Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы»

27 қараша 2013, Сәрсенбі
Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы» (7 - сынып)

Сабақтың мақсаты: Білімділік. Ғ. Мүсірепов өмірі мен шығармашылығына тоқталу, әңгіменің мазмұнын меңгерту, тақырыбын, идеясын ашу, аңыз туралы әдеби - теориялық ұғымдарын кеңейту; Дамытушылық. Дүниетанымын, қабылдауын, қиялын, образды ойлауын дамыту. Тәрбиелік. Аналарды сыйлауға, құрметтеуге, аталы сөзге тоқтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас
Әдіс – тәсілі: баяндау, талдау, проблемалы ізденіс
Көрнекілігі: слайд, мақал - мәтелдер
Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасып, түгендеу. Сабаққа назар аударту.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
С. Мұқанов «Саятшы Ораз» әңгімесін мазмұндау.
3. Өткен тақырыпты пысықтау.
Сұрақтар арқылы.
1. С. Мұқанов жайлы не білеміз?
2. Шығармаларын ата.
3.«Есіл бойында» әңгімесі не жайында?
4.«Саятшы Ораз» әңгімесі қай шығармадан алынған?
5. Әңгіменің композициясын баянда.
4. Сабақтың мақсатын қою.
5. Жаңа сабақ.

Кіріспе.
Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1902 жылы 22 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Ғ. Мүсірепов ауылында дүниеге келеді. 1908 - 1910 ж ауыл мектебінен дәріс алып, діни сауат ашқан. 1916 - 1918 ж екі сыныптық ауылдық орыс мектебінде, 1918 - 1921 ж жоғары бастауыш мектебінде, 1923 - 26ж Орынбор қаласында рабфакта оқыған. Омбы ауыл шаруашылық институтын бітірген. (1926). 1927 - 1928ж Бурабай орман шар. Техникумында оқытушы, 1928 - 32ж Қазақстан Мемлекеттік баспасының бас редакторы, 1933 - 34 ж сол кездегі Қазақ АКСР Оқу халық комиссариатының оқу сектор меңгерушісі, 1934 - 36 ж «қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1938 - 55 ж бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысқан.

Шығармаларын жанрлық түрлеріне қарай былайша топтастыруға болады.

Әңгімелері: «Ананың анасы», «Ер ана», «Талпақ танау»
Повестері: «Қос шалқар», «Тулаған толқында»
Романдары: «Қазақ солдаты», «Оянған өлке», «Ұлпан»
Драмалары: «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу»
Балладалары: «Жапон балладасы»
Ғылыми еңбектері: «Заман және әдебиет», «Суреткер парызы», «Дәуір дидары»

Сондай - ақ «Кездеспей кеткен бір бейне» прозалық поэмасы бар. Ғ. Мүсірепов қоғам қайраткері ретінде 1932 жылы халықтың басына төнген аштық нәубеті жайында республикаға танымал адамдармен бірлесіп, БКП қазақ өлкелік комитетіне «Бесеудің хатын» жолдады. О. Генридің, М. Горькийдің, М. Шолоховтың, А. Сафоновтың пьесаларын қазақ тіліне аударды.

