Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ауа райы қандай? (Сын есімді қайталау)

10 маусым 2013, Дүйсенбі
Сабақтың лексикалық тақырыбы: “Ауа райы қандай?”
Сабақтың грамматикалық тақырыбы:“Сын есімді қайталау”

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: ауа райы туралы білімін толықтыру, алған білімдерін жүйелеу, мәтінмен таныстыру, жаңа сөздермен жұмыс жүргізу; мәтінді оқу арқылы сөйлеу әрекеттерін қалыптастыру;
2. Дамытушылық: сұраққа дұрыс жауап беруге
жаттықтыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, дүниетанымын кеңейту;
3. Тәрбиелік: табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, адамгершілікке, оқушыларды саналы ел азаматы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, сөйлеу, іздену,
оқыту, жаттығу әдісі
Сабақтың формасы: сыныптық, жекелей
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, флипчарттар, тапсырмаларға байланысты слайдтар, жазылған көрнекі құралдар.
Сабақтың технологиясы: дамыта оқыту технологиясы, интерактивті оқыту технологиясы
Сабақтың пәнаралық байланысы: қазақ әдебиеті, орыс тілі, география

Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Тілашар
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
- Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Жылдың қай мезгілі?
- Көктем айларын кім атайды?
- Бүгін ауа райы қандай?

2) Психологиялық ахуал
Бір бірімізге қарайық,
Жылы лебіз айтайық.
Бүгінгі күн сәтті болсын,
Отбасымыз аман болсын.

II кезең. Жаңа сабаққа кіріспе.
1. Суреттегі сөздерді қолданып, үлгідегідей сұхбат құраңыз.
- Бүгін ауа райы қандай?
- Бүгін ауа райы жылы.

- Кеше ауа райы қандай болды?
- Кеше ауа райы жылы болды.

- Ертең ауа райы қандай болады?
- Ертең ауа райы жылы болады.

Тыңдалым.
Жыл мезгілдері: қыс, көктем, жаз, күз. Қыста күн суық. Қар жауады. Көктемде күн жылы. Құстар келеді. Жазда күн ыстық. Гүл көп. Күзде күн салқын. Жаңбыр жауады.

III кезең. Жаңа сабақ.
Лексикалық тақырыбы: Ауа райы қандай?
Грамматикалық тақырыбы: Сын есімді қайталау.

Жазылым.
Берілген сөздерді пайдаланып, үлгідегідей жазыңыз:
Үлгі:
А: Астананың ауа райы Шымкенттегідей емес. Онда жаңбыр көп жауады.
В: Шымкенттің ауа райы Астанадағыдай емес. Онда күн ашық.
Тірек сөздер:
1. Астана - Шымкент - ауа райы - жаңбыр жауу - күн ашық
2. оңтүстік - солтүстік - ауа райы - жылы - салқын
3. қыста - жазда - ауа райы - суық - ыстық

ІІІ кезең. Жаңа сабақ.
Мәтінмен жұмыс.
1. Мәтінді түсініп оқу
2. Сөздік жұмысы
3. Мәтінді аудару
4. Мәтінді мазмұндау
5. Тапсырмалар орындау

Оқылым.
Мәтінді түсініп оқып, аударып, мазмұнын айтыңыз.
Бір жылда төрт мезгіл бар. Олар жыл ішінде ауысып тұрады. Әр жыл мезгілінде ауа райы өзгереді. Қыс келгенде, күн суытады. Қар жауып, мұз қатады. Қыстан кейін көктем келеді. Күн жылынып, қар ериді. Күн күркіреп, найзағай ойнайды. Көктемнен кейін жаз келеді. Күн ысиды. Жаздан кейін күз келеді. Күн салқындайды. Аспан жиі бұлттанады. Суық жел соғады.

III кезең.
Сөздік жұмысы:
мезгіл –... найзағай –...
ауысып тұрады –... ысиды –...
өзгереді –... жиі –...
кейін –... бұлттанады –...
ериді –... жел соғады -...

Ауа райы қандай?

Ауа райы туралы “5 жол стратегиясымен жұмыс”
1. Зат есім
2. 2 сын есім
3. 3 етістік
4. Сөйлем
5. Синоним

1. Бір жылда төрт _____ бар.
2. Әр маусымда ______ өзгереді.
3. Қыста күн ______.
4. Қыста қар ______, мұз ______.
5. Көктемде күн ______.
6. Көктемде найзағай ______.
7. Жазда күн ______.
8. Күзде күн ______.

Сөйлемдер мен суреттерді жұптастырыңыз.
1. Күн ыстық болады.
2. Жаңбыр жауады.
3. Қар жауады.
4. Кемпірқосақ шығады.
5. Жел тұрады.
6. Найзағай ойнайды.

Төмендегі суреттер бойынша әңгіме құраңыз. Төмендегі сөздерді қолданыңыз.
А) Жылы, жаңбыр жоқ, күн ашық, оның көңіл - күйі жоқ, оның сөйлегісі келмейді, көктемнің келгеніне қуанбайды;
Ә) Ол жаурамайды, ол күледі, көңіл - күйі жақсы, ол мәз, ол көктемнің келгеніне қуанышты;
Аралас сөздерден сөйлем құраңыз.
1. ыстық / ауа райы / жазда / болады.
2. көктемде / жауады / жиі / жаңбыр.
3. сарғаяды / ағаштың /күзде/жапырақтары.
4. ауа райы / бұлтты / кеше / болды.

