Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шешендік сөздер - құнды мұра, асыл қазына

06 қараша 2013, Сәрсенбі
Сыныбы: 9
Қазақ әдебиеті
Жанзақова Рахия

Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздер - құнды мұра, асыл қазына (презентациясымен)
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.

Сабақтың мақсаты: Білімділік. Оқушыларға шешендік сөздің түрлері, ерекшеліктері туралы мағлұматты тереңдете түсу, Төле, Қазыбек, Әйтеке би өмірлері жайлы мәлімет беру, олардың көркем сөзден «сарай салған» шешендіктерімен бірге қазақтың әйгілі де айбарлы билері екендігін таныту, ділмар шешендіктеріне байланысты әңгіме, аңыздарды талдата оқыту, мазмұнын меңгерту, құрылысын таныту.
Дамытушылығы: Оқушылардың шешендер сөздеріндегі оралымды өткір ойды танып, талдай білулерін жетілдіре отырып, шығармашылық ізденіске бағыттау, мәнерлеп оқу шеберлігін, сөйлеу
мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Ел тұтастығын сақтауға зор мағына берген билер келбетін үлгі тұту, істерін өнеге ету, халықтық мұра - шешендік сөздерді және халықтық салт - дәстүрімізді сақтап, шешендік өнерді қадірлеуге, ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: СТО (Блум)
Сабақтың көрнекілігі: Билер суреттері, тірек сызбалар.
Сабақтың құрал - жабдықтар: Интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, сабаққа назарын аудару.
II. Үй тапсырмасын сұрау. Зымыран сұрақтар.
1. Халық ауыз әдебиетінің салаларын ата
2. Шешендік сөздер дегеніміз не?
3. Шешендік өнердің құндылығы және қиындығы туралы айтылған сөздер.
4. Шешендік сөздердің өзіндік ерекшеліктері қандай?
5. Дүниеде не өлмейді?

III. Жаңа сабақ.
Кезеңдері ------------- Оқушылардың іс – әрекеттері.
Білім ------------------- «Үш пайғамбар» атанған билер туралы
Түсіну ----------------- «Атаның сөзі - ақылдың кені» интеллектуалды ойын
Қолда ----------------- «Үш кемеңгер, дүлділім» атты шағын көрініс
Талдау ---------------- 1. Семантикалық карта
1. Жинақтау ---------- Шешендіктің тағы бір тармағы – мақал - мәтелдер.
2. Топтастыр-----------Бағалау. «Не үйрендім, не білдім?» Осы сабақтан «Жүрегіме не түйдім?»

(Саяхатшы, зерттеуші А. Янушкеевичтің сөзі тыңдалады)
Тақтада билер суреттері көрсетіледі.
«Мен қазақ ақынының суырып салма өнерін, асқақтата салған әнін тыңдап, ерекше әсерге бөлендім, бұдан бірнеше күн бұрын екі ел егесінде шаршы топтың алдында сөз сөйлеген шешендерді көрген едім, сонда мен тумысында Демосфен, Цицерондарды естіп, білмеген жандардың жезтаңдай ділмарлығына таң - тамаша болған едім. Ал бүгін менің алдымда не оқи, не жаза білмейтін ақындар бұлбұлдап сайрап отыр. Жаратқан иесі мұндай өнер берген халық мәдениет әлеміне өгей болуға тиіс емес...»

Мұғалім сөзі: Атақты орыс зерттеушісін таң еткен шешендер мен ақындар сияқты
Жиренше шешен айтып кеткен жақсылар қатарында бір - бірінен бөле-жара қарауға келмейтін әйгілі Төле, Қазыбек, Әйтеке билерге арналған бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

Төле би, ер Қазыбек, тілді Әйтеке,
Асқар тау Қазығұрттай білім еді.
Бірі күн, бірі туған айдай болып,
Заманға сәйкесімен келіп еді
(Қазанғап Байболұлы)
Енді, сол өткен бабаларды тыңдайық

1. Топпен жұмыс.(Бейне жазбадан үзінді)
Әр топ оқушылары I топ Төле би
II топ Қазыбек би
III. топ Әйтеке билер туралы өздері дайындалып келгендері бойынша сөйлейді.
(Ауызша жауаптары тыңдалып жатқанда билер суреттерін экранға шығару.)

2. «Атаның сөзі - ақылдың кені» атты интеллектуалды ойынын жүргізбекпін.
Ойын талабы - ұяшықтарда берілген би - шешендердің сөздерін жалғастыру.
10 20 30 40 50
Сұрақтар. Өлең жолын жалғастыру.
50 Тегімді менің сұрасаң,
Дулаттан тарап өрбіген
Жаныстан шыққан Төле едім...
(Өлеңнің жалғасын айт)
50 Жаманға да бақ қонатын күн болады,
Біреудің өтірігі шын болады.
(Кімнің өлеңі, өлеңді жалғастыр)
40 Жаңбыр жаумаса,
Жер жетім
(Кімнің өлеңі, әрі қарай жалғастыр)
30 Бұқар жыраудың қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаз дауысты Қазыбек келеді.
Төсекте жатқан Бұқар жырау:
- Бірден онға дейін санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады, Қазыбек сен айтып берші? – деген. (Қазыбектің берген жауабын айт)
30 Қалмақтың ханы Қоңтажыға Қазыбектің айтқан сөзін айт.
20 Қазыбектің «кім жақын, не қымбат, не қиын?» деген үш сұраққа берген жауабын айт.
20Екі адам керіссе, оның арты қызыл шоқ,
Біз үш жүз керіспейік, келісейік.
(Кімнің өлеңі, жалғасын айт)
10 Ашу деген ағын су,
Алдын ашсаң арқырар.
(Кімнің өлеңі, жалғасын айт)
10 Суалмайтын суат жоқ,
Тартылмайтын бұлақ жоқ.
(Кімнің өлеңі, жалғасын айт)