Негізгі бөлім.
Мәтін мазмұнымен таныстыру. Көркем тілмен баяндау.
«Ананың анасы» әңгімесінің тақырыбы - бүкіл тіршіліктің иесі ананың алдында бас ию. Идеясы - аналарды қадірлеу, құрметтеу.
«Ананың анасы» әңгімесінің композициясы:
Шығарманың экспозициясы. Оқиға ақ бас, соқыр қарт Әйтілестің: «Оқыңдар, шулап!» деп қойып, іркіт сабасындай іркілдеген молда мен саудагер Рамазанға ертеде өткен оқиғаны жаңғыртып айтатын әңгімесінен басталады.
Байланыс: Жалпақ балуанның Ергенекті елін шабуға аттануы, қалың жылқыны барымталауы, тезек теріп келе жатқан жас қызды олжалауы.
Шиеленісу: Іздеп келіп қызын арашалай алмаған жылқышының мерт болуы, артынан қуып келген қыз анасының барымташылардың алдын орап алуы.
Шарықтау шегі: Әумесер Кейкінің үкімі - қызды шешесімен бірге ат жалына өңгертіп, күңдікке алып кету.
Оқиғаның шешімі: Сөзден жеңіліп, ойға шомып, тосылып қалған Жалпақ балуан Ана мен қызына бостандық беруі.
Әдеби - теориялық ұғымдарға тоқталу.
Шығарманың арқауы дегеніміз – оқиға желісі, оның дамуы.
Сюжетті шығармалар дегеніміз - батырлар жыры ертегілер, әңгіме, хикаят, романдар. Сюжетсіз шығармалар - көңіл күйге байланысты өлең.
Аңыз. Эпостың көне түрлерінің бірі - аңыз. Бұл да миф секілді, әсіресе, қиял араласқан фантастикалық хикая. Бірақ мифтен өзгешелігі - аңыздың негізінде шындыққа жанасымды, көбіне тіпті, өмірде болған, халық жадында сақталған оқшау оқиғалар жатады. әр халықтың тарихындағы әлдебір абзал адамдар, аса көрнекті қайраткерлер хақында да талай аңыздар туған.
Ғ. Мүсіреповтың бұл әңгімесінің аңыз деп айтылуының бір себебі - Әйтілестің аңызға айналған адамдардың басынан өткен уақиғаны әңгімелеуі.
Түсінгенін тексеру.
Жалпақ батырға, анаға үлгі бойынша образдық талдау жасау.
1. Кейіпкердің портреті.
2. Кейіпкердің мінезі.
3. Ұнамды немесе ұнамсыз іс - әрекеті.
4. Мақсаты.
Проблемалық ой тастау.
1. Оқушылар, әңгімеден тарихи шындыққа лайық салт - дәстүрлердің қандай түрлерін кездестірдіңдер?
2. Жалпақ балуанның орнында өзіңіз болсаңыз, не істер едіңіз?
3. Шығармада қай эпизод сізге ерекше әсер етті?
Дәптермен жұмыс. Мәтіндегі тірек сөздерді жазып шығу.
Ана туралы қандай мақал - мәтелдерді білеміз?
Ана тақырыбындағы бір ән шырқайық.
6. Білімді бекіту.
«Сөйлемді жалғастыр» ойыны
1. Ғабит Мүсірепов –
2. Ғ. Мүсірепов шығармаларын...
3. «Ананың анасы» әңгімесі -
4. Аңыз дегеніміз –
5. Шығарманың тарихпен байланысу себебі -
6. Шығарма кейіпкерлері –

7. Бағалау.
Кері байланыстың болуы.
8. Үй тапсырмасы.
а) Әңгімені оқып, мазмұндау.
ә) 150 сөзден тұратын «Ана махаббаты» тақырыбында ойтолғау жазу.
26 990
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәбит Мұқанов. Саятшы Ораз әңгімелері
Сәбит Мұқанов. Саятшы Ораз әңгімелері
Сәбит Мұқановтың шығармашылығы туралы жан - жақты білім беру, тақырыпты меңгерту.
С. Мұқановтың «Саятшы Ораз» әңгімесі
С. Мұқановтың «Саятшы Ораз» әңгімесі
Оқушыларға С. Мұқановтың шығармашылығы мен өмірінен мәлімет бере отырып, «Саятшы Ораз» әңгімесінің мазмұнын меңгерту. Әңгімедегі Ораз бейнесін ашу, халқымыздың саятшылық өнері туралы мағлұмат беру;
Сәбит Мұқанов. Саятшы Ораз
Сәбит Мұқанов. Саятшы Ораз
Әңгімедегі Саятшы Ораз бейнесін аша алулары тиіс. Саятшының аңшылығы, адамгершілігі, мейірімділігі мәтіннен тауып оқуы тиіс
Сәбит Мұқанов «Саятшы Ораз»
Сәбит Мұқанов «Саятшы Ораз»
Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шынаргүл Сағындыққызы Мальшубаева
Сәбит Мұқанов «Саятшы Ораз» әңгімесі
Сәбит Мұқанов «Саятшы Ораз» әңгімесі
Қызылорда қаласы, №138 Абай атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Пірімова Әсем Әбдірахманқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×