Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тіл дамыту сабағында ертегі және ойын элементтерін пайдалану

18 қараша 2013, Дүйсенбі
Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту сабағында ертегі және ойын элементтерін пайдалану
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тілге, пәнге деген қызығушылығын ояту, білім қорын байыту. Ауызша әрі жазбаша тіл дамыту жұмыстарының тиімді жолдарын қолдану. Байқампаздыққа, тапқырлыққа, ұтымды түрде жауап беруге баулу. Балалардың психологиялық ой - өрісін, ізденіс қабілетін дамыту. Білімге, өнерге деген құштарлығын, дүниетанымын кеңейту. Елін, туған жерін сүйе білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Ертегі, іздендіру, саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, музыка
Сабақтың көрнекілігі: плакат, кеспе қағаздар

Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру
2) Үй тапсырмасын тексеру
Үйге: Шешендік сөздер жаттау және сахналау
Негізгі сабақ кезеңі: Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде,
Қаратаудың ойында,
Қарасудың бойында
Темір батыр деген өмір сүріпті. Ол құс атып, аң аулағанды, аңшылықпен айналысқанды жақсы көреді екен. Күндердің бір күнінде Темірбатыр аңға кеткенде көптен аңдып жүрген мыстан кемпір айдай ажарлы, келбетті де сұлу қалыңдығын ұрлап кетеді. Темірбатыр жүйрік тұлпарына мініп, мыстандар еліне аттанады. Күннен күн, айдан ай өтеді. Бір күні алдынан биік қақпа пайда болады. Қақпа тарс жабық. Қақпада «Уа, қасиетті пендем! Егер қақпадан енгің келсе,

1. «Ізден, ойлан, тап!» тапсырмасын орында деген жазу оқиды. Қане, барлығымыз да Темірбатырға көмектеселік.
1. Пунктуация дегеніміз не?
2. Сөздердің байланысу тәсілдерін атаңыз
3. Сөздердің байланысу түрлерін атаңыз
4. Сөз тіркесі дегеніміз не?
5. Сөйлем дегеніміз не?
6. Айтылу мақсатына қарай сөйлем нешеге бөлінеді?
7. Сөйлем мүшелерін атаңыз
8. Дара, күрделі мүше дегеніміз не?
9. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері дегеніміз не?
10. Оқшау сөздің қандай түрлері бар?
11. Қаратпа сөз дегеніміз не?
12. Қыстырма сөз дегеніміз не?
13. Одағай дегеніміз не?

Темірбатыр қақпадан енген сәтте, өткел бермес суға тап болады. Ол судан өтпек болып қанша талпынғанымен судан өтуге ешқандай мүмкіншілік болмай қалады. Сол сәтте судан алтын балық шығып, судан өткісі келсе,
2. «Кеспе қағаздардағы» тапсырмаларды орындау керектігін айтады.
Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын түсіндіру.
№1. Қолды болу (ұрлану)
Бетінен оты шығу (ұялу)
№2. Ит арқасы қиянда (алыста)
Ат ізін салмау (қатынаспау)
№3. Аузының суы құру (таңдану)
Төбесі көкке жету (қуану)
№4. Сүттен ақ, судан таза (кінәсіз)
Көзді ашып жұмғанша (жылдам)
№5. Төбе шашы тік тұру (қорқу)
Жүрегінің түгі бар (батыл)
Тапсырмалар орындалып болысымен, су екі айрылып, Темірбатыр жағалауға, арғы бетке өтеді. Бұл ну жынысты, орманнан өту үшін

3. «Шығармашылық сынақхат» тапсырмасын орындау керек. Қанеки, барлығының да ер тұлғалы Темірбатырға көмектеселік.
1. Кез - келген сөз ойлаңыз
2. Ойлаған бір сөзіңізді қарастыра отырып, жаңылтпаш құрастырып, жылдам оқыңыз.
Ну жынысты, қалың орманның шетіне шыққан Темірбатыр ордалы жыланға тап болады. Тілдерінен зәрлі у шашқан, аяқ алып жүргісіз жыландар ордасынан ордабасы шығып,

4. «Өнерліге өріс кең» тапсырмасын орындау керектігін айтады.
1) Жазушылар одағының шешімімен қай ақын, жазушыларды ғасыр ақыны, ғасыр жазушысы деп таныды.
М. Мақатаев, М. Жұмабаев - ғасыр ақыны
Ж. Аймауытов, М. Әуезов - ғасыр жазушысы
2) Биылғы жыл қандай жыл деп аталуда?
3) Қандай өнерің бар? (өнер көрсету)
Осынау сезім иірімдеріне әсер еткен өлеңнен соң жыландар Темірбатырды шығарып салады. Бір мезгілде Темірбатырға ыстық леп сезіледі. Келе - келе бет қаратпас ыстық атқа тап болады, өздеріңе белгілі химиялық жолмен отты қалай сөндіруге болады?
(топырақпен, сумен немесе киізбен)
Олай болса,