3. Әр топ өздері дайындап келген көріністерін көрсетеді.
I топ. Әнет баба мен Төле
II топ. Қазыбек бидің төрелігі
III топ. Әйтеке билігі.

4. Семантикалық карта
№---- Шешендік сөздер, олардың тақырыптары ------- Төле би --- Әйтеке би ------- Қазыбек би
1.---- «Он жұмбақтың жауабын тапқан би кім?» ----------------------------------------------------+
2.----«Алты атасын арқалап жүргенді сендерден көрдік» -----------------+
3.----«Жаңа үйреткен жас тұлпар»------------------------------------------------------------------------+
4.---- «Ынтымағы бар елді жау алмайды» ---------------------+
5.---- «Ел шетіне жау келсе, қабырғалы биге көш» ----------+
6.---- «Күлтөбенің басында күнде жиын» ----------------------------------------+

5. Шешендіктің тағы бір тармағы - мақал - мәтелдер.
Менің сұрағыма кім мақалмен жауап береді екен?
I топ. Сиырдың сүті қай жерінде?
(Сиырдың сүті тілінде)
II топ. Не сипағанды білмейді?
(Сиыр сипағанды білмейді)
III топ. Қандай бала сүйкімді?
(Күлшелі бала сүйкімді)

IV. Жаңа сабақты бекіту.
«Үш пайғамбар» атанған үш би туралы әңгімелер мен нәрлі сөздерінен алған білімімізге сараптама жасайық. Ел мұңын мұңдаған, халқына қызмет еткен билер бойындағы қасиеттерден оларды тағы кімдер ретінде таныдық?
«Топтастыру» стратегиясы
Би

Ойшыл, ғалым
тәрбиеші
Елші, мәмілегер
Заңгер
Саясаткер, қоғам қайраткері
шешен
психолог
ақын
ойшыл

V. Қорытындылау
Рефлекция
2. Не үйрендім, не білдім?
Осы сабақтан
«Жүрегіме не түйдім?»
Оқушылар жауабынан кейін(тақтада үш бидің ескерткіш - мүсіндері шығып тұрады)
«Шынайы шешен - жарқын тұлға демекші, билеріміздің қазақ елі төріндегі жарық
жұлдыздардың бірегейлері екендігін таныдық деп ойлаймын. Жиренше шешен айтқан «жақсылар» біздің рухы күшті шешендеріміз екені даусыз. Ұрпағы - сендер ұмытпай, ұлағатты сөздерін жаттап, айтып жүрсеңдер, олардың аттарының көкейімізде мәңгі шырқап тұрғаны емес пе? Мына өздеріңе жақсы таныс ескерткіш - мүсіндегі қияға көз тіккен бабалардың отырысы ел іргесінің мығым екенін аңғартатындай. Осындай төл тілімізде сөз кестесін төгілтіп, әділдікке жүгінген азаматтар арман еткен Тәуелсіздігіміз баянды болғай.

VI. Оқушыларды бағалау.
Оқушы өзін - өзі бағалайды, сосын мұғалім бағалайды.
VIІ. Үйге тапсырма.
«Шынайы шешен - жарқын тұлға» (шағын шығарма - ойтолғау жазу)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
18 278
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Атадан қалған асыл сөз
Атадан қалған асыл сөз
Оқушыларға ата - бабамыздан қалған асыл мұралардың бірі – шешендік сөздердің құдіретін таныту, Қазақ даласында өмір сүрген дуалы, от ауызды, орақ тілді шешендердің ұрпақтан ұрпаққа, атадан балаға мұра ретінде жеткен асыл сөздерінің мағынасын ашу.
Ұлттық шешендік өнер (таңдаулы курс)
Ұлттық шешендік өнер (таңдаулы курс)
Ұлттық шешендік өнер Пән: қазақ әдебиеті Сынып: 6 сынып Аптасына: 1 сағат Барлығы: 34 сағат
Билер сөзі – нақылдың көзі
Билер сөзі – нақылдың көзі
Қызылорда қаласы, М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Керимханкызы Актоты
"Құнды мұра, асыл қазына" (Шешенге қойылатын талаптар)
"Құнды мұра, асыл қазына" (Шешенге қойылатын талаптар)
Атырау қаласы, Абай атындағы орта мектеп қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі: Салихова Айымгүл Мәдиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×