V кезең. Бекіту.
Мәтінді пайдалана отырып, сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтаңдар.

Дұрыс Бұрыс
Бір жылда төрт мезгіл бар.
Әр жыл мезгілінде ауа райы өзгермейді.
Қыстан кейін жаз келеді.
Қыс келгенде күн суытады.
Көктемнен кейін жаз келеді.

Бос орынға керекті сөзді (сын есім) жазыңыз.
1. мұз ______________
2. қар ______________
3. найзағай __________
4. жел ______________
5. жаңбыр ___________

Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Жазда ауа райы қандай болады?
2. Көктемде не жауады?
3. Қар қашан жауады?
4. Құстар қашан жылы жаққа ұшып кетеді?
5. Қазақстанның ауа райы қандай?
6. Өзіңіздің туған жеріңіздің ауа райы қандай?

Тест тапсырмалары.
І нұсқа
1. Қазақ тілінде неше әріп бар?
А) 26 Ә) 42 Б) 36 В) 39 Г) 41
2. Үндестік заңы нешеге бөлінеді?
А) 2 Ә) 4 Б) 3 В) 5 Г) 6
3. Қазақ тілінде дауысты дыбыстар нешеу?
А) 5 Ә) 6 Б) 7 В) 8 Г) 12
4. Кімде? Неде? қай септіктің сұрақтары?
А) Ілік с. Ә) Барыс с. Б) Табыс с. В) Жатыс с.
Г) Шығыс с.
5. Анаңның анасы кім?
А) ана Ә) әпке Б) әке В) сіңлі
Г) әже

ІІ нұсқа
1. Қазақ тілінде неше септік бар?
А) 1 Ә) 3 Б) 5 В) 7 Г) 9
2. Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
А) 3 Ә) 5 Б) 4 В) 7 Г) 12
3. Жіңішке дауысты дыбыстарды тап:
А) ә, ө, ү, і, е Ә) ы, і, е, а Б) ү, ұ, у, ы, і В) ө, і, е, и, ы
Г) а, о, ұ, ы, ү
4. – нан, - нен, - дан, - ден, - тан, - тен қай септіктің жалғаулары?
А) Ілік с. Ә) Шығыс с. Б) Барыс с. В) Атау с.
Г) Жатыс с.
5. Қазақ тілінде екпін қай буынға түседі?
А) Алдыңғы Ә) Орта Б) Соңғы В) Басында
Г) Үстінде

Тест жауаптары:
І нұсқа ------ ІІ нұсқа
1) Ә ---------- 1) В
2) А ---------- 2) А
3) Г ----------- 3) А
4) Ж ---------- 4) Ә
5) Г ----------- 5) Б

VІІ кезең. Бағалау.
Оқушы білімін бағалау.
VIIІ кезең. Үйге тапсырма беру:
1 - сабақ, 4 – тапсырманы орындау
Қай жыл мезгілін жақсы көресіз? Айтып беріңіз.
Жаңа сөздерді жаттап келу.

Психологиялық тренинг:
1) Маған бәрі түсінікті болды - оң қолымызды көтереміз.
2) Мен кейбір тапсырмаларды түсінбей қалдым, сұрауға ұялдым - сол қол көтереміз.
3) Мен үшін бүгінгі сабақ қызықты өтті дегендеріміз - орнымыздан тұрамыз.
15 098
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстанның болашағы – жастардың қолында «Болашақ» бағдарламасының степендиялары
Қазақстанның болашағы – жастардың қолында «Болашақ» бағдарламасының степендиялары
Қазақстан мемлекеті туралы алған білімін тиянақтау, мәтінмен таныстыру, жаңа сөздермен жұмыс жүргізу. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Қазақстан Республикасы (тәуелдік жалғауды қайталау)
Қазақстан Республикасы (тәуелдік жалғауды қайталау)
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы, №4 Хромтау орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тюлемисова Ғайни Сайнғалиқызы
Шәкәрім Құдайбердіұлы “Қалқаман - Мамыр” поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлы “Қалқаман - Мамыр” поэмасы
Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы КММ “Амангелді орта мектебі Бибосинова Г. Т.
Ауа райы қандай тамаша!
Ауа райы қандай тамаша!
Сыныбы: 6 Пән мұғалімі: Г. К. Қасенова
Ту тіккен Рақымжан
Ту тіккен Рақымжан
Рахымжан Қошқарбаев туралы мағлұмат беру, «Ту тіккен Рақымжан» мәтінімен таныстыру. Ұлы Отан соғысы туралы алған білімдерін бекіту, мәтін бойынша жұмыс жасау, талдау жұмыстарын жүргізу.
Қазақстан су қоймалары. Тәуелдік жалғау
Қазақстан су қоймалары. Тәуелдік жалғау
Өскемен қаласындағы «№ 26 орта мектеп» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кабдуахитова Назым
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×