Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан Республикасы (тәуелдік жалғауды қайталау)

10 маусым 2013, Дүйсенбі
Сабақтың лексикалық тақырыбы: “Менің Отаным - Қазақстан
Сабақтың грамматикалық тақырыбы: “Тәуелдік жалғауды қайталау”

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: туған ел туралы білімін толықтыру, алған білімдерін жүйелеу, мәтінмен таныстыру, жаңа сөздермен жұмыс жүргізу; мәтінді оқу арқылы сөйлеу әрекеттерін қалыптастыру;
2. Дамытушылық: сұраққа дұрыс жауап беруге жаттықтыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, дүниетанымын кеңейту;
3. Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, адамгершілікке, оқушыларды саналы ел азаматы болуға тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ. Әдісі: сұрақ - жауап, сөйлеу, іздену, жартылай практикалық әдіс. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, орыс тілі, география.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін нешеі?
- Аптаның қай күні? Жылдың қай мезгілі?
- Қыс айларын кім атайды?
- Ауа райы қандай? Жерде не жатыр?
- Біз қай қалада тұрамыз?
- Алматы қаласы қай Республикада орналасқан?
- Алматы Қазақстанның қай жерінде орналасқан?
- Қазақстанның астанасы қай қала?
- Астана қаласы Қазақстанның қай жерінде орналасқан?
(Тақтада Қазақстан Республикасының картасы ілулі тұрады, оқушылар шығып қалаларды көрсетеді.)
- Бүгін сендермен Қазақстан Республикасы туралы әңгімелейміз.
- Отан дегеніміз не?
Оқушының жауабы: - Отан – сенің ата - анаң,
Отан – досың, бауырың.
Отан – өлкең, астанаң,
Отан – аудан, ауылың.
Отан туралы «5 жол стратегиясымен» жұмыс:
Отан --------------------------------------------------- 1 Зат есім;
Кең, байтақ, ----------------------------------------- 2 Сын есім;
Дамиды, гүлденеді, өркендейді, ------------- 3 Етістік;
Менің туған Отаным – Қазақстан, ------------ 4. Сөйлем
Туған жер -------- 5. Ассоциация.

(Оқушылар 3 топқа бөлініп отырады, әр топ өз тапсырмасын орындайды. Тақтаға жаңа сөздер жазылады).
- Енді, жаңа сөздермен танысамыз:
Көмір – уголь;
Мұнай – нефть;
Темір – железо;
Мыс – медь;
Кендері – ископаемые;
ерекше - особенный;
мақта – хлопок;
мақтан етемін – горжусь;
биіктеген сайын – чем выше;
мөлдір – прозрачный.

Оқушылар сөздерді тізбектеп оқып шығады. Қазақ тілінде мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды. Әр жаңа сөзбен сөз тіркесін немесе сөйлем құрастырады. «Қазақстан» деген сөзге ассоциация жазады.
Оқулықтағы мәтінмен жұмыс. 1 - тапсырма.
1. Мәтінді оқимыз.
2. Аударамыз.
3. Сұрақ қоямыз.
Әр топ «Отан» тақырыбына мақалдар айтады.
1. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
2. Отан өз ұлын ұмытпайды.
3. Отан – оттан да ыстық.
4. Отан отбасынан басталады.
5. Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас.
6. Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Келесі тапсырма.
Мәтінді пайдалана отырып, сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтандар.

Дұрыс Бұрыс
1. Біздің Отанымыз – Қазақстан. +
2. Жері байдың – елі бай. +
3. Алматыда ақ мақта өседі. -
4. Қызылордада күріш өседі. +
5. Республикамыз үлкен емес. -
6. Оңтүстікте алма өсіріледі. -

Қорытынды. Сабақты қорытындылай келе, келесі сұрақтарға жауап берейік.
Бағалау. Алған ұпайларына байланысты баға қойылады.
Үй жұмысы. 2 – тапсырма, жаңа сөздерді жаттау.
(Сұрақтар, жаңа сөздер, бес жол стратегиясы, кесте беріледі).

Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, сөйлеу, іздену, жартылай практикалық әдіс.
Сабақтың формасы: сыныптық, жекелей
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, сөзжұмбақ, тапсырмаларға байланысты слайдтар, жазылған көрнекі құралдар.
Сабақтың технологиясы: дамыта оқыту технологиясы, интерактивті оқыту технологиясы
Сабақтың пәнаралық байланысы: қазақ әдебиеті, орыс тілі, география
Сабақтың құрылымы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Тілашар
2) Психологиялық ахуал

ІІ. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білім, білік дағдыларын тексеру:
Ой қозғау. Сөзжұмбақ.
1. Ұлт.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмізі.
3. Көктем мерекесі (ай аты).
4. Қазақтың ұлы ақыны.
5. Космодром.
6. Қазақстанның астанасы.
7. Қазақстан Республикасының рәмізі.
8. Қазақстандағы теңіз.
9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмізі.
II кезең.
3) Сөзжұмбақ шешу

Қазақстан Республикасының картасы

ІІІ. Жаңа сабақ. Лексикалық тақырыбы:
Менің Отаным – Қазақстан Республикасы.
Грамматикалық тақырыбы: Тәуелдік жалғау.
• 1. Сөздік жұмысы
• 2. Мәтінмен жұмыс
• 3. Тәуелдік жалғауды қайталау
• 4. Тапсырмалар орындау
• 5. Отан туралы мақал - мәтелдер

III кезең. Сөздік жұмысы:
• Көмір –...
• Мұнай –...
• Темір –...
• Мыс –...
• Кендері –...

III кезең. Сөздік жұмысы:
• Ерекше –...
• Мақта –...
• Мақтан етемін –...
• Биіктеген сайын –...
• Мөлдір -...

III кезең. Оқулықпен жұмыс:
• 2 - тапсырма.
Жері байдың – елі бай.
• 1. Мәтінді түсініп оқу.
• 2. Мәтінді орысшаға аудару.
• 3. Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақ қою.
• 4. Тәуелдік жалғауы бар сөздерді теріп жазу.
• 5. Мәтіннің мазмұнын баяндау.

Грамматикалық тақырыбы: Тәуелдік жалғау
Жекеше түрі
І жақ - м,- ым,- ім
ІІ жақ - ң,- ың, - ің,
- ыңыз,- іңіз,
- ңыз, - ңіз
ІІІ жақ - сы, - сі, - ы, - і

Көпше түрі
І жақ - мыз, - ымыз,
- міз, - іміз
ІІ жақ - тарың, - терің,
- дарың,- дерің,
- ларың, - лерің,
- тарыңыз, - теріңіз,
- дарыңыз, - деріңіз,
- ларыңыз, - леріңіз
ІІІ жақ - сы, - сі, - ы, - і

Берілген сөздерден сөйлем құрастыру:
• 1. Менің, жерім, туған, Отаным, Қазақстан
• 2. Республикасының, Қазақстан, азаматымын, мен.
• 3. Еліміз, бай, біздің.
• 4. Қазақстан, ел, мәдениетті, білімді.
• 5. Мен, мақтан, өз, етемін, елімді.
• 6. Біздің, Қазақстан, Отанымыз.
“Отан” тақырыбына мақалдар айту
“Сен мақал - мәтелдер білесің бе?”

Отанды сүю..... ыстық
Отан оттан да отбасынан басталады
Отансыз адам – жұмақ
Әркімнің өз жері ормансыз бұлбұл
Туған жердің ауасы да туың тік
Туған жерге... шипа

ІІІ. Жаңа сабақ. Лексикалық тақырыбы:
Менің Отаным – Қазақстан Республикасы.
Грамматикалық тақырыбы: Тәуелдік жалғау.
Отан дегеніміз не?
• Отан туралы “5 жол стратегиясымен жұмыс”
• 1. Зат есім
• 2. 2 сын есім
• 3. 3 етістік
• 4. Сөйлем
5. Синоним
IV кезең. Бекіту. Мәтінді пайдалана отырып, сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтаңдар.