5. «Мені әңгімеле» тапсырмасын орындаймыз. Тірек сөздер арқылы «Туған жер» тақырыбына әңгіме жазу.
Ыстық, сүю, алыс, балалық шақ, сағыну, қадірлі.
Оттың ыстықтығы қайтып, Темірбатыр өтіп кеткен соң, алдынан үлкен тау кездеседі. Тау теңселіп, қозғалып, оған қарай жақындап келеді. Бұл дәу екен. Дәу Темірбатырды сайысқа шақырады. Келесі тапсырмамыздың түрі

6. «Білім шыңы». Берілген үзінділердің авторы мен тақырыптарын табу
1. Соны айтып амандасып Мамыр кетті,
Күн сайын Қалқаманнан сабыр кетті.
Мамыр бүгін қыздарша киінді деп,
Қалқаманға бір күні хабар жетті.
(«Қалқаман - Мамыр» поэмасынан үзінді. Шәкәрім Қ)
2. Қазақпын деп досқа айтам ұғысатын,
Мақтан етсін атақты туыс атын.
«Қазақпын» деп жауға айтам қасақана
Біліп қойсын болса ойы жұғысатын.
(«Мен қазақпын» Ж. Молдағалиев)
3. Мін атқа, қайт ауылға тағат қыл да,
... Білмеймін, сор аттың ба? Бақ аттың ба?!
Аққуға кезенерде ырым жасап,
Тым құрса саусағыңды қанаттың ба?
(«Аққулар ұйықтағанда» М. Мақатаев)
4. Бір тойым болатын сөзсіз менің,
Дәл қай күні екенін айта алмаймын,
Бірақ, бірақ ешкімді де билетпей қайтармаймын.
Онда ортаға тасталар ұран сондай,
Қайта алмайды қартыңда бір ән салмай.
(«Бір тойым бар» Т. Айбергенов)
5. Мылтық көрсем төрлерден іліп қойған,
Менің мазам кетеді күдікті ойдан.
Ду - ду етіп,
Қайта алмаймын одан соң күліп тойдан.
(«Қызыл кітап» Қ. Мырзалиев)
6. Қамажай: Өзіміз - ақ өткіземіз.
Өзіміз - ақ. Олардың қолы тимейді.
Өзіміз - ақ.
(«Әпке» Д. Исаев)
7. Ерте, ерте, ертеде,
Отырарда
Біздің іңкәр өлкеде.
Иық бұрмай тек білімнен басқаға,
Қатар өсті екі бірдей жас бала.
(«Арман»М. Шаханов)

7.«Мақал - мәтел», «Жұмбақтар» сайысы
Барлық шартты орындаған Темірбатыр қалыңдығымен кездесіп, көзайым болып, еліне келіп, үлкен той жасайды. Халқымыздың «тойдың сәні, ажары - ән» деген болатын. Олай болса, алдағы күніміз той мен әннен ажырамасын деп ән шырқап жіберелік.

8. Бағалау
Үйге: Өтірік әңгіме немесе өтірік өлең жазып келу
Сөздік жұмысы
Мыстан - зымиян, қу
Ордалы - топтасқан
Ордабасы - ең үлкені
Көзайым - қауышу
5 437
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ертегі. Жыл мезгілдері туралы
Ертегі. Жыл мезгілдері туралы
Ерте, ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде Ақ жайықтың жағасында еліне елеулі, халқына қалаулы, бір домалақ ана өмір сүріпті. Сол анадан тараған төрт қыз бар екен
Мекен үстеу
Мекен үстеу
Оқушылардың іс - әрекеттің мезгілін, мекенін, сын - қимылын білдіретін сөз табы үстеу туралы түсініктерін кеңейту, мекен үстеу туралы түсінік беру, білімдерін қалыптастыру.
Ертегі әлеміне саяхат
Ертегі әлеміне саяхат
Ертегі туралы айту, оның түрлерін бөле білу. Ертегілердің кейіпкерлеріне мінездеме бере білуге үйрету.
Ертегі әлеміне саяхат
Ертегі әлеміне саяхат
Сәлеметсіздер ме, балалар және келген қонақтар! Біз бүгін бесінші сынып арасындағы «Ертегі әлемінде» деген КВН - ді тамашалаймыз. Ертегі деген не? Әр халықтың өзінің ертегілері бар және олардың кіріспе сөздері де әртүрлі басталады.
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ертегі сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
Ертегі мазмұнына иллюстрация жасау
Ертегі мазмұнына иллюстрация жасау
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Х. Наубетов атындағы орта мектептің бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі Борашева Гүлбаршын Ермекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×