Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіздік таңы

10 қараша 2019, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: Тәуелсіздік таңы
Мақсаты:
 Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
 Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
 Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Интербелсенді тақта, шарлар, түрлі жайма қағаздар.
Кіріспе
Мұғалім сөзі
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
- Тәуелсіздік таңы атты, тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Отан дейміз - от жаққан жерімізді,
Отан дейміз – өсірген елімізді.
Отан дейміз – туған жер, атамекен,
Биік тау, орман тоғай көлімізді.
Отаным менің кең байтақ Қазақстан,
Аман өткен талай дүлей азаптан.
Бар әлемді өз аузына қаратқан,
Кім бар қане артық дейтін Қазақстан?!
Оқушылар, бұл өлеңде не туралы айтылған?
Отан дегенді қалай түсінесіздер? (оқушылар жауаптары)
1. Отан деген не?
2. Қазақстанның рәміздерін ата?
3. Қазақстан Республикасының Президентін ата.
Ту – Шәкен Ниязбеков
Елтаңба - Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков.
Әнұран - Ш. Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Н. Ә. Назарбаев

Мұғалім сөзі: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтар мен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат – мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр.
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.
- Қазақстан Республикасының гимні. Хор.
(Боран, дауысы).
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Асау аттай өз тізгінін бермеді.
Қазағымның алтын басын иілтіп,
Талай дұшпан төрімізге төрледі.
Мұғалім сөзі
1986жылы 16 - желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,- деген ұрандар айтылды.
Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға«Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,- деген кінә тағылды.
Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.

1 - оқушы Бақдәулет
Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,
Алатаудың көзінен де жас тамды.
Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді.
Тәуелсіздік күресі енді басталды.

2 - оқушы Марал
Қатыгездік жұдырығы түйіліп,
Қамшы үйірді жасқап, жекіп бұйырып,
Желтоқсанда шықты үлкен алаңға
Ата - баба аруағына сыйынып.

3 - оқушы. Ләйлә
«Нашақор»- деп, «ұлтшыл»- деп,
Қазаққа күйе жаққан күн,
Базары кетіп, бір түнде
Қайғыға халық батқан күн.

Қызылорда қаласы,
№39 «Қызылөзек» орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Есетова Айдана Аманбайқызы

Тәуелсіздік таңы. жүктеу
4 969
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
16 желтоқсан тәуелсіздік күні сценарий
16 желтоқсан тәуелсіздік күні сценарий
Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу.
Мәңгілік ел Мен өз Отанымның патриотымын тәрбие сағаты
Мәңгілік ел Мен өз Отанымның патриотымын тәрбие сағаты
Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана.
Мен өз Отанымның патриотымын!
Мен өз Отанымның патриотымын!
Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Тәуелсіздік таңы
Тәуелсіздік таңы
Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
Ертеңгі бақытты болашақ!
Ертеңгі бақытты болашақ!
Отанды қорғауға, құрметтеуге, ана сүтімен дарығын қасиетті ана тілін сүюге, қастерлеуге, үлкенді сыйлауға, талмай білім алуға, әдептілікке, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Біз - тәуелсіз елміз
Біз - тәуелсіз елміз
Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×