Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіздіктің арайлы таңы

04 қараша 2013, Дүйсенбі
Мақсаты: 1. Желтоқсан оқиғасының арқасында тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын, тәуелсіздікті бағалай білу керектігін жете ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
2. Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, отаншылдыққа, елжандылыққа, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге тәрбиелеу
3. Ой - өрісін кеңейту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру. Өзіндік ой - пікірін толық жеткізе білуге дағдыландыру.
Көрнекілігі: интерактив тақта, слайдтар, «Аллажар» к/ф үзінді Желтоқсан құрбандарының суреттері, тақырыпқа байланысты қанатты сөздер
Түрі: әдеби - танымдық сабақ

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі «Миға шабуыл»
2. «Ой қозғау»
3. «Аллажар» к/ф үзінді
4. Топтастыру
5. Монолог оқу
6. Шығармашылық жұмыс
7. Рефлексия
8. Ән

1. Қасқалдақ ұшып көлінен,
Шүрегей келіп қонған күн.
Қыранды қуып көгінен
Қарғалар билік алған күн.
Нашақор деп, ұлтшыл деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бір күнде,
Қайғыға халық батқан күн.
Қақаған қыстың ызғары
Сүйектен өтіп кеткен күн.
Қара көз қазақ қыздарын,
ОМОН - дар бастан тепкен күн.
Қариялар итке таланып,
Ер басын күрек шапқан күн.
Аппақ қар қанға боялып,
Қып - қызыл мұз боп жатқан күн.
Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің оты өшкен күн.
Жанына таппай бір шындық
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.
Қайғы езіп елдің еңсесін,
Жаншыды - ау жанын батпан мұң.
Енді қайтып келмесін
Сол бір қарғыс атқан күн.

Міне, балалар, соңына мәңгі ұмытылмас мұң қалдырып, жыл өткен сайын тарих қойнауына сіңіп бара жатқан, әр қазақтың жүрегін сыздатып, көңіліне жара салған бұл қандай күн деп ойлайсыңдар?
1986жылы желтоқсанда Алматыда қазақ жастары шеруге шықты. Олар «Қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді. Сын сағаттарда тайсалмай ортаға шығып, өздерінің талап - тілектерін айту ол кезде оңай болған жоқ. Елі олардың ерліктерін ешқашан естен шығармайды. Бүгінгі ұрпақ ерлерін есіне алып, олардың рухына бас иеді. Болашағымызды нұрландырған, тәуелсіздік әперген аға - апаларымызды ұмытуға тиіс емеспіз!
«Орнында бар оңалар» деп халқымыз айтқандай бүгінде киелі әрі қасиетті елімізде 21жасар Тәуелсіздіктің арайлы таңы астында бақытты өмір сүріп жатырмыз. Олай болса бүгінгі әдеби – танымдық сабағымыз «Тәуелсіздіктің арайлы таңы» деп аталады.

Сабағымызды бастамас бұрын мен сіздерге түрлі - түсті қағаз қиындыларын таратамын түстеріне байланысты топтасып алайық.
- Ал енді алдарыңыздағы парақшаларда қандай жазу жазылған?
- Бұл 3 ұғымның бүгінгі сабағымызға қатысы бар ма?
(Алаш Желтоқсан Азаттық)

2. «Аллажар» к/ф үзінді көрсетіледі
3. Топтастыру

4. Мұғалім сөзі: Желтоқсаншылардың бәрі де батыр еді. Олар қара бастарының қамын ойлаған жоқ. Оларды «Мұзда жанған алауға теңейтіндігіміз де осыдан шығар. Кезінде белгілі қоғам қайраткері Сағат Әшімбаев: «Егер қазақ Желтоқсан оқиғасын ұмытса, өзін ұмытқаны» - деп жазған екен. Азаттық, Теңдік, Тәуелсіздік! Осы бір ұлы үш ұғымның салтанат құруы үшін шейіт болған боздақтарымыз көзден кеткенмен, көңілден кетер ме?!

Көрініс
Қатысушылар: Зиялы - Жанерке
Ләззаттың анасы – Кәусария
Ләззаттың бейнесі – Данел
Оқушылар: Әділжан, Арғын, Гүлім, Айсана

5. Топтық жұмыс
1 - топ Болашақ ақындар «Тәуелсіздік» өлең шығарады
2 - топ Болашақ Жазушылар «Қайсар рухты халқыма хат»
3 - топ Болашақ суретшілер «Болашақ біздің көзімізбен...» сурет салу

6. Қорытынды
- Желтоқсан көтерілісі адам құқы мен намысты жоғары ұстауды талап еткен қозғалыс еді. Бұрын - соңды Қазақстан білмейтін Г. В. Колбин басшы болып сайланды. Сонау 1919жылы Қазақ өлкесі болып құрылған Республикамызды 1986 жылға дейін басқарған 19 адамның 3 - і ғана қазақ ұлтының өкілі, қалғандары басқа ұлттан болған екен. Осының өзінен - ақ Кеңес үкіметінің халықты өзін - өзі басқару құқығынан айырып, өз әмірін жүргізіп, тәуелсіздік қыспағында ұстағанын айыру қиын емес. Алайда «Игіліктің ерте - кеші жоқ» деп халқымыз айтқандай, қазақ елі бүгінгі таңда егемен, дербес, тәуелсіз ел атанып отыр. Мұның өзі біз үшін зор бақыт.
- Кәне, балалар, бүгінгі танымдық сабақ сіздерге ұнады ма? Қандай әсер алдыңыздар?
Парақ қағаздар таратып беремін, соған сабақтан алған көңіл - күйлерін сипаттайды.

Әдеби - танымдық сабағымды елбасы Н. Ә. Назарбаевтың мына сөзімен қорытындылағым келіп отыр: «Садағаң кетейін, айналайын халқым! Сенің мүддең жолында бойда қуат, ойда нәр – бәрін аянбай сарп етуге пейілмін, қандай да қасіретке қабырғасы қайысса да, қаймықпай төзе білген, қажырлы да қайсар қазақ халқының алдында мен басымды иемін... Менде қазақтың елдігін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтудан басқа мақсат та, арман да жоқ»
Міне, балалар, сендер еліміздің келешек тағдыры үшін халқына, ұлтына адал қызмет етіп жүрген жалын жүректі, өршіл намысты Елбасы бар еркін елдің бақытты ұрпағысыңдар. Ал еркін елде туған ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс.
15 646
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тәуелсіздік - тұғырым
Тәуелсіздік - тұғырым
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Тәуелсіздік таңы
Тәуелсіздік таңы
Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
Тәуелсіздік таңы
Тәуелсіздік таңы
Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
Желтоқсан жаңғырығы
Желтоқсан жаңғырығы
Өткізгендер: Нұртазаева Қалдығыз Бегимбетова Нұргүл
Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым
Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы №185 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қайырқұлов Алмат
Тәуелсіздік  таңы
Тәуелсіздік таңы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №6 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дарибаева Ақгүл Абилкасимовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×