Дұрыс Бұрыс
1. Біздің Отанымыз – Қазақстан.
2. Жері байдың – елі бай.
3. Алматыда ақ мата өседі.
4. Қызылордада күріш өседі.
5. Республикамыз үлкен емес.
6. Оңтүстікте алма өсіріледі.

Тест тапсырмалары.
І нұсқа
1. Қазақ тілінде неше әріп бар?
А) 26 Ә) 42 Б) 36 В) 39 Г) 41
2. Үндестік заңы нешеге бөлінеді?
А) 2 Ә) 4 Б) 3 В) 5 Г) 6
3. Қазақ тілінде дауысты дыбыстар нешеу?
А) 5 Ә) 6 Б) 7 В) 8 Г) 12
4. Кімде? Неде? қай септіктің сұрақтары?
А) Ілік Ә) Барыс Б) Табыс В) Жатыс Г) Шығыс
5. Анаңның анасы кім?
А) ана Ә) әпке Б) әке В) сіңлі Г) әже
ІІ нұсқа
• 1. Қазақ тілінде неше септік бар?
• А) 1 Ә) 3 Б) 5 В) 7 Г) 9
2. Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
А) 3 Ә) 5 Б) 4 В) 7 Г) 12
• 3. Жіңішке дауысты дыбыстарды тап:
• А) ә, ө, ү, і, е Ә) ы, і, е, а Б) ү, ұ, у, ы, і В) ө, і, е, и, ы
• Г) а, о, ұ, ы, ү
• 4. – нан, - нен, - дан, - ден, - тан, - тен қай септіктің жалғаулары?
• А) Ілік с. Ә) Шығыс с. Б) Барыс с. В) Атау с.
Г) Жатыс с.
• 5. Қазақ тілінде екпін қай буынға түседі?
• А) Алдыңғы Ә) Орта Б) Соңғы В) Басында
• Г) Үстінде
Тест жауаптары:
• І нұсқа ----------- ІІ нұсқа
• 1) Ә ------------- 1) В
• 2) А ------------- 2) А
• 3) Г ---------------- 3) А
• 4) Ж --------------- 4) Ә
• 5) Г ----------------- 5) Б

V кезең. Қорытындылау.
“Қазақстан” деген сөзіне ассоциация жазу:

• VІ кезең. Бағалау.
• Оқушы білімін бағалау.

• VII кезең. Үйге тапсырма беру:
• 2 - сабақ, 3 – тапсырманы орындау,
• “Қазақстан” өлеңін жаттап келу.
• Жаңа сөздерді жаттап келу.
10 469
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
ашық сабақ жоспары беріледі. мұғалімдерге көмек ретінде
Менің Қазақстаным
Менің Қазақстаным
Жаңа сөздермен таныстыру, оларды оқушылардың белсенді сөздік қосуға жаттықтыру. Оқушылардың сөйлеу әрекетін (оқу, тыңдау) қазақша ойлауын, есте сақтауын дамыту.
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Астана қаласы, «Көпбейінді колледж»МКҚК Қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы: Айсариева П. А
Ауа райы қандай? (Сын есімді қайталау)
Ауа райы қандай? (Сын есімді қайталау)
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы, №4 Хромтау орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тюлемисова Ғайни Сайнғалиқызы
Қазақстан – біздің Отанымыз  Жіктік жалғау
Қазақстан – біздің Отанымыз Жіктік жалғау
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар кенті, Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Кошанова Нұргүл
Қазақстан су қоймалары. Тәуелдік жалғау
Қазақстан су қоймалары. Тәуелдік жалғау
Өскемен қаласындағы «№ 26 орта мектеп» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кабдуахитова Назым
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×