Қазақ тілінде қанша дыбыс бар?
• Дыбыстар нешеге бөлінеді?
• Неше И дыбысы бар?
• И - дыбысы қандай дыбыс?
• Й – дыбысы қандай дыбыс?

Сөзжұмбаққа назар аудару.
Саусаққа тағатын бұйым.
Құлаққа тағатын бұйым.
Су көлігі не?
Ешкінің төлі не?
Қойдың төлі не?
Қорқақ аң?
• Сөзжұмбақтан қандай сөз шықты? (сыйлық)
• Сыйлық дегеніміз не?
• Сыйлық сөзінің жазылуына назар аударыңызшы.

• Жаңа сабақ.
Кестемен жұмыс. Бүгінгі сабағымыз сый, тый және бұлардан құралған сөздердің жазылуы.

Тыйым
Тыйылу
Тыйыл
Сыйлық ------------- Сыйды
Сыйла ----------------Сыйдыр
Сыйлаушы ---------- Сыйымды
Сыйланды ----------- Сыйымы
Сыйлау --------------- Сыйғыз
Тыйылды
Тыйылту

Сергіту сәті
Оқулықпен жұмыс
а) ережені оқу
ә) жаңа сабаққа жаттығулар жүргізу.
81 - жаттығу (жазбаша). Көру диктанты.
1. Сый, сыйлық, сыйла
2. Сый, сыйды
3. Тый, тыйым, тыйылды
Үш сөзге сөйлем құрау.
Үлкенді сыйла. Киім сыйды. Су тыйылды.

82 - жаттығу (ауызша). Жұмбақты шешу, «сыйымды» сөзінің мағынасын түсіндіру.
Шығармашылық жұмыс. «Ұйқасын тап» ойыны. Мақалдың мағынасын түсіндіру.
Көзің ауырса...... (қолыңды тый),
Ішің ауырса...... (аузыңды тый).

83 - жаттығу (жазбаша орындау). Нүктенің орнына И мен ЫЙ - дың тиістісін қою.
1. Ол маған кітап сыйлады. 2. Сиыр өрістен қайтты. 3. Мұрат домбыраға тиек жасады. 4. Атасы Қанатқа жаман сөз айтуға тыйым салды.

84 - жаттығу (жазбаша). И, Й дыбыстарын салыстыру. Диаграммамен көрсету
Инелік, оймақ, киім, мәдениет, жайлау, иіс, қайық, әйнек, құйын.
Ребусты шешу
Тиін, ағаш «Иінағаш» сөзі шықты
Иінағаш дегеніміз не?
Бұл құдықтан су таситын, екі шетінде ілмегі бар құрал. Бұнымен екі шелекпен су тасиды. Бұл ауылдық жерде қолданады.

• Сабақты қорытындылау.
Балалар, бүгін біз не үйрендік?
Ребус шештік, сөзжұмбақ шештік, сый, тый және бұлардан тараған сөздердің жазылуын үйрендік, диаграммамен салыстырдық, «Ұйқасын тап» ойынын ойнадық.
V. Оқушыларды бағалау.
VI. Үйге тапсырма беру. «Менің сыйлығым» тақырыбына шығарма жазу, ережені жаттау.
33 630
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Я әрпінің жазылуы
Я әрпінің жазылуы
Я дыбысы мен әрпін таныту. Я дыбысының жазылу емлесін түсіндіру. Жаттығулар орындату арқылы, сөз ішінен я дыбысын өзге дыбыстардан ажырата білуге үйрету. Я әрпінің жазылу, айтылу ережелерін меңгерту.
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Жаңа технологияларды қолдана отырып Әә дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға, буын және оның түрлерін ажырата білуге үйрету.
Я әрпінің жазылуы
Я әрпінің жазылуы
Астана қаласы, Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Сулейманова Жанылай Анесовна
Қ дыбысымен таныстыру
Қ дыбысымен таныстыру
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, №1 Теректі орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Жакитова Н.К.
Ж дыбысы мен әріпі
Ж дыбысы мен әріпі
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, "Ақтоғай жалпы орта білім беру мектебі"КММ даярлық тобының тәрбиешісі: Майликутова Сайлаухан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×